Daily Archives: 21 Қараша 2017

Көк түріктерінің тарихы

Мемлекеттік сыйлықтың ие­­гері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазу­­шы, драматург Әнес Сарай ұлт руханиятының мақ­та­ны­шына айналып отыр. Мыңжылдықтардың еміс-еміс жаңғырығын, дауысын естіп, дәйектілікпен қорытып жеткізген, сандаған дәуірлерді ауқым­ды оқиғаларымен, жойқын қанкешу­лерімен, даңқы мен абыройы жер жарған қаһарман қағандардың, баһадүр тұлғалардың алапат, толымды іс-қимылдарымен, сонымен қатар Күншығысында Сарытеңіз, Күнбатысында Қаратеңіз, оң жағында Хуанхэ мен Әмудария, солтүстігінде Мұзды Мұхит арасын жайлаған Көк түріктері империясының әлеуметтік-саяси, мәдени тарихын Орхон бітіктас жазулары мен Қытайдың Чжоу, Сүй патшалықтарының әулеттік жылнамалары негізінде мұқият салыстыра зерделеп, байтақ нақты, жанды айғақ-деректермен сөйлеткен кәрі тарихтың тамыршысы, профессор Әнес Сарайдың …

Ары қарай оқу

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САНА

Осыдан 100 жыл бұрын қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғы­мына қайта оралып, оны бостандық пен бірлік­тің ұраны, «қазақ» сөзінің синонимі етіп алды. Алаш қозғалысы туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Біз Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен азаматтарды құрметтеуіміз керек. «Алаш» қайраткерлері патшаның тақтан құлауы қазақ халқына аңсап күткен бостандықты әкеледі деп сенген еді. Бірақ олай болмады. Ұлттық идея үшін адамдар өмірлерін қиды, бірақ олар тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды одан әрмен күшейте түсті. Бұл бақытты күнге жету бүгінгі ұрпақ еншісіне бұйырды. «Алаш» аманаты – ол өзіміздің тарихи-мәдени бірлігімізді сақтау. …

Ары қарай оқу

КАВКАЗДАҒЫ ҚЫПШАҚ ІЗІ

Армяндардың күнделікті сөйлеу тілінде қыпшақ тілі «екінші ана тілі» болып саналған. Күні бүгінге дейін қазақтың кейбір сөздері тура сол мағынасында қолданылады. «Астана-Ереван» ұшағына мінгенде, ме­нің жаныма армян жігіті жайғасты. Екеуміз жөн сұрасып, бірер мәрте тіл қатыстық. Армения азаматы 20 жылдан бері ықтияр хатымен Қызылжар қаласында тұрады екен. Қазақстанда отбасы, бала-шағасы бар. Еліне, ағайын-туғандарына барып-қайтуға шыққан беті. Көп ұзамай үш жарым сағаттық қашық жолда әркім өз ісімен болып кетті. Мен кітабыма үңілдім. Әлдебір уақытта жанымдағы жолсерік жігіт мені түртті. Севан көлінің үстінен ұшып барамыз» деп, терезеден жерді нұсқады. Ол өзі ортада, …

Ары қарай оқу

ЖАНҒА ШИПАЛЫ «ШАРАПАТ»

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 2016 жылдың 9 қарашасында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» болып өзгертілген мекеменің іргетасы 1989 жылы Целиноград облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің шешімімен ­«Целиноград облысы соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған интернат үйі» болып құрылған еді. Осы мекемені 14 жылдан бері тәжірибелі маман Кенжеболат Бәпішев басқарып келеді. Мекемеде тұрғындардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға байланысты ауқымды істер атқарылып отыр. Мекеме өз қызметін «Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілденген көлем тізімі» негізінде және «Стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде арнаулы қызмет көрсету стан­дарттарына» сәйкес жү­зеге асырады. Стационар жағдайындағы ақылы ке­лісімшарт негізінде қарттар …

Ары қарай оқу

ЖӨНСІЗ ЖЕТКІНШЕКТЕР ЖҮГЕНДЕЛМЕК

Ағымдағы жылы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық саны Астана қаласы бойынша 150-ге жуықтаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма басшысы Руслан Әлкенов мәлімдеді. ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында құқық бұзушылық картасы орналастырылған. Ондағы мәліметтерге жүгінсек, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр екен. Яғни 415 қылмыс тіркелген. Жасөспірімдер қылмысы бойынша ОҚО-дан кейінгі орында ШҚО (274 қылмыс) мен Алматы облысы (254 қылмыс) тұрған көрінеді. Ал ең аз …

Ары қарай оқу

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСЫ

Білім саласындағы жарқ еткен жаңалықты, оқушы жетістігін, ұстаздардың ерен еңбегін жариялауда бас қаланың бас басылымы, отыз жылға жуық тарихы бар – «Астана ақшамы» газетінің алатын орны ерекше. Ақшамдықтар өз оқырмандарымен шығармашылық байланыс жасауды ұдайы басты назарда ұстап келеді. Бұл игі дәстүр қаламыздағы №65 мектеп-гимназиясында жалғасын тапты. Үш мыңнан астам оқушысы, 250 мұғалімі бар бұл мектеп қаламыздағы ең үлкен білім ошақтарының қатарына жатады. Білім шаңырағында өткен келелі кездесуге газеттің бас редакторы Еркін Қыдыр, шеф редакторы Әділбек Жапақ қатысты. Басылым басшысы Еркін Қыдыр кездесудің маңыздылығына тоқтала келіп, 30 жылға жуық тарихы бар …

Ары қарай оқу

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

Қала бюджетіне биылғы қаңтар-қазан айларында 189 млрд 868 млн теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 16 млрд 268 млн теңгеге немесе 9,9 пайызға ұлғайды. Оның ішінде салықтық нақты түсім 175 млрд 581 млн теңгені құрады. Бұл жерде түсім 13 млрд 595 млн теңгеге, яғни 8,9 пайызға артты. Кеше өткен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында осылай деп қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлімдеді. «Осы жыл ішінде бюджетті үш рет нақтылау өткізілді. Қорытындысында кіріс бөлігі соңғы нақтылауды есепке алғанда 26 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Жыл бойы …

Ары қарай оқу

ХОККЕЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЕЛОРДАДА БАС ҚОСАДЫ

Биылғы «Хоккей жұлдыздары аптасы» Астанада 10 мен 14 қаңтар аралығында өтеді. Бұл ауқымды спорт шарасы біздің елде бірінші рет салтанат құрады. Осы апталықтың аясында Құрлықтық хоккей лигасы және Әйелдер хоккей лигасының ең үздік ойыншыларының қатысуымен матчтар өткізіледі. Оған қоса, Жастар лигасының кубогы сарапқа салынып, шеберлік шоулар ұйымдастырылмақ. Бұл хоккей мерекесіне арналған ресми сайт іске қосылды. Жақын күндері ойын көрігі қызатын матч­тардың билеттері сатыла бастайды. Дәлірек айтсақ, онлайн сату 24 қарашадан бастап www.allstarweek.com және www.kassir.com сайттары арқылы жүргізіледі. Ал 1 желтоқсаннан бастап билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан сатып алуға болады. Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Ары қарай оқу

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 есебімен басым түсті. Астаналықтар ә дегеннен әбжілдік танытып, ойын тізгінін өздері ұстады. Әсіресе, команда сапынан Джастин Картер ерекше көзге түсті. Ол бірінші кезеңнің бел ортасына жетпей жатып 10 ұпай жинап үлгерді. Одан соң шабуыл шебіне Леонидас Каселакис дем берді. Сөйтіп, алаң иелері қарсыласынан 10 ұпай алға ұзады. Кездесудің екінші кезеңінде осы қарқындарынан қайтпады. Үшінші кезеңде де 26:14 есебі тіркелді. Қонақтар соңғы кезеңде ғана 15:26 есебімен айтарлықтай алшақтаған арақашықтықты қысқартып, «тұяқ серпіді». Ал қорытынды есепте елордалықтар …

Ары қарай оқу

МАЭСТРО

Рухани жаңғыру – «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп жеңіл ұйқасқа құрылған жеңілтек әндерді емес, қазақ сахна өнерінің інжу-маржандарын, классикалық өнер шеберлерінің әндерін насихаттау, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру. ҚР еңбегі сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай – қазақ операсы мен классикалық музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнердегі биік тұлға. Ленинград консерваториясының түлегі. Талғамы жоғары классикалық әнші. Сахнада әнді жанды дауыспен орындайды. Опера және балет театрында талай-талай керемет рольдерді сомдаған. Кезінде Ғ.Мүсіреповтің өзі үлкен баға берген. Кенжеғали – дала елінің дәстүрін, мәдениетін, дүниетанымын, сырын, бояуын бойына сіңірген жан-жақты әнші. Жақында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық …

Ары қарай оқу