Daily Archives: 18 Қараша 2017

КОКО ҚҰПИЯСЫ

23 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Коконың құпиясы» атты диснейлік мультфильмін тамашалай аласыздар. Қазақ тілінде. Иә, бұл – «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен осымен 23-рет қазақша дубляждалып отырған анимациялық фильм. Мигель есімді мексикалық баланың басынан өткен хикая ешкімді бей-жай қалдырмайды. Қашан да отбасылық құнды­лықтарды дәріптейтін «Дисней» бұл жолы «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегенді алға тартады. Сюжет желісі бойынша, Мигель танымал музыкант болуды армандайды. Алайда үй-іші оған түбегейлі қарсы. Кезінде ән айтып, би билеп, отбасын өнерімен асырап жүрген атасы бір күні үйіне оралмайды. «Ол бізді тастап кетті» деп топшалаған Эмильда әже үйдегі …

Ары қарай оқу

«…МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ БАР МҰНДА!»

«Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» деп жырлаған ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев мәңгілік ескірмейтін тақырып екеніне ешкімнің дау айта алмасы анық. Ақын Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы (режиссері Болат Ұзақов) тарихи тұлғаны қайта тірілткендей әсер қалдырып, аталмыш туынды алғаш рет сахналанғаннан бас­тап халықтың өлшеусіз бағасына ие болып келеді. ЕРЕКШЕ ЕСІМГЕ ИЕ Ал қазақтың маңдайына біткен ақиық ақынның бейнесін сомдау бақыты бұйырып, бүгінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген бірден-бір актер, ол Жанқалдыбек Төленбаев екенін өнерсүйер қауым жақсы біледі. Алаш жұртына Мұқағали бейнесімен танымал Халықаралық «Шабыт» фестивалінің …

Ары қарай оқу

ЗИМБАБВЕДЕГІ ЗОБАЛАҢ

Африканың бір бүйіріндегі Зимбабве елінде қарашаның 15-інен бері дүрбелең жүріп жатыр. Сол күні таңертең әскери күштер мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол президент Роберт Мугабенің резиденциясы жанында бұрқ ете түскен үш жарылыстан басталды. Мұның артынан бронды техникаларға мінген солдаттар елдің астанасы – Хараре қаласындағы парламент пен соттар ғимараттарына баратын жолдарды жауып тас­тап, телекомпания орталығын басып алды. Сарапшылардың пайымынша, елдегі онсыз да аумалы-төкпелі болып тұрған ахуал 6 қараша күні вице-президент Эммерсон Мнангагва отставкаға жіберілгеннен кейін қатты ушығып кеткен. Мугабе өзінің ізбасар мұрагері саналып жүрген оны мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әрекет жасады деген айыппен орнынан …

Ары қарай оқу

Кенесары хан – дипломат әрі күрескер

Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» басталады. Осы күрес 1837 жылы жазда Абылай ханның немересі, Қасымның баласы Кенесары бастаған жаңа, қуатты бас көтеруге ұласты. Кенесары күресті екі майданда – патшалық Ресей мен Ортазиялық хандықтарға қарсы, әсіресе, қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қарсы жүргізді. Қазақтардың ХVІІІ-ХІХ ғасыр­ларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел дерлік қатысты. Бұл күрес кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алды. Кенесары бастаған азаттық күресінің мақсаты – …

Ары қарай оқу

ҚАТЫСУШЫСЫ КӨП «КАРМЕН»

Әдебиет пен өнердің әдемі үйлесім тауып, жымдасқан тұсы – «Кармен» операсы. Француз жазушысы Проспер Мериме Кармен есімді сыған қызының тағдырын баяндайтын новелланы ұлы Абай дүниеге келген жылы жазып, одан тура отыз жыл уақыт өткенде әйгілі композитор Жорж Бизе бұл туындыны операға айналдырды. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар, талай елдің, талай жердің жұртын тамсандырған опера Астана сахнасына келді. Кеше «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында аталмыш туындының премьерасы өтті. Айтқанымыздай, опера алғаш рет ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Париж қаласында сахнаға жол тартты. Алайда көрермен басында туындыны қабылдай қоймады. Франция газеттері …

Ары қарай оқу

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ, дипломат: Тәуелсіздік самарқаулықты кешірмейді

Кейіпкеріміз – Сайлау Батырша-ұлы ғұмырының елу жылын мемлекеттік қызметке, оның ішінде асқан ұстамдылық пен шешімталдықты қажет ететін дипломатия саласына арнаған тұлға. Адамға мінез – болмыстан. Кеңес Одағының салтанат құрып тұрған кезінде аты-жөніне «-ов», «-ев» орысша қоcымшасын алмай, Момыш­ұлы салған дәстүрмен «ұлы» деп жазды. Мұның өзі – ерлік. Ал тәуелсіздіктің елең-алаңында Сырт­қы істер министрінің орынбасары, министрдің міндетін атқарушы ретінде әне-міне дербестікке қол жеткізгелі тұрған Қазақстанның алпауыт мемлекеттер – Америка, Қытай, Түркия, Араб елдерімен байланыс орнатуына елеулі еңбек сіңірді. «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты сұхбат кітабында ағамыз осынау қилы кезеңнің естелігін әсерлі жеткізеді. …

Ары қарай оқу

«Қауіпсіз қала» қатарында астана да аталды

Жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейдегі қоғам бетпе-бет келетін қиындықтар мен қауіп-қатерлерді талдайтын америкалық Брукингс институтының (Brookings Institution, Вашингтон – ред) ғалымдары Даррел М.Уест пен Дэниел Бернштейн әлемнің 17 қаласында цифрлы технология, мобильді байланыс және интеграцияланған шешімдер қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалай қамтамасыз ететінін зерттеп, нәтижесін жариялады. Зерттеу нысанына іліккен қалалардың ішінде Астана да бар. Зерттеуде қаладағы цифрлы технология инфрақұрылымды, қауіпсіздікті нығайту шаралары, оның тиімділігі, мәліметтерді талдау (дата-анализ), мен жергілікті бұқара халықтың атсалысу деңгейін сараптап, 120 балдық шкаламен рейтинг түзілген. Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибелерді игеруде Сингапур, Копенгаген және Лондон …

Ары қарай оқу

Жаңа аппарат қолданысқа берілді

Елімізде алғаш рет гипотермия аппараты Ұлттық ана мен бала орталығында қолданысқа берілді. Аталмыш құрылғы нәрестелерді емдеу кезінде дене қызуын толық бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта іштегі нәресте мен жаңа туған баланың гипоксия және перинаталдық инсульттен пайда болған церебралдық бұзылуы – неонатологиядағы ең өзекті мәселе. Нев­рологиялық емдеудің ең тиімді әдісі – терапевтік гипотермия. Ол дегеніміз – емделуші сәбидің ми қызуын қадағалап, оны төмендететін медициналық методика. Әсіресе, тыныс алу бұзылған кезде, жүрекке ота жасағанда, жасанды қан айналымы кезінде ми дертінің әрмен қарай асқынуына жол бермейді. Бұл құрылғыны сатып алуға «Аяла» қайырымдылық қоры …

Ары қарай оқу

ХАЛіҢ ҚАЛАЙ, ӘЛЕУМЕТ?

Жуырда «Әбу-Даби Плаза» кешенінде орын алған оқиға кезінде қоғамдық тәртіп қана емес, әлеуметтік мәселелердің де шеті шығып қалды. Осы жанжалдан кейін билік тарапынан ішкі еңбек нарығын қорғау, шетелдік ұйымдарға талап қою, жұмыс күшін реттеу жұмыстарына барынша көңіл бөлінді. Жалпы, елорданың еңбек нарығындағы ахуал қандай? Жұрттың бәріне жұмыс қайдан табыла бермек? Мүмкіндігі шектеулі жандардың халі мүшкіл ме? «Елорда ақпарат» және «Астана» радиосының бірлескен «Елорда тынысы» бағдарламасында әлеуметті алаңдатқан мәселелер талқыланды. 8 мыңнан астам бос орын бар Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов ә дегеннен елорданың …

Ары қарай оқу

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – АСТАНА

Кеше «Жастар» театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тәуелсіздігі мен Астананың 20 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Оған Астана, Алматы, Семей, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Өскемен, Қарағанды қалаларында тұратын ақындар қатысты. – Алдағы желтоқсан айында тәуелсіздігімізге 26 жыл толады. Ал астанамыздың Алатау баурайынан Арқа төсіне қоныс аударғанына – 20 жыл. Жас ақындар осы тақырыптарды жырлады, – деді ұйымдастырушы тараптан Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев. Жалпы, мүшәйраға 50-ден астам ақыннан өтініш келіп түсті. Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы бастаған …

Ары қарай оқу