Daily Archives: 9 Қараша 2017

ЖАЙРАҒАН ҮЙЛЕР

ЖАЙНАҒАН ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН БҰЗЫП ТҰР Уақыт өткен сайын көркейіп келе жатқан Астанада сәулетті ғимараттар көбейіп, қала аумағы да едәуір ұлғайып келеді. Алайда сол жағалаудағы жайраған үйлер жайнаған қаланың сиқын бұзып тұр. Адам аяғы әсте сиремейтін «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңындағы және Тұран даңғылы бойынан орын тепкен «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегінің маңындағы бұрыннан қалған саяжайлар әлі күнге дейін неліктен күреліп тасталмай тұрғаны белгісіз. Саяжай үйлерінің көбі бос тұрған сыңайлы. Кейбірінің қабырғасы қақырап, құлап та жатыр. Енді бір жері қоқыс алаңына айналған. Қараусыз қалған аумақтың айналасынан елорданың зәулім ғимараттары менмұндалап …

Ары қарай оқу

ҚАҢҒЫБАС ИТ-МЫСЫҚ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Егер үй жануарын асыраймын десеңіз, арнайы заңға сәйкес ит пен мысықты ауладан шығармай ұстағаныңыз абзал. Өйткені көшелерді торуылдаған төрт аяқтылардың қала тұрғындарына зияны тиюі әбден мүмкін. ЖАНУАРЫҢЫЗ ҮШІН ЖАУАПТЫСЫЗ Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша, елордада жыл басынан бері 1140-қа жуық ит пен мысық иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 650 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Жалпы, Астана қаласы мәслихаты бекіткен шешімнің «Ит пен мысықтарды серуендету және асырау» ережесіне сәйкес, иттерді тек тұмылдырықпен және мойын жіппен ғана шығарып серуендетуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар итімен көшеге шыққан кезде қожайыны міндетті …

Ары қарай оқу

ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ

Астана қаласының мәслихатында 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы талқыланып жатыр. Тұрақты комиссияның мәжілісінде заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелеріне көңіл бөлініп, сол салаларға бөлінетін үш жылдық мемлекеттік қаржы жайы сарапталды. Қалалық Ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров ведомство атқарған жұмыстарға тоқтала келе, департамент қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің мұң-мұқтажын айтып, депутаттардан қолдау сұрады. Қауіпсіздік саласында талмай еңбек етіп жүрген азаматтардың басым көпшілігі баспанасыз жүр. Департамент басшысы Амантай Әубәкіров жаңа үйлердің құрылысын бастауды, болмаса полицейлерге қызметтік жатақхана бөлуді ұсынды. Бұл жағдай реттелсе, жұмыстың өнімділігі артып, кадрлардың тұрақтануына сеп болатынын …

Ары қарай оқу

АЯЛДАМАЛАР АРМАНҒА АЙНАЛА МА?

Астанада аялдама павильондары саны жетіспейді. Әкімдіктің жылы және жабық аялдамаларды орнату жоспары әзірге кідіріп тұр. Кеше өткен Астана қалалық мәслихатының Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында аталмыш мәселе біраз талқылау тудырды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы бойынша Беларусь және Израиль елдерінің компанияларымен 6 мыңнан астам аялдама туралы келіссөздер жүргізілді. Аудан әкімдіктері бұл мәселені әлі де пысықтауы тиіс. Бір анығы, келесі жылдың бюджетіне оларды орнатуға қаржы салынбаған. Әсіресе, тұрғын алаптарда бұл түйт­кіл түйіні тарқамай келеді. Депутаттар бұл мәселені былтыр бюджет талқыланғанда да көтерген. Алайда «баяғы …

Ары қарай оқу

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ «ШАБЫТ» МЕРЕЙІ

Астанада бес күн бойы дүрілдеген «Шабыт» шығармашыл жастардың XX халықаралық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Әлемдік деңгейдегі шараға қатысуға Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Латвия, Литва, Армения елдерінен келген 500-ден астам үміткердің арасында дара шыққан жастарды марапаттау салтанаты «Астана» концерт залында өтті. Биыл фестиваль жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылғаннан кейін оның жолы да, жөні де бөлек болды. Ал алғашқы жылдары бағдарламасын айқындау біраз қиындықтарды тудырды. Бұл туралы «Халық музыкасы» аталымында қазылар алқасына төрағалық еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Әбдірахманов айтады. «Шабыт» фестивалі кезінде Астана қаласы әкімінің орынбасары болған белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың идея­сымен дүниеге …

Ары қарай оқу

МОМЫШҰЛЫ МАНЕВРІ

Қазақтың даңқты ұлдарының бірі, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының атын әлемге танытқан 1941 жылдың күзінде неміс басқыншыларынан Мәскеу қаласын қорғау жолындағы алты айлық айқас болды. Осы қанды қыр­ғында қолданған, кейін әскери өнер тарихында «Момышұлы серіппесі» деген атпен қалған қорғана жүріп, ұрыс салатын әйгілі маневрі әлемнің бірқатар елдеріндегі әскери білім беру оқу орындарында арнайы сабақ ретінде оқытыла бастады. Міне, сол сұрапыл күндердің басталғанына биылғы күзде 76 жыл мерзім толып отыр. Ортақ Отанымыздың сол кездері жүрегі саналған қаланың маңын қанды қасапқа айналдырған бұл бағыттағы ұрыс қимылдары екі кезеңнен тұрды. Мұның біріншісі …

Ары қарай оқу

БӨКЕЙ ОРДАСЫ

«Рухани жаңғыру» аясында киелі орындар тізіміне Батыс Қазақстан облысынан алты тарихи-мәдени ескерткіш енген болатын. Олар – ортағасырлық Жайық қалашығы, «Бөкей Ордасы» тарихи музей кешені, Жымпитыдағы Батыс Алаш Орда музейі, Тақсай қорған кешені (б.з.д. IV-V ғ.), Жұмағазы Хазірет (XIX ғ.) және Ғұмар Қараш зираты. АТАҚОНЫС Осылардың ішінде оқырмандарымызды Жасқұстағы Жәңгір хан ставкасы – қазіргі «Бөкей Ордасы» тарихи музей кешенімен кеңірек таныстыр­ғымыз кеп отыр. «Бөкей Ордасы» тарихи музей кешені облыс орталығынан 550 шақырымдай шалғайда жатқан Орда ауылында орналасқан. Тарихи деректерге сүйенсек, тақ таласында аталас ағасы Айшуаққа жол беріп қойған Әбілхайыр ханның немересі …

Ары қарай оқу

ЭКСПОНЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

ЭКСПО көрмесі кезінде «Нұр Әлем» павильонына кіріп үлгермеген астаналықтар мен қала қонақтарына тағы бір мүмкіндік! 11 қарашадан бастап ЭКСПО қалашығының туристік аймағы барша қонақтарға есігін айқара ашпақ. ЭКС-КӨРМЕ АУМАҒЫНА КІРУ ТЕГІН Болашақтың музейі «Нұр Әлем» плазасына демалыс күндері, яғни, 11-12 қараша күні кіру тегін болмақ. Бұл шешім туралы баспасөз мәжілісінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев мәлімдеді. Ал билеттер 14 қарашадан бастап жаппай сатылымға түседі. Билеттерді ресми сайттан және қалашыққа кіреберісте орналасқан кассалардан сатып алуға болады. «Нұр Әлеммен» қатар турис­тер екі қазақстандық тақырыптық павильонды, үздік тәжірибелер аймағын, …

Ары қарай оқу

«AQMOL» өз өнімін ұсынады

Астанада Ақмола облысы фермерлердің сапалы өнімдерін ұсынатын «AQMOL» дүкендер желісі ашылады. Алдағы жылы онға жеткізілетін желінің алғашқы дүкені 11 қарашада Р.Қошқарбаев көшесі 37 үйде, «Нұр Аспан» ТК мекенжайында тұтынушыларды қабылдайтын болады. «Елордалық аймақтың фер­мер­лері Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп Астанада «AQMOL» дүкендер желісін ашу арқылы сапалы өнімдерді қолжетімді етпек. Бұл азық-түліктің негізгі түрлерін жет­кізуді ұйымдастырып, ауыл­шаруашылықты қалып­тастырудағы өндірістің жаңа әдістерін пайдалану және өнімді тасымалдаудағы ең төменгі шығындар арқылы өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді» делінген «AQMOL» компаниясының хабарламасында. Дүкен сөрелеріне аймақтың үздік он тауар өндірушілері «Агрофирма «Родина» ЖШС, «Ижевский» ПК, «Астана Агро …

Ары қарай оқу

ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛЕДІ

Назарбаев орталығында бір топ зиялы қауым мен белгілі журналистер жаңа әліпбиге қатысты дөңгелек үстел басында бас қосты. «Жаңа әліпби – жаңғыру жолы» деген тақырыпта өткен жиында қатысушылар латын әліпбиіне оралуға байланысты өз ойларын ортаға салды. Алқалы жиынның модераторы болған Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев жаңа әліпби елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосатынын айтты. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Бүгінде мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жұмысшы топ бастаманы жүзеге асыруға кірісіп кетті. …

Ары қарай оқу