Daily Archives: 2 Қараша 2017

ҰЛТ ЖАУҺАРЛАРЫ

Астанадағы Әскери-тарихи музейде белгілі зергер Сержан Бәшіровтің «Ұлт жауһарлары» атты коллекциялық көрмесі өтуде. Мәдени шараға тақырып өте тауып қойылған. Ұлт жауһарлары қандай келісті сөз. Халқымыз түрлі зобалаңдар кесірінен талай жауһарларынан айырылып қалды. Бірақ өкініштің орны бірте-бірте толып келеді. Оның өзі – ұлттық құндылықтарды қадірлеген Сержан Бәшіров секілді азаматтардың арқасында. Сержан – зергерлік өнерден өрісін тапқан шебер. Бабалар өрнектеген дәстүрді жалғастырушы. Шырайлы Шығыстағы Тарбағатай тауының бір қолтығында туған ол жасынан зергерлікпен әуестеніп, кейін Алматы көркемсурет училищесін «Металды көркем өңдеу» мамандығы бойынша бітірген. Этноавангард стиліндегі зергерлік бұйымдардың авторы. Жұмыстарына көбінесе күміс, сүйек, …

Ары қарай оқу

ҚАЛАҒАНЫҢ ҚАЙ ЕМХАНА?

Астана қаласының тұрғындары 15 ­қарашаға дейін қалаған емханасына тіркеле алады. Елімізде жыл сайын өтетін емхана таңдау шарасы қыркүйек айында басталған еді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi енгiзiлгелi тұрғындарға емхана мен ауруханаларды еркiн таңдау құқы берілгені белгілі. Мамандар таңдау еркіндігі берілген төрт жылдың ішінде емдеу мекемелерi арасындағы бәсекелестiк артқанын айтады. Ал кейбір тұрғындар емхана ауыстырғанымен, қызмет көрсету сапасында айтарлықтай өзгеріс жоқ екенін алға тартады. «Бұрын басқа емханада тіркелгенмін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, №10 емханаға ауысуға өтініш жаздым. Менің ойымша, емхана ауыстырсақ та, дәрігерлердің қабылдауы, емдеу, тегін дәрі беруінде айырмашылық жоқ сияқты. Нәтижесін …

Ары қарай оқу

ЖӘРМЕҢКЕДЕ – АЯҚТАЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ

Кеше Астана қаласы әкімдігі мен қалалық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасы шеңберінде аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі өтті. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеде 70-тен астам құрылыс компаниялары өкілдерінің назарына «Араби-2», «Үміт береке», «Көктал-2», «Аниса-2» тұрғын үй кешендері сияқты қаладағы құрылысы аяқсыз қалған 21 нысан ұсынылды. – Жәрмеңкені өткізудегі мақсатымыз – проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды қолға алу үшін кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту. Инвесторларға жобалардың рентабельдігін көрсетіп, үлескерлерге өздері қаржысын салған баспаналарына қол жеткізуге көмектесу, – дейді Астана қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Темірлан Әділханов. Жәрмеңкедегі ұсынылып отыр­ған 21 нысанның …

Ары қарай оқу

ЕЛОРДА – ЕЛ ЛОКОМОТИВІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Астана тарих толқынында» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Бүгінде Астана – әлем таныған жас қала. Жыл санап емес, күн санап көркейіп келе жатқан шаһардың келешегі жарқын. Ел экономикасына жаңа серпін әкелген қаланың абыройы да биік. Республиканың әр тарабынан арман қуып келген қаншама жас өз тағдырын елордамен байланыстырды. Бас орданың дамуына өз үлесін қосуда. Дөңгелек үстелде бүгінгі Астана мен кешегі Ақмоланың тарихы сөз болды. ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының қызметкері, …

Ары қарай оқу

ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА

Бозбалаларды әскери-патриоттық бағытта тәр­бие­леу мақсатында елордада орналасқан №68655 әскери бөлімінде «Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындар ұйымдастырылды. Қалалық Жастар саясаты мә­селелері басқармасының ұйыт­­қысымен өткен ойынға 18 команда қатысты. Астаналық жо­ғары оқу орындары, колледж бен мектеп құрама командалары 8 сайыстан сүрінбей өтті. Жігіттер әскери эстафета мен кросқа қатысып, жартылай автоматты винтовкадан оқ атты. «АК» автоматын бөлшектеп, кейін оны қайта жинады. Қанатты өткел арқылы бөгеттен, ал бөгет астынан еңбектеп қақпанға өтті. Ең мықтылары гранатаны нысанаға лақтырып, бөгет жолына дейін жетті. Әскери-патриоттық ойындардың жеңімпаздарын басқарма басшысы Асхат Оралов ма­ра­паттады. Ойын қорытындысы бойынша I орын …

Ары қарай оқу

ЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Бас қалада автокөлік жолдарының құрылысында жетістіктер көп болса, кемшіліктер де аз емес. Астана қалалық мәслихатының депутаты Ирина Манжанова осындай пікірде. Мәслихаттың Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында өз ойын жеткізген ол сөзін нақты мысалдармен әдіптеді. Комиссия мүшелері алдымен қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшиннің есебін тыңдады. Басқарма басшысының айтуын­ша, биыл жол-көлік инфра­құры­лымын дамытуға республи­калық бюджет пен жергілікті бюджет­тен миллиардтаған қаржы бө­лінді. Бөлінген қаржының есе­бінен бүгінгі күнге ұзындығы 23,4 шақырымды құрайтын 11 көшенің құрылысы аяқталды. Кіші айналма жол құрылысының шеңберінде Абылай хан даңғылы мен …

Ары қарай оқу

АТАМАН АННЕНКОВТЫН АҚЫРЫ

Кешегі ақ қашып, қызыл қуған заманда қазақ жерінде сүргін салып, жергілікті халықты қынадай қырған қанқұйлы қарақшылар аз болмаған. Солардың ішінде адамды азаптап өлтіруде атаман Борис Анненков деген қаныпезерден ешкім асып түсе алған жоқ. Бірақ жаратқанның көзі түзу екен, кезінде Ақмола өңірінде, Көкшетау саясында, Жетісу өлкесінде, Семей танабында қазақтың қанын суша шашқан сол ақ казактардың генералы ақыры ажалын біздің топырақта тапты. Оның Қытайға қашып кеткен жерінен ұстап әкелініп, Семейде өткен әскери сот процесінің үкімімен атылғанына биылғы жазда 90 жыл толды. Біз атаман Анненковтың атын алғаш рет сұңқар ақын, аса ірі қайраткер …

Ары қарай оқу

«SMART МЕДИЦИНА» ЖОБАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Келесі жылдың қаңтарында бас қалада «Smart Астана» тұжырымдамасы аясында «Smart Медицина» жобасы енгізіле бастайды. Қалалық мәслихатта өткен «Депутат күні» барысында Астананың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров аталмыш жобаның артықшылықтары туралы баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Баяндамашының айтуынша, бұл жобаны әзірлегенде Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Сингапур мемлекеттерінің тәжірибесі ескерілді. Жоба шеңберінде халық денсаулығына қатысты барлық үдерістерді автоматтандыру, емханаларда диагнозды анықтау және емдеу кезінде қателіктерді азайтатын «ақылды» элементтерді енгізу, радиологиялық және зертханалық зерттеулердің орталықтандырылған базасын құру жоспарлануда. «Smart медицина» елордада медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатына тезірек жетуге септеседі. Атап …

Ары қарай оқу

МӘДЕНИ ОШАҚТАР – ҰДАЙЫ НАЗАРДА

Келесі жылы мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындарына, барлығы 2 мыңнан астам адамға үш айлық қазақ тілі курстары өткізілуі керек. Бұған қоса, мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылмақ. Әлеуметтік қызметкерлер мен астаналықтар да, жиыны мыңнан аса адам осы тілді оқиды. Ол үшін 10 млн теңге бөлінді. Кеше өткен Астана қалалық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында мұны Астананың Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев хабарлады. Оның айтуынша, аталмыш басқарма қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне кө­шіру бойынша бағдарлама дайындап жатыр. «Алдымен Астана халқына латын графикасы негізіндегі әліпбиді үйретуіміз …

Ары қарай оқу

ЛАТЫНҒА КӨШУ ҮШ КЕЗЕҢМЕН ІСКЕ АСАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін бекіткені мәлім. Сондай-ақ, жаңа қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізілетіні белгілі. Осыған орай, Үкіметке жаңа графиканы енгізу бойынша жұмыс тобын құру тапсырылды. Елордадағы Коммуникациялар орталығында латын графикасына көшуге арналған брифинг өтті. Жиынға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын графикасын кезең-кезеңмен енгізу жөнінде үш кезеңнен тұратын арнайы жоба жүзеге асырылатынын мәлімдеді. «Біріншіден, Үкімет жанынан латын графикасын қазақ тіліне енгізу жөніндегі жұмыс тобы жасақталады. Екіншіден, орфографиялық-лингвистикалық комиссия құрылып, латын графикасы негізінде жаңа …

Ары қарай оқу