Monthly Archives: Қараша 2017

Алтыншы шақырылым қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2017 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының кезекті  сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі: Елордада экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы және шаралары туралы. Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы. 3.Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы  «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2017 жылы атқарылған жөніндегі есебі туралы. Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының атқарылған жұмыс жөніндегі есебі туралы. Астана …

Ары қарай оқу

ЖҮЗІКТІҢ КӨЗІНДЕЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Елорданың сәулет шедеврлерінің бірі – ағылшын архитекторы Норман Фостердің жобасымен да­йындалған Назарбаев Орталығы. Жүзіктің көзіндей жарқыраған ғимаратта Тұңғыш Президент қоры және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы орналасқан. Тұңғыш Президент қоры Төбесін көмкерген шыны атриумынан ішіне күн сәулесі себезгілеген сүттей аппақ әрі кең ғимараттың тұрақты мекендеу­шілерінің бірі – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке бастамасымен 2000 жылы құрылған Тұңғыш Президент қоры. Қор еліміздегі адам капиталының бәсекелестік қабілетін арттыруды, талантты жастарды қолдап, азаматтық бастамаларды дамытуды көздейді. Осы мақсатта 100-ге тарта жобаны жүзеге асырып отыр. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдарға арналған …

Ары қарай оқу

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы елордадағы бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын қорытындылап, олардың арасынан үздік атанғандарды марапаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдемі дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – шаһардағы бастауыш партия ұйымдарының арасынан суырылып шыққандарды анықтап, олардың жұмысын республиканың басқа өңірлеріне дәріптеп, тәжірибелерімен бөлісу. Алдымен сахнаға көте­рілген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев жиналғандарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, бір топ азаматтарға партияның жаңа мүшелік билеттерін тапсырды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, кәсіпкер Данияр Тұңғышбаев және тағы басқа азаматтар болды. Байқау үш түрлі …

Ары қарай оқу

ЖАҢА ЖЫЛҒА ДАЙЫНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕН СОҢ БАСТАЛАДЫ

Елордада желтоқсандағы мерекелерге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес, Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. Мемлекеттік және ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Жаңа жылды елорданың аумағында мерекелеу аясында қаланы безендіру туралы Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс жүргізілуде. Ал еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған безендіру жұмыстары 12 желтоқсанда басталады. Атаулы мереке кезінде Астананы 1280 жалау, 2 жалауша …

Ары қарай оқу

ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ

Ұлытау – халқымыздың ерекше қастерлейтін мекені, ұлтымыздың ежелгі ұясы. Елімізді бірлікке, ынтымаққа ұйыстырудағы Ұлытау ұлағатының алар орны зор. Терең тамырлы тарихымыз осы қасиетті өңірмен өзектес. Ұлытаудың терең тарихы мен тағылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та талай мәрте кеңінен тоқталғаны белгілі. «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады… Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа». Нұрсұлтан Назарбаев Иә, тарихи тамыры тереңге кететін қазақ халқының көне ордасы Ұлытау жайлы тебіренбей сөз қозғау мүмкін емес. Қазақ …

Ары қарай оқу

ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Астанадағы «Тілеп қобыз» сарайында қалалық Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Мерекелік шараның шымылдығы халқымыздың өткен жолынан сыр толғаған композициялық қойылыммен ашылып, ақындардың тіл туралы толғамдары оқылып, тарих қойнауына көз жүгірткен бейнеролик көрсетілді. Одан кейін сахнаға Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев шығып, жиналғандарды айтулы күндермен құттықтап, басқарманың жыл бойы істелген жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, басқарманың арнайы жұмыс тобы елорда көшелеріндегі көрнекті ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың заң талаптарына сай болуын қадағалап, 120 рейд жүргізіп, 2000-нан астам эскиздерді …

Ары қарай оқу

«МЫҢ БАЛА» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсім алдында Ассамблея төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай жиналған қауымды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, жобаның маңызына тоқталды. – Қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретінде біз мемлекеттік тілді әрі қарай дамытуымыз керек. Мұны Елбасы да үнемі айтып отырады. Тілге құрметіміз арқылы біз елімізге де құрметімізді білдіреміз. Ана тілді білу – бәрімізге парыз. Ал өзге тілдерді білсек, мүмкіндігіміз молая түседі. Өйткені алдымызда тұрған міндеттердің бәрі соған сәйкес келеді. Елбасымыз­дың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білімнің салтанат құруына маңызды рөл …

Ары қарай оқу

КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ

Назарбаев орталығында «Көңілдің асыл пернесі: Нұрсұлтан Назарбаевтың ән шығармашылығы» І республикалық ән байқауының қорытынды концерті өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен қорының, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген орындау­шылар бақтарын сынады. Конкурсқа еліміздің 98 білім беру мекемесінен 138 өтінім келіп түсіпті. Ән байқауына республиканың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, 12 мен 14 жастағы және 16 мен 18 жастағы жеке өнер және ұжымдық вокал топтары (дуэт, трио, квартет) қатысқан. Іріктеу турынан кейін конкурстың финалына өздерінің тамаша вокалдық қабілеттері мен орындаушылық шеберліктерін көрсеткен 30 …

Ары қарай оқу

Тарихи аманат арқалаған тұлға

Уақыт – таразы, ол бәрін ретімен безбендеп, адамдарды да, олардың атқарған істерін де орынды орнына қойып береді. 1958 жылы Францияда генерал Шарль де Голль конституцияға президенттік билікті кіргізгенде оған социа­листер қарсы болған. Яғни, ол оларға ұнамаған. Кейін социалист Миттеран үкімет басына келгенде бұл шешімнің дұрыстығына әбден көзі жеткенін айтып, сол бапты өзгертпеуге күш салған. Нәтижесінде бүгінде Франция президенттік үлгідегі унитарлы республика болып табылады әрі әлемдік саясатта «ұлы держава» санатындағы ірі ойыншы саналады. Қазақ елінің Тәуелсіздік шежіресінде 1991 жылғы 1 желтоқсанның орны ерекше. Бұл күні Қазақстан бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің тұңғыш …

Ары қарай оқу

Мұсылман әйелдерінің киімі: аққу көгіне, шортан көліне, шаян шөліне тартуда

Жуырда «Астана ақшамы» газетіне белгілі ғалым Асылбек Ізбайыровтың «Қазақ ешқашан қара жамылмаған»  деген сұхбаты жарияланған болатын. Өкінішке қарай,  әлеуметтік желіде отырған кейбір оқырмандар тек тақырыбына  ғана назар аударып, ішіндегі өзектілігіне зер салмады.  Айта кетейік, заң жобасы аясында хиджабқа тиым салынайын деп жатқан жоқ. Тыйым бет-аузын бүркіп, тұмшалап алғандарға қатысты болмақ.  Сондықтан заң мен заманның, хиджаб пен ниқабтың, адам құқы мен бетперденің астарына үңіліп көргенді жөн көрдік.  Кезінде Леонардо до Винчи өзінің әйгілі «Жасырын жиын» картинасын салу барысында екі адамның бет әлпетін суреттеу үшін қатты қиналған көрінеді. Себебі, бірінде жақсылық, назиралық, …

Ары қарай оқу