Daily Archives: 12 Қазан 2017

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

Әрбір адам өзіне ерте ме, кеш пе, «Зейнет жасында қалай өмір сүремін?» деген сұрақты қояры сөзсіз. Біз осы мәселе төңірегінде «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиалының директоры – басқарушы директоры Мұрат Тұрсынұлы Шариповпен сұхбат құрдық. – Мұрат Тұрсынұлы, зейнет жа­сына дейін лайықты қаржы жи­науға бола ма? Соңғы кездері бұл сұрақ қоғамда жиі көтеріле ­бас­­та­ды. Сіздің ойыңызша, бұл сұрақ бірінші кезекте кім­ге бағытталған? Мемлекетке ме, жұ­мыс берушіге ме, әлде жұмыс­керге ме? – Бұл сұрақ барлығымызға қатысты. Қазақстан ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген ортақ зейнетақы жүйесінен зейнетақы қорындағы зейнетақы шоттарына қаржы жинауға негізделген жинақтаушы зей­нетақы …

Ары қарай оқу

ТАҒДЫРЛАР ТОҒЫСАДЫ ЕЛОРДА ЕНДІГІНДЕ

«Astana Musical» театры­ның кезекті премьерасы көрермендерге жол тартты. Бейбітшілік және келісім сарайында екі күн қатарынан жүрген «Астана – менің махаббатым» либреттосының авторлары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков және композитор Артур Оренбургский. Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров. «Махаббат – ұлы күш» дейміз. Жаңа мюзикл қыз бен жігіттің арасындағы махаббат жайлы ғана емес, атамекенге деген сүйіспеншілік туралы, тағдырдың тәлкегімен туған жерінен жырақтап кеткен адамның сағынышы жөнінде сыр шертеді. Оқиға негізгі төрт кейіпкер – бозбала кезінде Франция­ға жер ауып кеткен Хамит ақсақал (Сайлау Қамиев), Астанаға әншілер байқауына келіп, бас жүлде алған …

Ары қарай оқу

ОЗАТТАР ОРДАСЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында білім саласы да жан-жақты қамтылды. Адамзат баласының қол жеткізген барлық игіліктері білім мен оқу арқылы келгенін ескерсек, әсіресе, заманауи білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті, жан-жақты маман дайындау еліміздегі жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі талап болып отыр. Сол үдеден шыға білген қаламыздағы іргелі оқу орны Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Ғылыми кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесіп, университеттің стратегиялық даму жоспарымен бөлісті. ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ Еуразия ұлттық университеті Қа­зақ­­стандағы көп салалы жоғары оқу орындары арасында …

Ары қарай оқу

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢА НҰСҚАДА ДИГРАФТАР БОЛМАЙДЫ

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы жариялана сала көпшілік сынына ұшырағаны белгілі. Ал күні кеше Мемлекет басшысына екінші рет таныстырылған жоба қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен пікірлерді ескерген сыңайлы. Аталамыш жоба Бұған дейін «Астана ақшамы» газетінде көтерілген ұсыныстармен де сәйкес келеді. Қазақ әліпбиінің тәжі­рибесі мен теориясы Ахмет Байтұрсын­ұлы­нан бастау алғаны белгілі. «Латын әліпбиінде тіл ауыс­пайды, таңба ғана ауысады» деген Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлес­тіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов жобаны дайындау барысында ең алдымен қазақ тілінің дыбыс­тық мүмкіндігі ескерілгенін айт­қан болатын. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тілдер институтының жұмыс комиссиясына латын графикасын өзгерту жөнінде …

Ары қарай оқу

ҚАЗАНДАҒЫ ҚАРБАЛАС

Бұрнағы күні өткен Үкімет отырысы әдеттегіге қарағанда айтарлықтай қатқыл ауанмен басталды. Бұған соңғы кездері пайда болған жанар-жағармайдың тапшылығы мен көмірдің жетімсіздігі себеп болды. Күн тәртібінен тыс қозғалған бұл мәселелерді талқылаудың қорытындысында осыған кінәлі саналған бірнеше лауазымды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуларына тура келді. Жанармайдың жағдайы «жарылуға» жақын Үкімет басшысы отырыс басында оның күн тәртібіне алдын ала енгізілмеген тақырып – елде соңғы кездері орын алып отырған жанар-жағармайдың тапшылығы туралы сөз қозғап, бұл зәруліктің ешбір қисынға сай келмейтінін айтты. Осы ретте өңірлерде қазір бензиннің лимитпен, кей жерлерде тіпті талонмен ғана беріле бастағанын, мұның …

Ары қарай оқу

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ТІРКЕЛУ оңай

Көлік қызметкерлері ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов өз бетінше жолау­шылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерді «Bus Lane» жолақтарына шыққаны үшін жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. – Біз қазір ресми тіркелмеген такси жүргізушілерінің «Bus Lane» арнайы жол жолақтарына жиі шығып кететінін байқап отырмыз. Бірақ олар бұдан былай жазасыз қалмайды. Себебі қыркүйек айынан бастап «Сергек» жүйесінің көмегімен жол жүру ережелерін бұзу фактілері, оның ішінде жеке тасымалмен айналысатын такси жүргізушілерінің «Bus Lane» жолақтарына шығуы әп-сәтте анықталып отырады, – деп хабарлады Медет Құрманов. Елорданың көлік қызметкерлері ассоциациясы төрағасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қоғамдық көліктерден …

Ары қарай оқу

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы биыл да 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтті. «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілген қайырымдылық шарасы аясында Астана қаласы бойынша жалпы 6922 балаға 75 326 598 теңге шамасында көмек көрсетілді. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік себептеріне байланысты мектепке бара алмайтын балалар баршылық. Көпбалалы отбасылардың балалары мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсететін ауқымды шара осымен тоғызыншы рет өткізілді. Осы уақыт аралығында жалпы 48 мыңнан астам балаға 435 млн теңге көлемінде заттай көмек көрсетілді. Демеушілер мен қайырымдылық қорларының …

Ары қарай оқу

КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Кеше кешкісін елордадағы көмір сататын кәсіпорындардың бірі «Жылы Алем kz» ЖШС-не «Шұбаркөл» кен орнынан 5600 тонна көмір жеткізілді. Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева бастаған жұмыс тобы кәсіпорын басына арнайы барып, тасымалдаушылардың жұмысын бақылады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 11 қазанға дейін Астанаға Шұбаркөл көмірінің 50 мың тоннасы жеткізілген. – Астанада қатты отын тапшылығы жоқ деп нық сеніммен айтуға болады. Қазір ғана келіп жеткен 5600 тонна көмірден бөлек екі-үш күннің ішінде тағы да 5 000 тонна Шұбаркөл отыны жеткізілуі тиіс. Жалпы, осы айдың соңына дейін …

Ары қарай оқу

ҮЛЕСКЕРЛЕР ҰПАЙЫ ТҮГЕНДЕЛЕ МЕ?

Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсететін мем­лекеттік қызметтердің қатарына құрылыс компанияларына үлескер­лердің қаржысын тартуға рұқсат құжатын беру қызметі кіріп отыр. Мұны қалалық қоғамдық кеңесі отырысында аталмыш басқарма бас­шысының орынбасары Гүлжан Кивенова өз баяндамасында атап өтіп, бұл шара жақында қолданысқа енген «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» еліміздің заңына сәйкес жүргізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, қазірге дейін 16 компания рұқсат құжатын алып үлгерді. Алайда бұл құжат жайдан-жай беріле салмайды. Алдымен компания меншігінде жер телімі немесе телімді пайдалану құқығы болуы керек. Сондай-ақ, тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылып, инженерлік компания ол туралы тиісті …

Ары қарай оқу