Daily Archives: 7 Қазан 2017

ТАРИХПЕН ТАМЫРЛАС ТУЫНДЫ

Астанадағы Ұлттық академиялық кітап­­ха­нада белгілі публицист Ғаділ­бек Шалах­метовтің «Пятый сон» атты кітабының таныс­тыры­лы­мы өтті. Шараға елордадағы зиялы қауым өкіл­дері қатысты. Ғаділбек ағаны көзіқарақты жұртшылық жақсы біледі. Танымал журналист. Қоғам қайраткері. Бірнеше кітаптың авторы. Парасатты публицистің оқырманға жол тартқан жаңа кітабы терең тарихтан сыр шертеді. Сонау өткен ғасырларда Еділ мен Оралдың және буырқанған Каспий теңізіне дейінгі болған оқиғаларды баяндайды. Автор өзі туып-өскен өлкенің байырғы өмірін сөз етеді. Қазақ тарихында ерекше орны бар тұғырлы тұлға Мақаш Бекмұхамбетов туралы айтады. Бүгінгі елорда туралы салиқалы ой қозғайды. – Мен Астрахань жерінде өмірге келдім. Ел …

Ары қарай оқу

«ШАБЫТҚА» ҚАТЫСЫП, ШАБЫТТАН!

Астанада 3-7 қараша күндері «Шабыт» шығармашыл жас­тардың ХХ халықаралық фестивалі өтеді. Осыған орай фестивальге қатысуға өтініштер қабылдау бас­талды. Биыл фестивальді ұйымдастыру комитетінің шешімімен дарынды жастар «Классикалық музыка» (фортепиано, скрипка, альт, виолончель, контрабас, академиялық ән айту), «Бейнелеу өнері» (мүсін, қолданбалы өнер), «Халық музыкасы» (домбырамен ән айту, халық аспаптары ансамблі, домбыра), «Цирк өнері», «Актерлік шеберлік» және «Үздік әдеби шығарма» атты алты аталым бойынша өнер жарыс­тырады. Осы жолы «Үздік әдеби шығарма» аталымына тек балалар мен жас­өспірімдерге ғана арналған шы­ғармалар қабылданатынын айта кетейік. Фестиваль соңында үздік туындылар кең аудитория үшін интернет-ресурстарда жарияланады. Биыл «Шабыт» …

Ары қарай оқу

МАХАББАТТЫҢ ШЫНАЙЫ МЕКЕНІ

9-10 қазан күндері Бейбітшілік және келісім сарайында «Astana Musical» театрының кезекті премьерасы көрермендерге жол тартады. «Астана – менің махаббатым» аталатын бұл туынды либреттосының авторларыы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков және Артур Оренбургский. Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров.. Мюзикл барысында Абай Құнанбайұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақтоты райымқұлова, қайрат баекенов және хамит шаңғалиевтың шығармалары орындалады. «Жаңа мюзиклде елорданың келбеті көрініп, Астана – арман­дардың орындалып, үкілі үміт­тердің ақталатын қаласы ре­тін­де сипатталады. Әсіресе, «Бәй­теректің» қасиетін, киесін ашып көрсеткіміз келіп отыр. Яғни, «Бәйтерекке» шын ниетімен ала­қанын жайып келген адамның тіле­гі қабыл болатынын ашқымыз келеді» …

Ары қарай оқу

Динара СӘДУАҚАСОВА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МАГНУС КАРЛСЕНМЕН ОЙНАҒЫМ КЕЛЕДІ

Бұрнағы күні ЖОО арасындағы шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы үшін шахмат жарысы басталды. Осы орайда турнирде Динараға оқырманның он сұрағын қоюдың сәті түсті. – Небәрі жиырма жаста өз атыңызда турнир өткізу сіз үшін мақтан, абырой болар. Бұл турнирдің мақсаты қандай? Дәурен Нұрғалиев, студент – Расымен де, бұл жарыс мен үшін аса маңызды. Игі іске әкімдіктен бастап, Қазақстанның шахмат федерациясы қолдау көрсетті. Турнир жыл сайын өткізіліп, жақсы дәстүрге айналса екен деймін. Жарысқа елорданың оқу орындарымен қатар, Алматы және Қарағанды қалаларының ең үздік ойыншылары қатысып жатыр. Елімізде …

Ары қарай оқу

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ АСУЛАРЫ

Кеше Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған Болгария, Италия, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Венгрия, Қытай, Моңғолия елдерінен келген қонақтар және Қазақстандағы бірқатар елшіліктер өкілдері қатысты. Салтанатты шара «Қазақстан» орталық концерт залында өткен мерекелік концертке ұласты. Университеттің мерейтойына орай жоғары оқу орнының ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ақылбек Күрішбаевтың мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен алғаш рет Ақмола жерінде жоғары оқу орнын құру туралы шешім шығарылды. Сол шешімнің негізінде қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрылды. Сонау Кеңес дәуірінен …

Ары қарай оқу

БЕНЗИН ИМПОРТЫ АРТАДЫ

Тамыз айынан бері бірқатар қазақстандық БАҚ елде бензин тапшылығы болатыны туралы әртүрлі болжамдар жариялаған болатын. Қазіргі уақытта кейбір қалаларда жанар-жағармай тапшылығы, расымен де, сезіліп отырған сыңайлы. Соның салдарынан бензин бағасы да қымбаттай түсуде. Ресми деректерге сүйенсек, елдегі бензин тапшы­лы­ғы соңғы 2 аптадан бері тіркелген екен. Сол сияқты көлік жүргізушілерінің мә­ліметінше, жанармайдың тапшылығы Астанада да бай­қалып отырған тәрізді. Жүр­гізушілер күн ұзаққа бекет­терде кезекке тұруға мәжбүр болған. Ондағы бензин бағасы 153 теңгеден баста­лып, 170 теңгеге дейін көтерілді. – Өткенде кейбір бекеттерде бензин тапшылығы сезілді. Қатарынан төрт-бесеуіне кіріп, АИ-92 бензинін алатын жерді әрең …

Ары қарай оқу

ЖАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ҚР Ішкі істер министрінің атына еңбекке жарамсыздық парақтары мен жұмысқа уақытша жарамсыздық анықтамаларын заңсыз дайындауға, сатуға және сатып алуға, сонымен қатар, аталмыш медициналық құжаттарды заңсыз пайдалануға қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне қосымша бап енгізу туралы хат жолдаған. Бұл туралы кеше өткен Астана қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия отырысында аталмыш басқарма басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ұсыныс Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралып, медициналық құжаттарға қатысты заң бұзушылыққа Қылмыстық кодекстің 383-бабына сәйкес жаза тағайындалатындықтан, қосымша бап енгізу …

Ары қарай оқу

КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ

Табиғат тосын мінез танытып, қазан басында қатал қыстан хат келді. Қараша айының қара суығын сезгенде барып қам-қарекетке көшетін қараша халық күннің күрт суытып, қардың әдеттегіден ерте түсуін күтпеген-ді. «Қазгидромет» РМК синоптиктері әзірлеген алдағы аптаның, яғни 7-13 қазан күндерінің Астана қаласы бойынша күн райы болжамын назарларыңызға ұсынып отырмыз. 7 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 2-7 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде -4, -6 °С, күндіз +4, +6 °С болады. Жексенбі, 8 қазанда да күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде …

Ары қарай оқу

ЖАЛАУЛЫ ҒҰМЫР

Ел азаматтары арасында ертеден түлеп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде бас көтерген, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Тәуелсіздік деген ұранға айналған Алаш идеясы ел билігін большевиктер заңсыз күштеп тартып алған соң да біржола құрып кеткен жоқ. Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлының үзеңгілес інілері, талантты шәкірттері олардың «большевиктермен бірге қызмет қыла жүріп, әсіресе, ағартушылық салада халықтың ұлттық рухын ояту, бекіту бағытында жұмыс істеңдер» деген өсиетіне адал болды. Оған қоса, егер дұрыстап зерделесек, большевиктердің ел басқару қызметінде болып, репрессия жылдарында сол өздері жан аямай тер төккен биліктің қолынан ажал тапқан қазақстандық …

Ары қарай оқу

ҚАЛАҒА ЖАСТАР НЕГЕ КЕТЕДІ?

Бүгінгі таңда жастар мәселесінің өзектілігі бұрынғы қай кезден де өршіп тұр. Әсіресе, ауылдағы 18 бен 30 жас аралығындағы соқталдай-соқталдай жігіттер мен қыздардың тепсе темір үзетін шағында екі қолға бір күрек таппай, сенделіп бос жүруі – кім-кімнің де қабырғасына бататын-ақ жағдай. Өйткені кешегі социализм заманындағыдай қазір «ауыл кеші көңілді» емес, қарапайым тұрмыстық, мәдени алғышарттар жасалмаған. Әрине, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары нашарлай бастағасын, жұмыссыздық жайлағасын ауылдағылар жаппай қалаға ағылатыны түсінікті. Ал қалада да сол ауылдықтарды құшақ жая қарсы алып жатқан тағы ешкім жоқ. Нәпақа табудың қамымен жалданып жұмыс істеп, өлместің күйін кешуде, тапқаны пәтерақы …

Ары қарай оқу