Daily Archives: 3 Қазан 2017

Ардагер есімін ардақтады

Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрахманов есімін еске түсіруге арналған дәстүрлі шағын футбол турнирі өтті. Биылғы жарыс балалар үйлері және аулалық клубтар командалары арасында ұйым­дастырылды. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды және отандық патриотизмді дамытуды көздеген жарыстың қорытындысында Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «Балалар үйі» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Эверест» аулалық командасы иеленсе, үздік үштікті Астана қаласы әкімдігінің №6 кәсіптік-техникалық колледжі оқушылары түйіндеді. Ал жарысты қабылдаған Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ММ командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Ауғанстан соғысы майдангерінің ерлігін әспеттеген жарыстың жеңімпаздары мен …

Ары қарай оқу

ЖЕҢІСТІ ШЕРУДІ «ТОБЫЛ» ТОҚТАТТЫ

Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында «Астана» футбол клубы сырт алаңда қос­танайлық «Тобыл» командасымен кездесіп, нәтижесінде 1:1 есебімен тең тарқасты. Еуропа лигасының 2-турында чехиялық «Славия» клубымен кездескеннен кейін елордалық команданың бас бапкері Станимир Стойлов бұл жолы біраз ойыншыларын демалдыруды жөн санапты. Негізгі құрамның толық болмауы бірден сыр берді. Алдымен есепті 33-минутта қостанайлықтар ашты. Бұрыштамадан берілген допты қонақтардың қақпасына Жасұлан Молдақараев жайғастырды. Алайда алаң иелерін алға тартқан бұл есеп көпке сақталмады. Араға небәрі сегіз минут салып «Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко өзінің мәнерінде сол қапталдан бойлай еніп, «Тобылдың» торын топ еткізді. Ол осы голымен кезінде …

Ары қарай оқу

«АСТАНА» – АЛҒАШ РЕТ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Елордалық «Астана» баскетбол клубы өз тарихында алғаш рет Азия чемпиондар кубогында қола жүлдеге қол жеткізді. Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) аясында Қытайдың Ченчжоу қаласында өткен турнирге Азия құрлығының 10 клубы қатысты. Барлығы екі топқа бөлініп бақ сынады. «Астана» командасы «А» тобынан 3 жеңіс, 1 жеңіліспен көш бастап шықты. Олар ширек финалда БАӘ елдерінің «Аль-Ахли» командасымен ойнап, 83:53 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда жергілікті «Шыңжаң» командасына есе жіберіп қойды. Ойынның басын сәтті бастаған «Астана» шешуші сәтте жеңісті уысынан шығарып алды. Есеп – 70:79. Сөйтіп, елордалықтар үшінші орын үшін болған кездесуде ирандық …

Ары қарай оқу

17 МЫҢНАН АСА ОТА ЖАСАҒАН

Халқымыздың ұлт болып қалыптасуына жұдырықтай жұмылып еңбек етіп, ел үшін адал терін аямай, салауатты ұлт қалыптастыруға жанын салған азаматтарымыз аз емес. Сол азаматтардың бірі Астанадағы «Шипалы» емдеу орталығының бас дәрігері Қайрат Айдарханұлы деуге болады. Ол – ұлт саулығына өлшеусіз үлес қосып отырған жан. Талайдың тағдыры қыл үстінде тұрғанда дертіне дауа тауып, ажалға арашашы болып келеді. Білікті дәрігердің өмірбаянына көз жүгіртсек, 1960 жылы Қытай елінің Алтай аймағында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң Шыңжаң медицина университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын қатардағы хирургтан бастайды. 1993-1996 жылдары …

Ары қарай оқу

«ЖҮРСЕМ ДЕЙМІН СЕНДЕРДІҢ ҚАТАРЫҢДА…»

Өткен ғасырдың соңы. 1995 жыл. Ауылдамын. Он бірінші сыныпта оқимын. Ол кезде бүгінгідей сапырылысып жатқан канал жоқ. Санаулы ғана. Ауыл адамдары ана тілімізде хабар тарататын ұлттық арнаны көбірек қарайды. Кешкілік малды жайлап алғаннан кейін теледидарға үңілеміз. Онда жұрт сүйсініп көретін телебағдарламар аз. Әсіресе, белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің өмірлері тағылымға толы тұлғаларға арналған «Өмір-өзен» бағдарламасын асыға күтіп жүремін. Үй ішімізбен қызығып қараймыз. Көрші Төлеу әкем теледидардан Бейбіт ағаның бейнесі шыға келгенде: «Осы бір жүзі жылы бала майда тілімен талай ғұламаларды сайратып жібереді» деп марқайып отырады. Талантты журналистің Фарабитанушы, сол шақта жасы …

Ары қарай оқу

…БІР МЕЗГІЛ КЕТПЕН, КҮРЕК ҰСТАМАСА

Өткен сенбі күні Астана қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық адам қатысты. ПИК басшылары бастап шыққан тазалық шарасына шаһардағы 435 ПИК-тің 417-сі атсалысты. Негізгі жұмыстар Есіл және Алматы аудандарында жүргізілді. Есіл ауданы ағаш егуден қалған екі ауданмен салыстырғанда көш ілгері екенін айту керек. Мұнда 468 ағаш егілді. Ал Алматы ауданында 410 кө­шет отырғызылды. Жалпы, осы күн қала бойынша 892 ағаш орнын тапты. Бұған қоса, сенбілік барысында көп қабатты үйлердің кіреберістері сырланып, әктелді. Шатырлар жөнделіп, қоршаулар мен қасбеттер жаңартылды. Жалпы алғанда, 100-ге тарта аулаға, саябақтарға сән кіріп қалды. Барлық жұмыс­тарға …

Ары қарай оқу

МЕКТЕПТЕРГЕ ТҮГЕЛ ЖЫЛУ БЕРІЛДІ

Астанада 5497 нысанның 4076-сы немесе 74 пайызы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. Осының ішінде мектептердің барлығына жылу берілді. Бір балабақша мен бір колледжге белгілі себеппен жылу келген жоқ. Ал жалпы білім нысандарының 159-ынан 157-сі жылумен қамтамасыз етілді. Әзірге жылуға қосылмаған «№35 Ертегі» балабақшасында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалар қазір бұл балабақшаға бармай отыр. Жұмыстар жоспар бойынша 1 қараша күні аяқталады. Көп бейінді колледжде де сәйкес шаруа қолға алынды. Қаладағы 2310 көп пәтерлі тұрғын үйдің 2306-сы жылуға қосылды. 4 көп пәтерлі үй орталық­тандырылған жылуды қабыл­дауға дайын емес. Бұл …

Ары қарай оқу

«ҚҰРСАҚ АНАНЫҢ» ҚҰНЫ ҚАНША?

Тоғыз ай көтеріп тапқан баласын туа сала биологиялық ата-анасына бергісі келетін жастар күн санап көбейіп келеді. Жатырын «жалға» беруді мақсат еткендердің көптігі сонша, бір ғана kazakh.ru форумында жыл басынан бері жүзден астам бойжеткен хабарлан­дыру қалдырған. Осыдан он шақты жыл бұрын суррогат ана туралы ілуде бір хабар кездестірсек, қазір ашық түрде жарияланатын болды. Себебі сол, осы мәселеге қатысты барлық мән-жай заңмен реттеліп қойған. Нақты айтқанда, еліміздің «Неке және отбасы туралы» заңында суррогат ана дегеніміз – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және тууды айтады. …

Ары қарай оқу

Елнар БАЗЫКЕН, сәулетші: «БӘЙТЕРЕКТІ» ЖАҢҒЫРТУ – ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ

Жақында елорданың тарихи нысанына айналған «Бәйтерек» монументін жаңартқан, ЭКСПО қалашығындағы ең тартымды Қатар павильонының қасбетін жасаған астаналық Елнар Базыкенмен елордамыздың келешегі және өзге де қызықты тақырыптар туралы пікірлестік. Кішкентай кезімде үйдегі түсқағаздарды шимайлап, сурет салғанды ұнатушы едім. Әке-шешем жаңасын жабыстырса, оны да бояп тастайтынмын. Содан әкем мені жетектеп, бейнелеу өнерінің мектебіне алып барды. Бұл істің қыр-сырымен сол жерде таныстым. Кейін өсе келе «Кім боламын?» деген сұрақ туындағанда, ойланбастан сәулет өнеріне бет бұрдым. Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түстім. Жұмыс­ты 2 курс оқып жүргенде «Астана бас жоспары» мекемесінде бастадым. Ең алғашқы …

Ары қарай оқу

КӨПЕСТЕР КӨРКЕЙТКЕН ҚАРАӨТКЕЛ

Биылғы көктемде Астананың орталық алаңы аумағында орын тепкен ғимараттардың бірі халық ЦУМ атап кеткен «Сине Темпоре» сауда орталығы келесі жылы сүріліп, оның орнына заманауи сауда кешені салынаты­ны туралы ақпарат тарады. Жуырда газетімізде тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артық­баевтың «Қараөткелді көтерген Қосшы­ғұловтар» атты мақаласы жарық көрді. Тарихшы онда дәл осы орындағы ғимараттың маңдайшасында Қараөткел заманында «Қосшығұлов дүкені» деген жазу кириллица және араб әріптерімен жазылып тұрғанын айтады. «1890 жылы Қараөткелдің тура ортасында қазына қаржысына «Керуен сарай», орысша «Гостиный двор» (кейде «Зеленые ряды» делінеді, дүкен есіктері жасыл бояумен боялған себепті) бір қабатты екі корпустан …

Ары қарай оқу