Monthly Archives: Қазан 2017

ТӨЛЕМ ЖАСАУ КОМИТЕТІ ЖОЙЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті таратылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді. «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторына айналады. Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті жо­йылады» деді вице-министр. Оның айтуынша, осыған байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау бөлігінде барлық бизнес-процестерді үйлестіру, денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызмет үшін төлемдер жасау мәселелері әзірленетін болады. «Бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілерінің базасы құрылды және қор тегін медициналық …

Ары қарай оқу

СОҢҒЫ ТУРДЫҢ ЖҮГІ АУЫР

«Ел классика» атанып кеткен «Астана» мен «Қайрат» командаларының кездесуі алматылықтардың жеңісімен аяқталды. Бұл ойын – жетер жеріне жақындап қалған ҚПЛ-дың нағыз шарықтау шегі. Турнирдің түгесілуіне бір тур қалғанда елордалықтар өз алаңында «Қайратқа» есе жіберіп, чемпиондықтан үміткер басты командалардың арақашықтығы одан сайын қысқара түсті. Осыған дейін көш ілгері тұрған «Астана» командасы соңғы матчтарда ізін ала келе жатқан «Қайратты» айтарлықтай жақындатып алды. «Астанаға» чемпиондықтың тағдырын шешу үшін бұл кездесуде тең түсудің өзі жеткілікті еді. Сөйткен елордалықтардың қорғанысы 70-минутқа дейін сыр бермей, ойын тең деңгейде өрбіді. Алайда жеңіске зәру қонақтар ақыры дегеніне жетті. …

Ары қарай оқу

ШЕТЕЛДЕ ДЕ «ШАБЫТҚА» ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАР

ТҰРСЫНБЕК ҚАБАТОВ: ШЕТЕЛДЕ ДЕ «ШАБЫТҚА» ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАР 3-7 қараша күндері Астанада «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХ халықаралық фестивалі өтеді. Осы жолы байқау «Классикалық музыка» (фортепиано, скрипка, альт, виолончель, контрабас, академиялық ән салу), «Бейнелеу өнері» (кескіндеме, қолданбалы өнер), «Ұлттық музыка» (домбырамен ән салу, халық аспаптар ансамблі, домбыра), «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма» (балалар және жасөспірімдерге арналған прозалық шығармалар) және «Актерлік шеберлік» атты алты аталым бойынша ұйымдастырылады. Фестиваль талай таланттардың қанатын қатайтып, топшысын бекітті. Соның бірі – танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов. Кезекті фестиваль қарсаңында өнерде жарқырап көрінуіне жол ашқан байқау жөнінде біз әртістің өзімен аз-кем …

Ары қарай оқу

ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВТІ ЕСКЕ АЛДЫ

Биыл КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 85 жыл толды. Осыған орай «Астана Опера» театрында көрнекті композиторды еске алуға арналған «Туған жер туралы жыр» атты концерт өтті. Онда театрдың жетекші опера солистері, оркестр және камералық хор әртістері классиктің шығармаларын орындады. Еркеғали Рахмадиев музыка өнерінің біраз жанрларында еңбек етті. Әсіресе, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, симфониялық күй жанры­ның негізін қалады. Осы жанрда «Дайрабай», «Құдаша-думан» туындыларын жазды. Композитордың «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Абылайхан» опералары қазақ музыка мәдениетінің асқақ биігіне айналды. Еске алу …

Ары қарай оқу

ӨЗІНЕН ЖЕРІНГЕНДІ БӨТЕН БАУЫРЫНА БАСПАЙДЫ

Айқын ДҮЙСЕМБАЕВ, психолог: ӨЗІНЕН ЖЕРІНГЕНДІ БӨТЕН БАУЫРЫНА БАСПАЙДЫ   Соңғы кездері атауына ептеп құлағымыз үйреніп келе жатқан психолог қызметіне көбіміз жүгінбейтінімізді, оның не екенін түсінбей, осы қызметке күмәнмен қарайтынымызды да қоса айтқанда, кәсіби психолог Айқын Дүйсембаев бұл саланың кешеуілдеп дамып, кенжелеп қалғанымен түсіндірді. – Расында да, психология 90-жылдары ғана халық арасында кеңінен тарала бастады. Көбіміз жапа-тармағай Зигмунд Фрейд сияқты атақ­ты ғалымдардың кітаптарын сатып алып, парқына жетпей, жылы жауып қоя сал­ғанбыз. Жаңа ғылымға деген қызығушылығымыз осымен бітті десе де болады. Әйтсе де, адам жаны­ның білгірлері туралы айтылған жерде елең ете қалып, айтқан …

Ары қарай оқу

ТЕРГЕУ ІСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ТҮЛЕЙДІ

Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасында Елбасы ҚР Бас прокуратурасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлері алдына стратегиялық міндеттер қойды. Мемлекет басшысының халықтың мүддесі мен игілігі жолында елімізде құқықтық қатынастарды реформалау тапсырмасынан туындайтын тұжырымдарға сәйкес ақпан айында прокуратура органдары осы бағыттағы ілкі жобаны іске қосты. Біз осыған орай қолға алынған ауқымды жұмыстардың қала прокуратурасында атқарылу барысы жөнінде Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Мұрат МҰХАМБЕТҚАЗЫНЫ әңгімеге тартқан едік. – Мұрат Бақытұлы, кейін­гі кезде прокуратура тарапынан азаматтардың құ­қын қорғауда қоғамды іл­­герілету жөнінде біршама ұсыныстар мен бастамалар жасалуда. …

Ары қарай оқу

КӨЛІККЕ КЕЛГЕНДЕ КӨҢІЛШЕК

«Астана ақшамы» газетінің осы жылғы 4 шілде күні санында «Көлігіңе қарай көсіл» деген көлдей мақаламыз жарық көрді. Қазақстанда сапасы әжептәуір жеңіл көлік шығаратын 3 зауыт бола тұра, біздің басшылардың бүйрегі шетелдік қымбат көліктерге бұрыла беретіні сараптамада егжей-­тегжейлі айтылған еді. Парламент Мәжілісінің депутаты Кеңес Әбсатировтың Үкіметке сауал тастап, ортанқол бюджеттік мекемелер – Атырау музыка колледжі мен Жамбыл облыстық филармониясы неге құны 80 мың доллардан асып жығылатын қымбат көліктерді сатып алған, бұған кім жол берген, кім жауап береді деген жанайқа­йын жеткізген едік. Үкіметке қарайтын орталық, аумақтық органдар, ұлттық компаниялар, мемлекет үлесі бар …

Ары қарай оқу

ЛАТЫН ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында уақыт талабымен жарақталған латын әліпбиіне арналған зал ашылды. Мемлекет басшысы өткен жұмада қазақ тілінің кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасы Жарлығы ұлтымыз үшін ұлы істің басталғанын көрсетеді. Алдымыз­да атқарар жұмыс қыруар. Соның алғашқы қадамы елордадағы зия­лылар мен көпшілік қауымның жиі басы қосылатын руханият ордасына айналған академиялық кітапханада жүзеге асты. Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер бүгін ғана айтылып отыр­ған жоқ. Тәуелсіздік алған жылдары да сөз болды. Одан әрі де тереңдеуге болады. Өткен ғасырдың басында, яғни 1926-1929 …

Ары қарай оқу

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ

Кеше Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған оқу циклі басталды. Оған Астана қаласы мектептерінен жиырма бес оқушы тыңдаушы болып қатысты. Курстың ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қала прокурорының орынбасары Алмат Байшолақов, жергілікті полиция қызметі өкілдері мен ата-аналар қатысты. «Қазір қала әкімдігінің алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – балалардың құқын қорғау, кәмелетке жасы толмағандар қылмысының алдын алу, нашар отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік оңтайландыру. Осыған байланысты қала әкімдігі мен қала прокуратурасы және құқық қорғау органдары академиясы арасында ведомствоаралық «Жасөспірімдер қылмысының …

Ары қарай оқу

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында елорда әкімі Әсет Исекешев бірқатар қалалық құрылымдардың есебін тыңдап, Астананың апта ішіндегі ахуалымен танысты. Жыл басынан бері қалада кабельдік сымдардың 521 тұйықталу және ұшқындау оқиғасы тіркелді. Бұл 2016 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 131 оқиғаға немесе 25 пайызға көп. «Дамыған мемлекеттерде коммуникациялық же­лілердің барлығын жердің астымен жүргізеді. Ал бізде әлі күнге дейін көшелерде кабельдік сымдар жоғарыда ілініп тұр. Осыған орай, аудандық әкімдіктерге тиісті қызметтермен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін қала аумағындағы жоғарыда ілінген кабельдік желілерді түгендеп, оларды ретке келтіру жөнінде нақты ұсыныс әзірлеуді жүктеймін» деді қала …

Ары қарай оқу