-->

21 Қыркүйек 2017 күнінің мұрағаты

ҮЗДІК ҰЙЫМ АТАНДЫ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытындысы бойынша Астана қаласының Мемлекеттік академия­лық филармониясы «Үздік мәдени ұйым» құрметті атағына ие болды. Әлемдік көрме уақытысында, яғни биылғы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өнер ұжымының әртістері тыным көрмеді деп айтсақ та болады. Осы кезеңде филармонияның шығармашылық ұжымдары өнерсүйер қауымға жалпы саны 191 концерт ұсынды. Соның ішінде 14 концерт Астанадан тыс, Қазақстанның қалалары мен облыстарына жасалған гастрольдік сапарларда қойылды. Өз шаңырағында өткізген концерттермен қоса елордалық филармония «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу және жабылу салтанатына, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені мен аламан бәйгеден ҚР Президентінің кубогы үшін өткен жарыстың ашылуына, триа­тлоннан ... Толығырақ оқу →

ЕҢБЕК АДАМЫНА – ҚОЛДАУ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі болып белгіленді. Төртінші рет аталып өтілгелі отырған мейрам биыл 24 қыркүйекке келіп отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтық қоғам құрудағы еңбек адамының орны мен рөлі, басқа да мәселелер төңірегінде біздің тілшіміз Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаевты әңгімеге тартқан еді. – Сәрсенбай Бердалыұлы, Қазақ­станда еңбек адамының құқықтары мен мүдделері қалай қорғалуда? – Қазақстанда еңбек адамын қолдауда салиқалы жүргізілуде. Елбасының халыққа арнаған дәстүрлі Жолдаулары мен мақалаларында, баяндамаларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа техникалар мен технологияны игеруде, бәсекеге қабілеттілік тауарлар ... Толығырақ оқу →

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ПЕРНЕТАҚТАСЫНАН АУЫТҚЫМАЙЫҚ

«Астана ақшамы» газетінің редакциясына арнайы келген тіл маманы Бейбіт Әмірбек өзі дайындаған жаңа қазақ әліпбиінің нұсқасын таныстырды. Елбасы айтқан қағиданы басшылыққа алған ғалым кезінде Қарағанды қалалық тіл басқармасында, облыстық ақпарат басқармасында біраз жыл жұмыс істеген. Қазақ графикасын латын әліпбиіне көшіру мәселесімен көп жылдан бері айналысып келеді. Алты тілді еркін меңгерген ағамыз Германияның Кёльн қаласында оқып, «Карл Дуйсберг Геззельшафт» қоғамының халық­аралық сертификатын иеленген екен. Бейбіт Әмірбек өзі да­йындаған қазақ әліпбиіне «Алтын көпір» деп ат қойып, айдар таққан екен. Бейбіт Әмірбек, тіл маманы: – Парламентте таныстырылған нұсқа көңілімнен шықпады. Себебі оны бала ... Толығырақ оқу →

«АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА» АЙНАЛУДА

Астана «ақылды қалаға» айналып келеді. Бүгінде бас қаланың инфрақұрылымы мен басқару әдістеріндегі жетілдіру жұмыстары жүйелі жүріп, нақты қадам жасалуда. Бұл туралы қала әкімдігінде өткізілген «Цифрлық Астана: ағымдағы жағдай және перспективалар» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында кеңі­нен айтылды. Цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркен­детуге арналған бұл қадам бас қаладан қарқынды түрде бастау алды деуге әбден болады. Жалпы, еліміз бойынша 3D-принтинг, онлайн-сау­да, мобильді банкинг, цифр­лы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту бойынша жүретін жүйелі жұмыстар легі Астанада басталып кетті. Ақылды экономика, ақылды қоғам, ... Толығырақ оқу →

КӨРМЕНІҢ САБАҒЫ САЛИҚАЛЫ

«Үш ай бойы әлем назарын аударған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі еліміздің абыройын асқақтатып қана қойған жоқ, жергілікті полиция қызметіне қоғамдық тәртіпті сақтауда, жол жүру ережесін қадағалап, көрмеге қатысушы шетелдік қонақтар мен қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мол тәжірибе жинау мүмкіндігін туғызды» деді Астана қаласы әкімдігінде өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде елордадағы қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету» тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Астана қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев. Жеке құрам тәулік бойы жұмыс істеп, қоғамдық тәр­тіпті қадағалауға 9 мыңға жуық қызметкер тартылса, тікелей көрме аумағында қауіп­сіздікті сақтауға 4 мың­нан аса ... Толығырақ оқу →

ТІЛДЕР ТҰҒЫРЫ

22 қыркүйекте «Астана» концерт залында Қазақстан халқы тілдері­нің XIX қалалық фестивалінің шымылдығы түріледі. Әдемі дәстүрге айналған фес­тиваль аясында бірнеше шара жоспарланған. Айталық, 26 қыркүйекте қазақ әдебие­тінің алыбы, хакім атамыздың шығармаларын кеңірек насихаттау мақсатында «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты қалалық байқаудың байрағы желбіремек. Онда қалалық әкімдікке қарайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бақ сынайды. Дәл осы күні «Жастар» театрында «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» деген әдеби кеш өтеді. Сөз арасында айта кете­йік, аталған шара шеңберінде Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Отбасындағы әкенің рөлі» атты әкелерге арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған ... Толығырақ оқу →

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасына орай насиxаттау, жүзеге асыру жұмыстар легі қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай, 2017 жылдың 16 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев мырзамен белсенді жастардың кездесуі болып өтті. Аталмыш шараға Ш.Ша­яхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов, «Жас Отан» жастар мәслиxатының депутаты Максадбек Абдужаббаров, ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдас­тығы төрағасының орынбасарының Хасан Шарипов, Қазақ­стан халқы ассамблея­сы­ның өкілдері, өзбек этномәдени орталығының белсенділері және «Жас Отан» ЖҚ ... Толығырақ оқу →

ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБА

Елордада «Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасын іске асыруда екі жыл ішінде 400 кәсіпкер тұрақты түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Бүгінде бағдарламаны Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асыруда. «Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуға арналған. Оны іске асыру бас қала басшысының қолдауының арқасында мүмкін болды. Елорда әкімдігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде бұрынғы 276 сауда орнының орнына 1000 орын келісіліп, өткізілетін өнім түрлерінің саны ұлғайтылды» дейді Астана қаласы РКП директорының орынбасары Бауыржан Бейсенов. Қазіргі күнде сауда орындарын бөлумен арнайы құрылған комиссия айналысады. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен бизнес және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері ... Толығырақ оқу →

2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ – 1 МЛН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі отандық туризмнің тартымдылығын арттыруға үлкен сеп болды. Бұл туралы Астана қаласы Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. – «ЭКСПО» көрмесін өткізуіміздің арқасында қызмет көрсету саласы мен қаладағы инфрақұрылым жаңа деңгейге көтеріліп, туристік сектор жандана түсті. Ресми деректерге сәйкес, 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін елордаға 1,5 млн адам келген. Оның 600 мыңға жуығы халықаралық қатынас ретінде тіркелген. Содан болар, қонақүйлерге келушілердің саны үш есеге артқан. Ал қонақүй мен қоғамдық тамақтану орындарынан түскен салық мөлшері биылғы жылдың тамыз айында 170 миллион теңгеден асқан, – ... Толығырақ оқу →

КӨШІ-ҚОНДА – СЕРПІЛІС

Сейсенбі күні өткен Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі көші-қон саясатының негізгі стратегиялық мақсаттары да қаралды. Ол республика өңірлерінің демографиялық және экономикалық теңгерімділігін жақсарту жайын да қамтыды. Мұның өзі оңтүстік жұртының солтүстіктегі ағайын­дар арасына жоспарлы түрде барып қоныстану жайы одан әрі жалғастырылатынын білдіреді. Жиында бұл Үкіметтің «2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты» тұжырымдамасы аясында сөз болды. Осыған байланысты баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстанның көші-қон заңнамасына биылғы жылы еңбек көші-қонына қатысты өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Аталған тұжырымдаманың негізгі стратегиялық мақсаттары қатарында сондай-ақ уақытша және ұзақ ... Толығырақ оқу →