-->

14 Қыркүйек 2017 күнінің мұрағаты

МАРАФОНҒА 4,5 МЫҢ АДАМ ТІРКЕЛДІ

«Astana Marathon 2017» марафонында кениялық спортшы жеке рекорд орнатпақшы. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, жарысқа АҚШ, Германия, Италия сияқты 19 елдің спортшылары қатысады. Жаяу жүгіруге ұсыныс білдірген 4 жарым мың спортшының ішінде әлемге танымал кениялық желаяқтар да бар. – Бұл 2009 жылдан бері жылда өтетін марафонның беделін біршама көтереді. Өйткені жүгіру кезінде Астана мен ТМД елдері үшін рекорд жаңартылады деп күтілуде. Саймон Кипругут Кируй жаттықтырушысы Филип Кипронның жетекшілігімен Астанада 2:10 сағат ішінде 42,2 шақырым қашықтықты бағындыруға дайындалуда. Осылайша, өзінің жеке рекордын ... Толығырақ оқу →

ҚАРУЫН ТАСТАМАҒАН ҚАҺАРМАН

Осы апта аяғында Торғай жерінде кейкі батырдың сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі өтіп, мерген рухына бағышталып ас беріледі, түрлі шаралар ұйымдастырылады.Ел жадынан әлі өше қоймаған, құпиясы мен күмәні көп өткен ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі – Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Алаш қозғалысына қатысты мәселе. Әлі күнге дейін Торғай елінің халқы көтерілістің басталуы, патша әскерлерімен бірнеше рет жан алып, жан беріскен шайқастар ғана емес, Амангелдінің өлімі, Кейкінің шырғалаңға толы тағдыры мен қазасы, Әлібиге қатысты қайшылықты пікір, Әбдіғапардың өлімі, Торғайда он жеті азаматтың алашорда қолынан қаза болуына қатысты әңгімелерді бұрмалап, әр ... Толығырақ оқу →

ШЕТЕЛДІК ШИКІЗАТ ҰШПАҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ

20 қыркүйек күні өтетін Астана қалалық мәс­ли­хатының ке­­­зек­ті сессиясында қарала­тын мәсе­лелердің бірі атқару­шы органдардың жергілікті ин­вес­тициялық саясатты жү­зе­­ге асырудағы жұмысы және елор­даға инвестиция­ларды тарту стра­тегиясын қалыптастыру ту­ра­лы бол­мақ. Осы орайда қала­лық мәс­ли­хаттың бір топ депутаты сес­сияға дайындық аясында сейсенбі-сәрсенбі күндері бірне­ше кәсіпорынды аралады. Былтырғы көктемде Астанада «Ipek Kagit Central Asia» атты түрік компаниясының қағаздан жасалған тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық өнімдерді шығаратын зауыты ашылды. Мәслихат депутаттары бас сұққан алғашқы кәсіпорын осы болды. Бастапқыда бұл зауыт өзінің алдына жылына 16,5 мың тонна өнім шығару жоспарын қойған. Алайда әзірге өндірістік қуаты 3 мың тонна ... Толығырақ оқу →

ЛА СКАЛАНЫҢ ӨНЕР САПАРЫ

Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің соңғы күндерінде әйгілі Ла Скала театрының әртіс­тері бас қалаға ат басын тіреп, қала тұрғындары мен қонақтарын керемет көңіл күйге бөледі. Айтары жоқ, әлемге ата­ғы кең жайылған ­театр­дың спектакльдері аншлагпен өтіп, оны көруге алыс-жақын елдерден көрер­мен көп келді. Тіпті Швейцария, Сингапур, Латвия, АҚШ және басқа мемлекеттерден онлайн билеттер сатылып алынған. Бас шаһардың өнер ордасына айналған «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында айтулы опера театрының оркестрі, хоры мен солистері Дж.Вердидің «Фальстаф» операсын төрт рет көрсетіп, жан дүниеңізді нәзік сезімге бөлейтін Людвиг ван Бетховеннің №9 симфониясын екі мәрте орындады. ... Толығырақ оқу →

ДӘСТҮРЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

ҚР Ұлттық музейінде Ұлттық музей жидасынан «Дәстүрлер сабақтастығы» атты заманауи сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Ұлттық музейдің бас қор сақтаушысы Рыскүл Бекталиеваның айтуынша, музей қорында сақтаулы тұрған жәдігерлерден жеке көрме тұңғыш рет ұйымдас­тырылып отыр. «Қор – музейдің жүрегі. Қорда сақтау­лы тұрған жәдігерлердің көрмеге қойылуы музей жұмысының жанданып жатқанын көрсетеді. Ал көрме экспозициясына келер болсақ, көрмедегі заманауи сәндік-қолданбалы өнер туындыларының қатарынан гобелендерді ерекше атап өтуге болады. Қазақстанның бүгінгі гобелен өнерінде ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін сипаттау кеңінен көрініс тауып отыр» дейді ол. Көрмеге М.Әбдірахмановтың қынапты пышағы, ­Г.Ивановтың алқа және білезігі, А.Лапачтың мо­йын әшекейлері, жүзігі мен ... Толығырақ оқу →

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ

ЭКСПО көрмесі кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ерікті болып, үш ай бойы қонақтарға экскурсия жүргізген жасөспірімдер марапатталды. Іс-шара еріктілер дайындаған «Бабалар өсиеті» ­театр қойылымынан басталды. Одан кейін жиналған қауым алдында Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі. – Нағыз патриот деп біздің белсенділерімізді айтуға болады. Үш ай көлемінде елорданың 12 оқу орнынан келген 77 ерікті бізбен бірге қызмет етті. Олар Елбасы кітапханасы экспозицияларын көрсету мен таныстыру арқылы мемлекеттің оң имиджін дамытуға өз үлестерін қосты. Атқарған жұмыстары үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымы атынан алғыс айтамын, – деді ... Толығырақ оқу →

АСТАНА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Жұрт арасында полиция қызметкерлеріне қарата әртүрлі сын-пікірлер айтылып жататыны жасырын емес. Алайда сіз бен біз қанша жерден сынағанымызбен, сақшыларсыз үлкен қалада алаңсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Мәселен, бүгінде елорданың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүздеген полиция қызметкері еңбек етіп жатыр. Міне, осы қызметкерлер ЭКСПО сынды әртүрлі жауапты сында сүрінбей еңбек етуде. Сақшылардың саны әлі аз Қазіргі таңда Астана қаласының аумағында 25 учаскелік полиция пункттері жұмыс істеп жатыр. Учаскелік полиция инспекторлары мен жергілікті полиция қызметкерлерінің көмекшілерінің саны 311 болып отыр. Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қыз­метінің ... Толығырақ оқу →

СУИЦИД ҒАСЫР ДЕРТІ МЕ?

Соңғы 50 жылда бүкіл әлемде суицид оқиғалары 60 пайызға өсті. Дүние жүзінің 10-24 жас аралығындағылардың мезгілсіз өлімінің негізгі себебінің бірі осы болып отыр. Сарапшылар 2020 жылға дейін бұл қасірет қазіргісінен де 1,5 есеге артады екен деген қауіп айтады. Десе де, арыс­тай азаматын, желкілдеп өсіп келе жатқан баласын қылбұрау­дан шешіп алғандардың беріш болып қатқан жарасын тырнаудан аулақпыз. Мақсатымыз – суицидке жеткізген жайтты талдап, оның да әлеу­меттік кесел, қатерлі құбылыс екеніне көз жеткізу. Мұның күннен-күнге белең алып бара жатқаны айтпаса да белгілі. Өкініштісі, мұндай жағдай өте жиі қайталанады. Содан да болар, бұған ... Толығырақ оқу →

БҮЛДІРШІН БАҚШАҒА АСЫҚСА…

Балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмауы керек. Ата-ана баласын онда «баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын» деген ниетте қалдырмауы қажет. Міне, осындай көзқарас қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ондағы ұжымның ауызбіршілігі мықты болуы шарт. Бүлдіршін бақшаға достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін, тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп келсе ғана, ол оның қызығып келетін шуақты мекеніне айналады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан- жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артылып ... Толығырақ оқу →

ЭКСПО-ны 77 894 оқушы көрді

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін облыстардан 77 894 оқушы келіп көрді. Бұл жоспарлағаннан екі есеге көп. Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған жоба аясында қалаға 40 мыңға жуық оқушылар мен жетекшілердің келуі жоспарланған болатын. Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылып, олар бірінші күні елорданың әсем жерлерімен танысса, келесі күні халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады. Көрмеге 28 мыңнан астам елордалық оқушы қатысты. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының деректеріне сүйенсек, көрме аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты қалалық еріктілер штабы жұмыс атқарған. 1500-ден астам белсенді 96 нысанда қызмет жасады, оның ішінде колледж бен ЖОО-ның студенттері, ... Толығырақ оқу →