-->

12 Қыркүйек 2017 күнінің мұрағаты

БИБІГҮЛ ЖҮЛДЕСІ БАТЖАРГАЛҒА БҰЙЫРДЫ

Астанада бір аптаға жуық уақытқа созылған Бибігүл Төлегенованың IX халықаралық вокалис­тер конкурсының гран-при иегері анықталды. «Классикалық ән» аталымына қатысқан 36 өнер­паздың арасынан Моңғолиядан келген Батжаргал Баярсайхан үздік шығып, жеңімпаз атанды. Бұл конкурстың бастамашысы бұлбұл көмей, жезтаңдай әншінің қызы Мәриямгүл болатын. Егер ол тірі болса, биыл 65 жасқа толатын еді. Анасының айтуынша, аталмыш байқауды ол қызының рухына арнады. «Қазақстан» орталық концерт залында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты мен гала-концерт өтіп, онда конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті. «Жастармен жұмыс істеген өте қызық. Биыл конкурсқа Армения, Болгария, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қазақстан қалаларынан өнер­­­паздар қа­тысты. ... Толығырақ оқу →

«ШАЛҚЫМАНЫҢ» ШАТТЫҒЫ

«Астана» концерт залында Астана қаласының мем­лекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблінің 10 жыл­дығына арналған мерекелік концерт өтті. Екі сағатқа созылған кеште қазақтың және орыс, башқұрт, кәріс, қытай, тәжік, якут, парсы, қырғыз, татар, украин, өзбек, армян, ұйғыр, мари, қалмақ, беларус халық әндері мен саздарына, Ықылас Дүкенұлы, Төлеген Момбеков, Тоқтағұл Сатылғанов, Нұрғиса Тілендиев сынды тарихта өткен күйші-композиторлардың, Тұрдықылыш Ізтаев, Айтқали Жайымов, Ержан Тоқсабанов сияқты қазіргі композиторлардың туындыларына қойылған билер көрерменге ұсынылды. Бұл хореографиялық қойы­лымдар бүгін ғана пайда болған жоқ. Оларды кезінде ҚР халық әртістері Шара Жиенқұлова, Зауырбек Райбаев, ҚазССР халық әртісі ... Толығырақ оқу →

ЖАС РЕЖИССЕРЛЕР ЖАРҚЫЛЫ

Астанада Қайрат Сүгірбеков атындағы жас режиссерлердің бір аптаға созылған І рес­пуб­ликалық форум-фестивалі аяқталды. Оған еліміз­дің он үш театрында спектакльдерін қойған 20-40 жас аралығындағы режиссерлер қатысты. Қорытындысында бас жүлде М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері Елік Нұрсұлтанға Ж.Ерғалиевтің «Қас-қағым» спектаклі үшін бұйырды. «Өмірден ерте өткен жаңа­шыл режиссер Қайрат Сү­гір­бековке арналған форум-фестиваль ең алдымен жас режиссерлердің шығармашылығы қай бағыт­та кетіп бара жатқанын бағам­дауға мүмкіндік берді. Бұл фестиваль кейбір жас режиссерлерге үлкен өнерге деген жолдама беріп отыр. Бірақ мынаны есте сақтауымыз керек: осындай байқауларда орын, жүлде алу – шартты жағдай. Онымен ... Толығырақ оқу →

ЕЛОРДАНЫҢ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАРЫ

Қазақ халқы – мыңдаған ғасырлар бойы апайтөс кең далада еркін өсіп, ержеткен халық. Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен рухани құндылықтары: оның тілі, ғажайып фольклорлық туындылары, кескіндеме, қол­данбалы мұрағаттарының терең сипаты бұл ха­лықтың ұлылығын көрсетсе керек. Қазақстан – қазақ хал­қының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабаларымыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағы – ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Қазақстан тарихында Ақмола қашанда ерекше орын алады. 19 ғасырдың 30-жылдарының басында Есіл өзенінің оң жаға­лауында, Қараөткел қонысына таяу жерден Ақмоланың әскери бекінісі бой көтерді. Бірнеше жылдардан кейін мұнда төрт бұрышты келген бес ... Толығырақ оқу →

КЕЙКІ БАТЫР ҚАЛАЙ ҰСТАЛДЫ?

«Ауылыңда қартың болса – жазып қойған хатпен тең» дегендей, ұлттық тарихымыздың тылсым сырлары ұрпақтан-ұрпаққа шежіре қариялардың естелік әңгімелері арқылы жеткені белгілі. Соның бір айқын көрінісі – Кейкі мергеннің 1922 жылы наурызда алғаш ұсталуы жайлы естелік. Бұл естелікті жазып қалдырған Әбдіхай Сарбалақұлы – 1895 жылы Қарамола деген жерде дүниеге келген кісі. Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сарбазы болған. Кейін Әліби Жангелдиннің отрядымен бірге ақ гвардияшыларға қарсы әскери іс-қимылдарға да қатысқан. Ә.Сарбалақұлы 1976 жылы Қарсақпайда дүниеден өтіпті. Естелік 1960 жылдары жазып алынған. Естеліктің маңызы – Кейкі мергенді Торғайдан және Қарсақпайдан шыққан қызылдардың ... Толығырақ оқу →

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҚТЫ

Елімізде салауатты өмір салтын қалыптасты­ра­тын қызметтің құрылғанына 20 жыл толуына орай «Денсаулық фестивалі-2017» өтті. Аталған шараны Астана қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. Астана қаласы денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, фестиваль 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» медицина саласын дамыту мем­ле­кеттік бағдарламасының жос­парын жүзеге асыру аясында өтті. – Жалпы Астананы спорт қаласына жатқызуға болады. Сіздер білесіздер, Астанада көптеген бұқаралық спорт­тық шаралар өтіп тұрады. Сон­дықтан біздің тұрғында­рымыз мұндай шараларға үйренген және осындай бастамаларға сөзсіз, жақсы қабылдап, қатысады деп ойлаймын. Жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны ... Толығырақ оқу →

ЖАРЫМЖАН ЖАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Астана – рухы мықты жандардың қаласы» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» шарасы өтті. Аталған акцияны «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Қала әкімі бастаған қонақтар каратэ залы мен бассейнді көріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың жаттығуын тамашалады. Бақыт Сапаровтың айтуынша, шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды бұқаралық спортқа тартып, бейімді спортты ... Толығырақ оқу →

ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ ИГІЛІГІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология­лар жөніндегі бірінші саммитінің пленарлық отырысына қатысты.Мемлекет басшысы жиынды ашып, бұл басқосу ислам тарихында ерекше із қалдырады деп сенім білдіретінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ислам әлемімен қа­рым-қатынасы ежелгі заман­нан тамыр тартатынын атап өтті. – Біздің байтақ даламызға ислам діні бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын келді. Еліміз ислам мен батыс өркениеттері арасындағы достық диалогқа дәнекер болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті бетпе-бет келіп отырған қазіргі сын-қатерлерге тоқ­талды. – Біріншіден, экстремистік және террористік ұйымдар кеңінен етек алуда. ... Толығырақ оқу →

АРЛАНДАЙ, ТАРЛАНДАЙ БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР…

«ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесі аясында ұйым­дастырылған айшықты шараның бірі «Кәсіпқой бокс кеші» болғаны сөзсіз. «Сарыарқа» велотрек сара­йында Қанат Ислам бастаған қазақ жігіттері қарсылас шақ келтірмей, тоғыз жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткен бокс кешіне Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және басқа да бірқатар компаниялар қолдау көрсетті. Бұл кештегі ең басты жекпе-жек орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақ үшін өтті. Басты жекпе-жек алдында кәсіпқой бокста таныла бастаған қазақ жігіттерінің қатысуымен сегіз айқасты көрдік. Шаршы алаңға алдымен көтерілген ... Толығырақ оқу →

РУХЫМЫЗДЫ КӨТЕРГЕН КӨРМЕ

93 күн бойы жалауы желбіреген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын аяқтап, тарих қойнауына кетті. Ел ордасы – Астанада өткізілген әлемдік деңгейдегі шараның жабылу салтанаты ЭКСПО қалашығындағы Конгресс орталықта өтті. Салтанатты шарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрмені қорытындылап, оны жабық деп жариялады. Айта кетейік, 4 миллион адам тамашалаған көрме аясында 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым «Болашақ энергиясы» тақырыбында жаһан жетістіктерін таныстырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін қорытындылады. – Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде әрі табысты өткенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл тә­уелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша ... Толығырақ оқу →