-->

7 Қыркүйек 2017 күнінің мұрағаты

ҚАНАТТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ – КУК

Алдағы сенбі, 9 қыркүйек күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде көптен күткен «Кәсіпқой бокс кеші» өтеді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдас­тырылатын айрықша спорт шарасының басты оқиғасы отандасымыз Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек болмақ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ZHERSU» корпорациясы, «ВІ Group», «Базис А», «Mabetex Group» компанияларының қолдауымен өткізілетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Исламның бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша жеңіп алған атақтары сарапқа салынатын болады. Яғни, қазақ боксшысы чемпиондық атақтарын бәске тігіп ... Толығырақ оқу →

«Барыс»: 46 секундта 3 гол!

КХЛ чемпионатында ойнайтын астананың «Барысы» алтыншы турда «Салават Юлаев» командасын есінен тандырып жеңді. «Уфа Арена» алаңында өткен матчта Астананың «Барыс» командасы керемет көрсеткішті тіркеді. Ойынның аяқталуына шамалы қалғанда алаң иелері ереже бұзып, бір ойыншысы екі минуттық айыппен алаңнан қуылды. Сол-ақ екен, «Барыстың» бас бапкері Евгений Корешков 30 секундтық тайм-аут алды. Есепті теңестіру үшін шәкірттеріне тактикасын ұсынды. Команда капитаны Найджел Доус 59 минут 06 секундта «Салават Юлаев» қақпасының қызыл шамын жарқ еткізді. Есеп 3:3! Ал таблодағы сағат тілі 59 минут 37 секундты көрсеткенде Сен-Пьер Мартен есепті еселей түсті – 4:3! Алдында ... Толығырақ оқу →

ЖАСӨСПІРІМ ФУТБОЛШЫЛАР ЖЕҢІСІ

Астанада футболдан жасөспірімдер арасында «Аlaska-Cup 2017» турнирі өтті. Елордада футболға айрықша мән беріле бастады. Қаладағы бірқатар мектептер жанынан футбол секциялары ашылып, жүздеген бала ала допқа арбалып жүр. Жақында осындай игі бастаманың алғашқы нәтижелеріне де көз жеткіздік. Астана қаласы футбол федерациясының қолдауымен «Eagles-Astana» жасөспірімдер мен балалардың футбол мектебі және республикалық физика-математика мектебі бірлесіп тәп-тәуір турнир ұйымдастырды. Бұл жарысқа қала мектептерінен командалар қатысты. Жарысқа кәсіпқой төрешілер қазылық етті. Түптеп келгенде, барлық талап-ережелер сақталды. Ал жарыстың барысына келсек, 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер жарысында «Қуат» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Арландар», ал үшінші орынға ... Толығырақ оқу →

ҚОЯНДЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ – ТАРИХ, «ЭКСПО» – АҚИҚАТ

Апта басында Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Қарағанды облысының мәдени күндері басталды. Өндірісті өлкеден елордаға аймақ басшысы Ерлан Қошанов бастаған 1500-ге тарта адам келді. Сейсенбіде «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде облыс күндерінің ашылу салтанаты өтіп, үлкен думанға ұласты. Лондондағы атақты Гайд-паркте өткен тарихтағы алғашқы «ЭКСПО» көрмесінен үш жыл бұрын Қарқаралы жерінде Қоянды жәрмеңкесі ашылып, өткен ғасырдың отызыншы жылына дейін дүрілдеді. Қарағандылық өнер ұжымдары сол жәрмеңкені жаңғыртып, жиналған қауымға оның мерекелік атмосферасын сезіндіре білді. Кезінде бұл жәрмеңкеде Біржан салдан бастап, күй тәңірісі – Тәттімбет, Майра Уәлиқызы сынды дүлдүл өнерпаздар өнер көрсетті. Солардың ... Толығырақ оқу →

ТАРИХ ТҰНҒАН ТАЙТӨБЕ

Өмірзақ Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор   Көз сүрініп жығылатын күрең бел, Сағымданған сары далама рең бер. Дулығалы батырларға дұға қып, Саған қарай келе жатыр талай ер Жыл мезгілінің бір әдемі тұсы мамыр айында Тайтөбе елді мекеніне жолым түсті. Мақсатым – ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, бабалар жатқан қасиетті орындарға зиярат ету. Тайтөбе – «Есіл, Нұра – екі өзен, егіз бала секілді» деп ақындар жырға қосқан қос өзеннің Нұрасының оң жағалауында орын тепкен жер. Талай тарландар мен жүйріктерді туғызған топырақтың сан қилы оқиғаларды басынан кешіріп, куә болғанын ауыл адамдарынан естідім. Табиғаты жанға ... Толығырақ оқу →

ТОҚТА, ТАКСИ!

Қазіргі таңда елордада қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін 14 таксомоторлы компания жұмыс істеп жатыр. Міне, осылардың 6-уы «ASTANATAXI» деп аталатын ZHeBe, ЭКО, Аруна, Тұмар, Drivers, Vector бірыңғай қалалық қызметтерге біріктірілген. Нақтырақ айтқанда, қалада қызмет көрсететін таксопарктердің барлығы бірыңғай қалалық қызметтің қатысушылары емес. Алайда елордада белгілі бір таксопарктің өкілі ретінде қызмет көрсететін жалған жүргізушілер пайда болды. Әкім назарын таксопарктерге тікті Жалған такси жүр­гізу­шілер көлігін «ASTANATAXI» стилінде безендіріп алып қызмет көр­сетіп келген. Алайда безен­дірудің сапасы өте нашар бол­ғандықтан, түпнұсқаға мүлде сәйкес келмейді. Оның үстіне, бірыңғай емес шрифтер (әріптер) пайдаланылып, сұлбасы белгіленбеген ... Толығырақ оқу →

ЖОЛЫҢДЫ БІЛ, ЖҮРГІНШІ!

Астанада соңғы 8 күн ішінде 450-ге жуық әкімшілік бұзушылық анықталды. Бұл «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы аясында белгілі болды. Ал жалпы, жылдың 7 айында 329 жол-көлік апаты орын алған. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 56 апаттық оқиғаға кем екен. – Елордада 21 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде. Осы арқылы жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің әсерінен орын алатын келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға ерекше көңіл бөлінуде, – дейді Астана ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі қызметінің инспекторы Астемір Бектаев. Жол-көлік апаттарының саны әлдеқайда азайғанымен, жыл ... Толығырақ оқу →

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Адал еңбек етіп, өкінішке қарай, ақысын ала алмай жүрген елордалық бір топ құрылысшының бармаған жері, қақпаған есігі қалмады. Редакцияға шағымданған олар бір жарым жылдан бері құрғақ уәдеге тойғандарын айтады. Ал жалақысын бермей кеткен «Дорожник» құрылыс компаниясы бір күнде ізім-қайым жоғалған. Елордада екі бірдей мектеп құрылысын жүргізген жұмысшылардың басым бөлігі ауылда қалған бала-шағасын асырау үшін еліміздің әр өңірінен келген екен. «Дорожник» құрылыс компаниясында жұмыс істеген олардың саны 50-ден асады. Тек жұмысшыларды ғана емес, шағын-шағын құрылыс мекемелерін де тартқан компания бас-аяғы 150 азаматқа қыруар қаржы берешек. Өткен жылдың соңында аталмыш кәсіпорын директоры ... Толығырақ оқу →

ТАРЫДАЙ БОЛЫП КІРЕ АЛМАЙ…

Дәл қазір Астанадағы орта білім беретін 84 мектепке 145 мың оқушы барады. 17 мың бала тек 1-сыныптарға қабылданған болса, тағы 6 мыңдай бала басқа сыныптарға сырттан ауысып келген. Мектеп бітіруші түлектердің саны 4978 болғанын ескерсек, жылдағы межеден 18 мыңға артық оқушыға орын табу қалалық Білім басқармасына салмақты мәселеге айналды. «Қырсыққанда қымыран іридінің» кері келіп, қаланың қақ ортасындағы №8 мектеп апатты жағдайда жабылып, ондағы оқушыларды онсыз да өз оқушыларын әрең сыйдырып отырған №4, 16, 56 мектептерге ауыстыруға тура келді. Бұл жағдайдан хабарсыз болып келген ата-аналар мен оқушылар үшін Осы жаңалық төбеден ... Толығырақ оқу →

РЕСЕЙДІҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ ӨТЕДІ

ЭКСПО қалашығында соңғы болып Ресей Федерациясы өзінің Ұлттық күнін атап өтеді. Мереке аясында қалада және көрме аумағында түрлі мәдени және ресми шаралар ұйымдастырылмақ. 8 қыркүйек күні Бейбітшілік және келісім сара­йында Ресей XI Еуразиялық Kazenergy форумына қатысып, «жасыл» энергетиканың тиімді тұстарын талдамақ. Сондай-ақ, сессия аясында атом саласындағы жаңа технология­ларды таныстырады. Сол күні ЭКСПО қалашығындағы Ұлттық күн сахнасында «Бурановские бабушки», «Россия» және «Сибирская забава» ұлттық ансамбльдері ән шыр­қап, «Алтай» тобы биден шашу шашады. Толығырақ оқу →