Monthly Archives: Қыркүйек 2017

МЕНІҢ ТІЛІМ – ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ

Биыл тұңғыш рет қала әкімі Әсет Исекешевтің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты айтыс ақыны Аманжол Әлтай, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, әзілқой әртіс Тұрсынбек Қабатов және қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаровқа табысталды. Тіл фестивалі аясында та­бысталған марапат өз сала­сында мемлекеттік тілдің дамуына атсалысып, отансүйгіштікті ұлықтап жүрген, ұлтымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртып, ел алдында жүріп, тіліміздің мәртебесін асқақтатқан азаматтарға берілді. Фестивальді жүргізген ақын Қалқаман Сарин мен актриса Айгүл Иманбаеваның қағытпа қалжыңдары кешке көрік берді. Ал Алты­най Жорабаева, Ибрагим Ескендір, Маржан Арапбаева, Қуандық Рахым сынды қазақ эстрадасының танымал жұлдыздарының өнері көпшілікті тәнті етті. …

Ары қарай оқу

АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА…

Астанада Қазақстан халқы тілдерінің XIX фестивалі аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты қалалық байқау өтті. Сайыс үш бөлімнен тұрды. Алғашқысында ұлы тұлғаның өлеңдері мен қара сөзін мәнерлеп оқыса, екіншісінде ақынның әндерін орындайды. Үшінші бөлімде Абай әлеміне қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Қатысушылардың өнерін сарапқа салатын қазылар алқасына елге белгілі азаматтар тартылған. Олардың арасынан өзіміз Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, режиссер Болат Ұзақовты таныдық. Байқауға іріктелген алты топ қатысты. – Тілдер фестивалі аясында Абай атамыздың туындыларын дәріптеуге арналған байқау …

Ары қарай оқу

АЛЫС ТА ЖАҚЫН МАЖАРСТАН

Лакителек Лакителек Будапештен қырық шақырымдай қашықтықта орналасқан өте әдемі, шағын қалашық екен. Мажарстанда Лакителек халық институты әлем халықтарының тілдері мен мәдениетін оқып үйретуді қолға алған. Лакителектің басшысы әрі спикерлік қызметтегі Шандор Лежактың қолдауымен бұл институт жиырма жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жазда Лакителекте оқу-тынығу лагері өтеді. 2015 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен Будапештегі академиялық кітапханаға іссапармен барған кезімде, осы лагерьге қазақтың салт-дәстүрі мен этнографиясынан сабақ беру туралы ұсыныс болған еді. Сәті биыл түсті. Лакителекте 6 тіл (қазақ, орыс, украин, моңғол, белорус, мажар) бойынша секцияларға бөлінген сабақтар өтті. Қазақстан, Ресей, …

Ары қарай оқу

ӨНЕРЛІ ӨРЕН

Баланың балалық шағы дұрыс болса, келешегі де оң болары даусыз. Сол себептен отбасында қатыгездікті емес, мейірімділікті, рахымшылдықты көп айту керек. Менің төрт балам, тоғыз немерем, бес шөберем бар. Соның ішінде Абылайхан деген немеремді ерекше жақсы көремін. Кішкентай күнінен атасы мен әжесінің бауырында өсті. Ес білгеннен бастап әліппе үйретіп, есеп шығартып, мектепке дайындадық. Ол соның бәрін зейін салып тыңдады. 2011 жылы қаладағы №66 мектептің бірінші сыныбының табалдырығын аттап, алтыншыға дейін үздік оқыды. Мектептегі үздік оқушылардың тақтасында фотосы ілінді. Сабақтан бос уақытында каратэ, шахмат, гимнастика секілді үйір­мелерге қатысып, спорт залдан шықпады. Қалалық …

Ары қарай оқу

Білікті маман – ел болашағы

ХХІ ғасырдың жаһандану үрдісі мен ақпараттық қордың молдығынан қазіргі кезде өзгерістерге бейімделу кез келген маман иесіне аса қажетті саналады. Себебі тез арада жаңалықтарға құлағын түріп жүретін білікті және білгір мамандар ғана алға қарай жылжып, өсіп-өркендеп, соның есебінен мемлекетті де дамытуға үлестерін қоспақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі таңда Қазақстан елінің дамуы мен өркендеуі, жаңа заман легінен қалыспай жүруі үшін жасап жатқан қадамдары мен реформалары заман талабынан туындағаны дау туғызбаса керек. Сол себепті өмірдің өзі талап етіп отырған ақпараттық жауынның астында қалып қоймай, қайта соның есебінен дамуды ойлап, алға қарай ұмтылу керек. «100 …

Ары қарай оқу

ҚАУІПСІЗ ӨНІМДІ ТАҢДА

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары «Астаналық» сауда үйінде «Қауіпсіз өнімді таңда» шарасын өткізді. Шара барысында аталмыш сауда үйіне келушілер дәл осы жерден сатып алған азық-түліктерінің сапасын тексеруге мүмкіндік алды. Яғни, санитарлық-химия­лық, бактериологиялық зертхана мамандары өнімдердің құрамында нитраттың қалдығы, тағамдардың микробтық ластануы мен сүт өнімдерінің қышқылдығы жоқ екенін анықтап, сонымен қатар бал өнімдерінің де таза, ешбір қос­пасыз екендігіне көз жеткізу үшін экспресс әдіспен тегін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Алматы аудандық басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Шапатаева: – «Hy-lite» деп аталатын …

Ары қарай оқу

АСТАНА ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Еуропа елдерінен келген меймандардың басым бөлігін Германия азаматтары құраса, Орталық Азия өңірінен – Қытай тұрғындары болды. Сондай-ақ, Астана – ТМД бойынша ресейлік туристердің ең көп тамашалаған қаласы атанды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов еліміздің туризм саласындағы мамандарымен кездесуі барысында мәлімдеді. Әлішер Пірметовтің айтуынша, үш ай ішінде елордаға 5,4 млн мейман келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 миллионға артық. «ЭКСПО-2017» көрмесін 93 күн ішінде 3,977 млн адам тамашалаған. Еліміздің осындай көрсеткішке жетуіне көрмеге белсенді қатысқан отандық туристік компаниялар септігін …

Ары қарай оқу

ӘНУАР ЖАНҒОЗИН:ТАЯУ АРАЛЫҚТА 30 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Сәрсенбі күні «Елорда ақпарат» медиа ресурсы мен «Астана» радиосының бірлес­кен «Қала тынысы» жобасының кезекті бағдарламасына қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин келді. Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған тікелей тілдесу барысында қала мектептеріндегі орын жетіспеу­шілігі, жекеменшік балабақшаларға жолдама алудағы жеңілдіктер, 5 күндік оқу аптасы, 12 жылдық білім беруге мектепалды даярлық, үштілділік, оған мұғалімдердің дайындығы, ұстаздардың біліктілігін арттыру, оқытушының мәртебесін көтеру сынды бірнеше маңызы бар мәселелер талқыланып, оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Дәл қазір қаламыз бойынша қордаланып отыр­ған, газетіміздің бетінде жиі көтеріліп жүрген маңызы бар мәселелердің нақты жауаптарын назарларыңызға ұсынып отырмыз. …

Ары қарай оқу

«ШАРАПАТ» ШУАҒЫ

Жасы келген қарттарға ең керегі – көңіл. Сондықтан мереке қарсаңында «жасотан­дықтар» әкімдіктің «Шарапат» әлеуметтік қыз­мет көр­сету орталығына барып, қариялармен бір партия шахмат ойнап қайтты. Сонымен қатар жастар ардагерлерімен үстел тен­нисі, тоғызқұмалақ, дойбы ойнады. «Жас Отан» жас­тар қанатының баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Серікжанованың айтуынша, белсенділер қарияларға әрдайым көңіл бөледі. – «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы 2014 жылдан бастап қолға алынды. Биыл біз 25 қыркүйекте «Қарттарым, аман саумысың» шарасын бастаған болатынбыз. Шара 5 қазанға дейін жалғасын табады. Оның аясында бүкіл республикада 16 мың «жасотандықтың» қатысуымен түрлі игі істердің басын қайырамыз. Ал бұл шара жастар …

Ары қарай оқу

ГЕРМАНИЯДАҒЫ ЖАҢА НАЦИЗМ қаупі

Өткен жексенбіде Германияда елдің парламенті – бундестаг сайлауы болып өтті. Оның қорытындысы канцлер Ангела Меркельдің төртінші мерзімге қызметінде қалатынын көрсетіп берді. Бірақ неміс елінің баспасөзі іле-шала мұны «арпалысты жеңіс» деп атап үлгерді.   Олай болатыны, ел билеушісі басқаратын ХДС-ХСС одағы соңғы жарты ғасырдағы ең төменгі көрсеткішпен, сайлаушылардың бар-жоғы 33 пайыздық дауысымен көштің басына шықты. Оның негізгі қарсыласы – СДПГ партиясының жетекшісі Мартин Шульц 20,5 пайыздық көрсеткішке жетті. Осылайша, аталмыш партияның тарихындағы ең төменгі нәтиже тіркелді. Бұл да ештеңе емес, ең таңғаларлығы – нацистік сипат пиғылды ұстанатын оңшыл бағыттағы «Германия үшін …

Ары қарай оқу