Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

Архив за день: 5 августа 2017

Ғылымның қия жолында

«Елу – ердің жасы» дейді қазақ аталарымыз. Демек, елу – еңселене еңбек ететін, бойдағы күш-жігерді аямай қызмет қылатын жас. Бәріміз жақсы білетін азамат, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Серікпаев Нұрлан Амангелдіұлы да осынау елеулі жасқа жетті. Ғылым жолында, ізденіс үстінде жүрген кім-кімге де бұл орта жас болып есептеледі. Әлбетте, әркім әрқалай жетеді. Біздің аяулы ұстазымыз қажырлы еңбегінің арқасында талай биіктерден көрініп, талай асуларды бағындырды. Енді Нұрлан Амангелдіұлының өмірбаян жолдарына ой жүгіртейік. Ол кісі Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Черемошенка (қазіргі Үш бұлақ) ауылында 1967 жылдың 1 тамызында дүниеге келді. Әкесі ... Читать далее »

Қазақ кітаптары – латын әліпбиінде

Кеше «Қазақ­стан-2050» жалпы­ұлттық қозғалысы ҚР Ұлттық академия­лық кітапханасы­мен бірлесіп, «Men qoldaimyn» шарасы аясында «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиі­мен жазылған кітаптардың көрмесін ұйымдастырды. Ша­раға аталмыш қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев және кітапхана директорының орынбасары Әлия Қо­жабекова қатыс­ты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан еңбектері қойылды. Сонымен қатар оған келгендер шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерімен танысты. Елбасы: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ... Читать далее »

Көлік қызметкерлерінің спартакиадасы

Көлік қызметкерлері күні мерекесіне орай Астанадағы Жолау­шылар көлігі кәсіп­орындары арасында спартакиада өтті. Айтулы шараға қатысушылар волейбол, үстел теннисі және шағын футболдан бақ сынасты. Сайысқа шамамен алғанда 150-ден астам қызметкер қатысты. Бәрі де мерекелік көңіл-күйде, жүйрікке мінгендей тамаша әсерде жүрді. Алдымен көлік саласының мамандары волейболдың көрігін қыздырды. Онда төрт команда сайысқа түсті. Ұшқырлықты, жылдамдықты қалайтын ойында мамандар бір-біріне дес берген жоқ. Тәп-тәуір өнер көрсетті. Жарысқа тас түйін әзірленгендігін дәлелдеді. Волейбол ойынында қаладағы №2 автобус паркінің командасы топ жарды. Екінші орынды №1 автобус паркінің ұжымы иеленді. Үшінші орын №3Sk автобус паркінің командасына ... Читать далее »

Алдыңғы орында жүрміз

Астанадағы «№1 автобус паркі» АҚ-ның тарихы елу жылдан асады. Бүгінде елорда ғана емес, жалпақ елімізге аты мәлім мекеменің абыройы биік. Жолаушылар тасымалдайтын ұжымдардың алды. Мереке күні аталған акционерлік қоғамның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бияахмет Біләловпен кездесіп, өзі қызмет істейтін кәсіпорын туралы әңгіме өрбіткен едік. – Аға, сөзді атағы көпке жайылған парктен бастасақ… – Біздің №1 автобус паркі 1964 жылы құрылған. Міне, биыл 53 жыл толып отыр. Байқасаңыз, ұзақ белес. Тарихы да өткен ғасырдан бастау алады. Материалдық базасы да мығым. Алдыңғы орында жүрміз. Тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Бүгінде қаладағы 30 пайыздан ... Читать далее »

Несие неге төленбейді?

Қаржылық сауат­сыз­дық қарызға батырады. Қазақстанда 1 млн-нан астам адам несиесін өтей алмай жүр. Несиеге көлік алғандардың берешегі 40 млрд теңгеден асады екен. Жалпы, 1,8 трлн теңге – тұрғындардың банк алдындағы «тұтынушылық» қарызы. Сарапшы мамандар кейбір азаматтардың тапқан табысынан да көп жарататынын алға тартады. Қолдағы қаржыны оңды-солды, жоспарсыз жарату түбінде қаржылық сауатсыздыққа әкеледі, тіпті ел экономикасының даму деңгейіне әсер етеді. Қазіргі уақытта қымбат көлік міну, бағалы телефон ұстау, ұлан-­асыр той жасау күнделікті тірлікке айналды. Орташа жалақының аздығына қарап, қалай қол жеткізуге болады деп алаңдасаңыз, жауап бірден табылады. Ол – қарыз алу. ... Читать далее »

Тобыл-торғай тартуы

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталады. Тобыл-Торғай өңірінің мәдениеті 9 тамызға дейін елорда төрінде салтанат құрады. Бұл күндері суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, әнші, әртістер, өнерпаздар, спортшылар өнер көрсетеді. Өңірдің мәдени бағдарламасына толығырақ тоқталсақ, 5 тамызда кешке «ЭКСПО» қалашығындағы амфитеатрында облыс күндерінің ашылу салтанаты және өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. 6 тамызда тустен кейін «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концертінде халық әндерін орындаушылардың және Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін, ал «Қолөнершілер» секторында 20 қолөнер шеберінің «Туған жер ... Читать далее »

Қазақтың киесі – атамекені

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттерді алға шығарған еді. Елбасы «Отанды сүю кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дей келіп, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бағдарламаның «Туған жер» аталу себебін Нұрсұлтан Әбішұлы былайша түсіндіреді: «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған ... Читать далее »

Күні-түні бір тынбай…

Бала кезімізде алып адам – Степа ағай туралы өлең оқыған едік. Өзенге батып бара жатқан оқушыны құтқаратын, өрт лап ете қалған жағдайда жедел көмекке келетін бас кейіпкер бейнесі біздің жадымызда бойымен ғана емес, осындай ізгі қасиеттерімен жатталып қалды. Бүгінгі төтенше жағдай қызметкерлерін осы Степа ағайға теңеуге болады. Күні-түні тыным таппайтын олардың қызметінің жауапкершілік жүгі ауыр. Себебі, әр қауіпті оқиғаның арғы жағында адам өмірі тұрады. ҮШ СУ АЙДЫНЫНДА ҒАНА ШОМЫЛУҒА БОЛАДЫ Суға шомылу маусымы басталғалы бері қаланың су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушылар ауқымды жұмыс ... Читать далее »

Қалтарыстағы қазақ тілі

Кез келген қаланың бет-бейнесiн дәмхана, мейрамхана, шағын мекемелердiң атаулары ашады. Қызылды-жасылды жарнамалық баннерлердiң де бұл тұрғыдан салмақ-бәсi басым. Көп жағдайда қожайын – кәсiп иелерi елдiк құндылықтарды құнттамай жатады. ҚР Тілдер туралы заңының 21-бабында жарнама алдымен мемлекеттік тілде, содан кейін орыс тілінде жазылады деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ал көшеде ілінген көп жарнамалар қазақ тілінде жазылмайды. Мұны бiз арнайы рейд кезiнде анық байқадық. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады деуге болады. Мемлекеттік тілді менсінбей тұрған мұндай атаулар қашанғы «жараның бетiн тырнай береді?». ... Читать далее »

«Киелі Астана» картасы дайындалады

Астана әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жиналыс өтті. Әкімдіктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, бағдарлама жобаларының бірі – Қазақстан астанасының тарихи-мәдени мұраларын біріктіретін «Киелі Астана» картасы болмақ. Ермек Аманшаевтың айтуынша, Астана өлкесінде көне түрік кезеңіне жататын археологиялық нысандар бар. Демек, бұл елордадағы барлық ескерткіштер «киелі картаға» енуі керек және тарихи-мәдени мұраларды тереңінен зерттеу үшін жұмыс тобы құрылуы тиіс дегенді білдіреді. Оның құрамында біздің ғалымдар, археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері болады. – Жалпы, «Киелі Астана» елорда өмірінің бірнеше компоненттерін біріктіреді. Өйткені ... Читать далее »