-->

Ай мұрағаты: Тамыз 2017

Мұхамеджан ТАЗАБЕК, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры: АЛЛА ОҢДЫ ӘРЕКЕТКЕ БЕРЕКЕТ БЕРЕДІ

Жала жапқандардан қорғанып келемін – Әлеуметтік желіде Сізді даттайтындар да, мақтайтындар да көп. Әсіресе, соңғы кезде бір жазбаны бөліскеніңізде бұл қатты байқалды. Досыңыз көп пе, жауыңыз көп пе, қалай ойлайсыз? – Мұқағали ақын «Дұшпаның бар ма дейсің, қайдан білем? Әйтеуір, жүрген жерім сайран кілең. Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы, Алдымда ақ дастарқан, жайған кілем» дейді ғой. Сол айтқандай, алдыма келіп «Мынауың дұрыс болмады» немесе «Мына ісің ұлтқа зиян келтірді» деп жатқан ешкім жоқ. Керісінше, көрген жерде батасын беріп, қолымды қысып, ризашылығын айтып, арқамнан қағып жатқан ел көп. Өкінішке қарай, сыртымнан кінә ... Толығырақ оқу →

КҮЙШІНІҢ КҮЙ МҰРАСЫ

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі өзінің ХХ концерттік маусымын Алтай-Тарбағатай күй мектебінің жарқын өкілі Бейсенбі Дөненбайұлының шығармашылығына арналған «Әділ би, тарлан күйші» кешімен ашты. Бейсенбі Дөненбайұлы (1799–1872) Қытайдың Алтай аймағында Буыршын ауылында дүниеге келген. Ол өз заманында сол өлкедегі ең танымал төрт билерінің бірі болып, халық арасында әділ би, дәулес­кер домбырашы және сазгер ретінде аталды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ержан Тоқсабановтың айтуынша, Бейсенбі Дөненбайұлының 150-ге жуық күйі бар. Ұжым әртістеріне оның мұрасын көрерменге жеткізу үшін біраз еңбектенуге тура келді. Осылайша, кешке жиналған қауым тек домбырада ғана емес, ... Толығырақ оқу →

ӘЙГІЛІ ӘНШІНІҢ «ӘН-ҚАНАТЫ»

«Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Ән-қанатым» атты мерейтойлық концерті өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған әйгілі әншінің кеші, әдеттегідей, ғажайып шоуға айналды. Роза үлкен сахнаға алғаш рет 1975 жылы аяқ басты. Содан арада екі-үш жыл өткенде композитор Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнімен жалпақ жұртқа танылды. Болгарияда өткен «Алтын орфей» байқауында бұл туындыны шырқап, жұлдызды сәті туды. Ән әншінің бағын ашса, әнші де әннің бағын жандыра білді. Осы кеште көрерменнің көбісі «Әлияны» күтті десек, қателесе қоймаспыз. Өкінішке қарай, концертке жинал­ған қауымның бұл тілегі ... Толығырақ оқу →

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЕНДІ ЖЕДЕЛДЕЙ МЕ? ЖАҢА ҚАҒИДАТТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Күні кеше Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес елімізде медициналық қызмет көрсету қағидалары бекітіліп, заңды күшіне енді. жедел медициналық қызметтер туралы жаңа құжат ел азаматтарына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің сараланған тәсілін ұсынады. Яғни, жаңа талапқа сай жедел жәрдем қызметі 4 санат бойынша қызмет көрсететін болады. Алайда бұл жаңалық көбінесе сыннан көз ашпайтын саланың түйткілді мәселесін шеше ала ма? ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 4 САНАТҚА БӨЛІНДІ Министрдің ресми мәліметіне сүйен­сек, жедел шақыртулар санаттары бойынша белгілеріне (синдромдарына) қарай оңтайландырылған және топтастырылған. Атап айтқанда, 1-категория бойынша пациенттің өміріне тікелей қауіп төндіретін, шұғыл ... Толығырақ оқу →

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

Астана қаласының Жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау ережелері жетілдіруді қажет етеді. Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері осындай шешімге келіп отыр. Кеше өткен аталмыш органның отырысында бұл мәселе көпшілік талқысына шығарылып, біраз сұрақтар туындатқаннан кейін жасыл желекке жауапты астаналық Табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына ережені түзеу үшін бір апта уақыт берілді. Отырысты жүргізіп отырған қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов жауапкершілік мәселесін көтере отырып: «Астананың жасыл белдеуі туралы айтпай-ақ қояйын, Президент саябағына қанша ағаш отырғызылғанын, олардың қаншасы жерсінгенін маған айта аласыздар ма? Бұл саябаққа өзі бардыңыздар ма? Онда суару ... Толығырақ оқу →

СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҒЫ ОЙЛАНДЫРАДЫ

Алик Шпекбаев талдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне түсетін әрбір арыздың екіншісі сот актілерінің орындалуына байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес олардың орындалғаны 43 пайыз болса, ал қайтарылған зиянның көлемі 38 пайызды құраған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, Жол картасы аясында сот актілерінің орындалуы мен энергетика саласында қоғамдық мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдаған қорытынды кеңес өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер және бизнес өкілдері қатысты. Жиында алғаш сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ... Толығырақ оқу →

ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

Кеше өткен Астана қаласы мәслихатының Бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қалада «Жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының барысы қаралды. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рыскүл Қауғабаева баяндама жасады. Оның айтуынша, 2010 жылдан бері аталмыш бағдарлама шеңберінде елордада 733 жобаға қолдау беріліп, 8 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды. Ал жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 5,3 мың. 19 млрд теңгеден астам салық төленді. Нақтырақ тоқталсақ, қонақ үй бизнесі секторында 40-тан аса жоба, қайта өңдеу өнеркәсібінде 150-ден астам жоба ... Толығырақ оқу →

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Астанада «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымының ұйытқы болуымен өтетін «Бірге өмір сүру» атты жастар фестивалінің қарсаңында 27 жыл отасқан Смағұловтар отбасы көпшілікпен кездесіп, бақытты болудың құпиясымен бөлісті. Биыл «Бірге өмір сүру» жастар фестивалі үшінші мәрте өтпек. Айтулы шара алдағы 22-ші қыркүйекке жобаланып отыр. Оған әр өңірден үлгілі жас отбасылар қатысады. Басты мақсат – отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Қоғамдағы өзекті мәселе – ажырасудың алдын алу. Сол шапағаты мол шараның қарсаңында өткен жылы жүздесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев және тағы басқа да белгілі азаматтар қатысып, отбасылық құндылықты сақтау, оны ... Толығырақ оқу →

ОРТАЛЫҚ ЖАҢА КЕҢСЕГЕ КӨШТІ

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталық жаңа ғимаратқа көшті. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол бұған дейінгі кеңсе өте тар болғандықтан, азаматтарға толық­қанды қызмет көрсете алмағанын айтады. Ал Достық көшесі, 13, яғни «Нұрсая-2» тұрғын үй кешеніне көшіп келген орталықтың ғимараты кең әрі электрондық кезек бойынша қызмет көрсетеді. – Басқарманың басты жаңа­шыл­дығы – электронды кезек арқылы тұрғындарға жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік алдық. Өйткені жаңа ғимараттың көлемі үлкен, қажетті барлық құрал-жабдықтармен және кәсіби біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілген , – деді ол. ... Толығырақ оқу →

ЕЛДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Ақмола облысының Бурабай кентінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңес барысында мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру, рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есептер тыңдалды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Индустриялық-инновациялық даму, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Қазақстан Президенті оның сөзін тыңдап, Үкімет тарапынан мән беруді қажет ететін мемлекеттік бағдарламалардың жекелеген индикаторлары мен көрсеткіштеріне тоқталды. – Соңғы 2 жыл бойы «Арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарлар ... Толығырақ оқу →