Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

Архив за месяц: Июль 2017

КӘСІП ТАҢДАУҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Астанада балаларды еңбекке баулуға, ата-аналары тапқан ақшан­ың қадірін білуге, мамандықты таңдауға үйрететін «Мамандықтар қаласы» аталатын қанатқақты жоба бастау алмақ. Украина елінен жетіп отырған бұл тәжірибені Астана әкім­дігі қолдап, қолданысқа енгізгелі тұр. «Community» халықаралық журна­лының бас редакторы, «Мамандықтар қаласы» жобасын Украинада енгізген Татьяна Люльканың айтуынша, аталмыш жобаны ол осыдан үш жыл бұрын қолға алды. «Посткеңестік елдерде жоғары оқу орнын бітірген адамдардың 52 пайызы алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді деген статистика бар. Өз басым болашақта мамандықтан адаспау үшін бала кезден дайындалу керектігіне сенімдімін. Сонда жер бетіндегі адамзаттың өмір сүру сапасы да артады. ... Читать далее »

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ: ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ

Бүгіннен бастап елордадан қала маңына жүретін автобустарға жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілді. Ол туралы Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Жолау­шылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов баяндады. – Астаналық көлік жүйе­сін жаңарту мақсатында қала маңындағы автобус­тарға жолақы төлеудің электрондық жүйесін енгізудің төртінші кезеңін іске асырып отырмыз. Оның біраз артықшылықтары бар. Адамдар «Astra» көлік картасын қолданады. Картаның құны – 400 теңге. 10 сапарды жүктесеңіз, 11-ші сапары – тегін. Жолаушылар қалаға келгеннен кейін картаны валидациядан өткізсе, электрондық төлем жүйесі жұмыс істейді. Бір сағат ішінде қоғамдық немесе экспресс автобусқа тегін мінеді. Сондай-ақ, көлік ... Читать далее »

«ЕЛАРНА» ЕЛДІҢ АРНАСЫ БОЛА МА?

Осыдан төрт ай бұрын отандық киноға арналған «Еларна» атты тұңғыш телеарна ашылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдіраштың пікірінше, бұл арна басымдықты қазақ тіліне беру керек. Осы ойын кинорежиссер «Еуразия» XIII халықаралық кинофес­тивалі аясында өткен аталмыш телеарнаның тұсаукесерінде жеткізді. «Еларна» – қазақтың сөзі. Бұл елдің арнасы деген мағы­наны білдіреді. Сондықтан арна басшылығы қазақ тілі­нің мәртебесі мен абыройын көтеруге еңбектенуі тиіс. Бұл жал­пы қазақтың ісі болғаннан кейін телеарналар да бұ­дан тыс қалмауы керек. Мә­се­лен, «Балапан» телеарна­сы 100 пайыз қазақ тілінде тара­лып жатқанына өзімнің көңілім толады. Бірақ әзірге орыс тілін басқа елдермен қарым-қатынас ... Читать далее »

ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ ТУЫНДЫ

Таяуда мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, ұзақ жылдар бойы ҚР Парламент Сенатының депутаты болған, ел ағасы Қуаныш Айтахановтың саналы ғұмырынан сыр толғаған «Өмір белестері» атты кітап жарық көрді. Қуаныш ағаны жүзбе-жүз көрген емеспін. Бірақ сыртынан жақсы білемін. Мейірімді жүзінен қазақы болмысты бойына сіңірген асыл азамат екенін танимын. Бүгінде осындай ұлттық қайнардан нәр алған ағаларымыз азайып барады. Олардың әрбір жүріп өткен жолы ұлағат алам деген жасқа үлгі. Тарихы терең Отырарда дүниеге келген. Ата-анасы тәубесінен айнымаған ізгілікті жандар. Жасынан білімнің білте шамын жағып, биікке құлаш ұрады. Мәскеудің мал дәрігерлік академиясын ... Читать далее »

Әбдіуақап ҚАРА, тарих ғылымдарының докторы, профессор: ТІЛДЕ БІРЛІК БОЛМАСА, ПІКІРДЕ, ІСТЕ БІРЛІК БОЛМАЙДЫ

Таяуда Астанада дүние жүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Оған шетте жүрген ағайынның біразы жиналды. Жиынға Елбасы да қатысып, қиырдағы қандастарымыздың қамы жайындағы маңызды мәселелер ортаға салынды. Оны жұртшылық жылы қабылдады. Сол дүбірлі шара күндері Түркияда тұратын белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Әбдіуақап Қарамен жүздесіп, еркін әңгіме өрбіткен едік. ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕРЕК – Бар қазақтың басын қосқан құрылтай да өтті. Көптеген жақсы сөздер айтылды, келелі ойлар қозғалды. Айтулы шарадан қандай әсер алдыңыз? – Мен осымен бесінші құрылтайға қатысып отырмын. Аллаға шүкір, оны өзіме бақыт санаймын. Бүгінге дейінгі әр құрылтайдың ... Читать далее »

ИОРДАНИЯ ҰЛТТЫҚ КҮНІН ҰЛЫҚТАДЫ

ЭКСПО қалашығында Иорданияның ұлттық күні тойланды. Салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инаб аталмыш елдің баламалы энергия көздерін әртараптандыруды қолға алғанын мәлімдеді. «Иорданияның энергетика саласындағы басты саясаты – мұнай импортына деген тәуелділікті шектеу. Табиғи отынның үлесін арттырып, қолданыс аясын қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан, энергия көздерін әртараптандыру – Иордания үкіметінің алға қойған бағытының бірі. Ал ЭКСПО-2017 көрмесі – үздік инновациялық жетістіктермен танысудың мүмкіндігі» дейді Ахмед Идрис Инаб. Ал еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев екі ел арасындағы достық қарым-қатынас барлық салаларда ... Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР КІМДЕР?

Статистикалық ақпаратқа сүйенсек, ЭКСПО көрмесінде Ресей және Корея павильондары келушілер саны бойынша танымалдыққа ие. Ал өзіміздің «Нұр әлем» павильоны үздіктердің көшін бастап тұр. Нақты айтсақ, шілде айының соңында Ресей павильоны 300 мыңыншы қонақты қабылдады. Санақ жүйесі бойынша астаналық Ардақ Аюпбаева мәртебелі қонақ атанып, оған сый-сияпат көрсетілді. Павильон ашылғалы бері көрші елдің көрмесін қызықтауға 300-ге жуық делегация келген. Олардың қатарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Ресейдің Энергетика минис­трі Александр Новак, Сауд Арабиясы патшалығының Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар минис­трі Халид ... Читать далее »

АҚШ АЗАМАТЫ АЛҒЫС АЙТТЫ

ЭКСПО кешеніне келе жатып, шабаданын ұмыт қалдырған шетелдік қонақ елордалық полицейлерге қырағылығы үшін алғыс айтып келді. «Кариб елі» павильоны комиссарының ассистенті Sacha Michael Gui Teau ноутбук, киім-кешек салынған жол сөмкесін таксиде қалдырып кеткен. Тез арада құқық қорғау органдарына хабарлағаны сол, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік иесі табылды. Өз кезегінде шетел азаматы елордалық полицейлердің атына алғыс хат жолдады. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ    Отправить статью как PDF    Читать далее »

ӘУЕНІ ӘСЕМ ӘУЛИЕАТА

Көрме барысында әлемнің әр түкпірінен келген қонақтарға энергия саласындағы жетістіктерді ғана жеткізіп жатқан жоқпыз. Тағылымы мол тарихымыз­бен таныстырып, салт-дәстүрімізді дәріптеп жатырмыз. Күні кеше қасиетті Әулиеата өңірінен арнайы келген керуен – осының дәлелі. Жамбылдықтар екі күннен бері елорда төрін думанға бөлеп, тарихы терең Тараздың аманатын астаналықтарға жеткізуде. Шара барысында журналистермен сұхбаттасқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев: «Бұл көшпен бірге мәдениет саласындағы 500-ге жуық өнерпаздарымыз, жазушыларымыз, тарихшыларымыз, зерттеушілеріміз, архео­логтарымыз, ғалымдарымыз, зиялы қауым ЭКСПО көрмесін көруге келіп отыр. «Тараз – тарихымыздың темір қазығы» деп Елбасы айтқандай, 2014 жылы Қазақстан бойынша ЮНЕСКО-ға 8 жоба енгізілсе, ... Читать далее »

ҮШ ЖЫЛДАН КЕЙІН БАЛАБАҚША КЕЗЕГІ БОЛМАЙДЫ

Оқушылар сарайында «Кәсіпкерлердің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымды ашу бастамасына құқықтық және консультативтік қолдау» тақырыбында ашық есік күні өтті. Бүгінгінің өзекті мәселесін арқау еткен шараның өтуіне қалалық білім басқармасы мен Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы мұрындық болды. Шара барысында мектепке дейінгі мекемені ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге оны ашудың тәртібі, мектепке дейінгі мекемені ашуға байланысты заңнамамен белгіленген талаптар және оның ашылғаннан кейінгі жұмыс барысы, сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналас­тыру туралы қажетті ақпараттар ұсынылды. «Бүгінгі таңда елордада 30 мыңнан астам балғын балабақшаға кезекте тұр. ... Читать далее »