-->

13 Сәуір 2017 күнінің мұрағаты

ТАБИҒАТ ТАМЫРШЫСЫ

Елордадағы Оқушылар сарайының «Астана Арт Лайн» галереясында Мәдениет саласының үздігі,  Қазақстан суретшілер және Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Шыныбай Пірімбаевтың «Шабыт» атты  жеке көрмесі өтті Қаламы жорға қаламгер Бауыржан Омарұлының «Қаратерең вальсі» аталған эссесінде мынадай жолдар бар: «Мықты суретшілер шықты біздің Қаратереңнен. Бірінен-бірі өтеді. Ал осы ауылдың топырағын борпылдатып басып өскен тағы бір дарынды суретші тіпті алысқа шапты. Ол – Шыныбай Пірімбаев. Мәскеудегі талайдың қолы жете бермейтін В.Суриков атындағы көркемсурет академиясын бітіріп, айды аспанға бір-ақ шығарды» деп туған жерінің абыройын асырған азамат туралы тамсанып айтады. Міне, осындай Аралдың ... Толығырақ оқу →

ҰЛЫ ОПЕРАЛЫҚ АРИЯЛАР

Бүгін елордадағы «Астана Опера» сахнасында әлемдік опера жауһарлары тыңдармандарға ұсынылады. Концерт бағдарламасында ­П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж.Вердидің «Риголетто», Дж.Пуччинидің «Богема», К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Бизенің «Кармен», Р.Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж.Вердидің «Бал-мас­карад» және басқа опералардан әйгілі ариялар мен көрініс көрсетеді.«Бағдарламаға енгізілген ария­­ларды, негізінен, оркестр­дің сүйемелдеуімен тыңдауға болады. Менің алдымда күрделі әрі жауапты міндет осы туындыларды оркестрмен орындау тұр» дейді концерт авторы Жанар Ахметова. Режиссер Наталья Кагадий әсерге толы кешті театрландырылған қойылымдармен көркемдеп, тосын ойлар қосқан. – Маған тенорға арнап жазылған әйгілі шығармаларды орындау бақыты бұйырды. Біз Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», «Богема» операларынан ... Толығырақ оқу →

ТҮРКІ ТЕКТІНІ ТҮГЕНДЕГЕН

Жампоз журналист, парасатты публицист, ғиб­­ратты ғалым, зерделі зерттеуші Жарылқап аға ­жайында жазуды ұзақ ойландым. Қырық қат­­парлы кітаптарын қопардым. Замандастары мен әріптестері әдіптеген эсселерге үңілдім. Бәрі де ардақты азамат туралы шынайы тебіреніпті. Қа­­ламы қарымды қаламгер Қорғанбек Аманжол «Ізденімпаздық пен ыждағат» деп тө­гі­ліп­­ті. Белгілі ғалым Бауыржан Омарұлы «Ұлт ұғы­мын ұлғайтқан» деп ұлықтапты. Раушан Төлен­қызы «Санаткер сарашы» деп сыр тартыпты. «ҚазАқпаратта» қанатын қатайтқан Қанат құр­дасым ұстазым деп ой толғапты. Ау, сонда ма­ған не қалды? Егіннен соңғы сабанды теремін бе? Жоқ, менің де шешем ұл тудым деп қалжа же­ген. Ширығып қолыма қалам алдым. Бір ... Толығырақ оқу →

КӨРМЕДЕН КЕЙІН ДЕ КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ

Халықаралық көрме қарсаңында миллиардтаған инвестиция тартылып, қаншама нысандар бой көтерді. Енді көрмеден кейін аталмыш нысандарды келешекте пайдалану үшін өзгерту жоспарлануда. Мәселен, құрылыс барысында биіктігі сегіз метр болатын стандартты көрме павильондарында арнайы саңылаулар қалдырылған. Олар нысанды екі қабатқа бөлуге мүмкіндік береді. Жоспар бойынша көрме павильондары аумағында «А» класындағы кеңселер, оқу зертханалары мен дәріс залдары орналасады. Көрме аумағының бір бөлігін балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған ойын-сауық алаңы етіп қалдыруды көздейтін ұсыныстар бар. Жоғары технологиялар мұражайын ашу міндеті де қойылған. Бұл қазақстандық павильон қабатының бір бөлігінде орналасып, тұрақты түрде жаңаратын экспозицияға айналады. Сонымен ... Толығырақ оқу →

КИІЗ БИЛЕТ – 20 МЫҢ ТЕҢГЕ

«ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері сатылымға түскені белгілі. Соның ішінде құны 20 мың теңге тұратын билеттің ерекшелігі – киізден жасалған. Бұйырса, елорда төріне келген қонақтар киізден жасалған билетке қол жеткізе алады. Тіпті, кәдесый ретінде сақтауға болады. Арнайы тапсырыспен баспадан шыққан билеттердің саны шектеулі. Ұлттық компанияның Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев олардың бар-жоғы 10 мың екенін айтады. «Киізден жасалған билеттер шетелдіктерге міндетті түрде ұнайды. Олардың көбі қазақтың ұлттық бұйымдарына қызығады. Бұл ретте киізден жасалған билеттер біздің табиғатымызға да жақын. Билет әрі кәдесый түріндегі бұ­йым болғандықтан, көптің көңілінен шығатыны сөзсіз» дейді тері бұйымдарының шебері ... Толығырақ оқу →

«КОСМОС» КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

«ЭКСПО-2017» көрмесінде үздік инновациялық жоба үшін құны 20 мың еуро болатын «Космос» сыйлығы беріледі. Осымен бесінші рет тағайындалған сыйлық биыл кімге бұйырады? «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақовтың айтуынша, бұл – «ЭКСПО-90» халықаралық қоры мен Халықаралық көрме бюросының әлеуметтік жобасы. Мөлшері – 20 мың еуро. Ол жобаны дамытуға арналған стартап түрінде табысталады, яғни халықаралық көрме аясында әлеуметтік салада үздік деп танылған инновациялық жобаға беріледі. Аталмыш сыйлық туралы құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес және «ЭКСПО-90» ... Толығырақ оқу →

БРИТАН ПАВИЛЬОНЫ – ҚАЗАҚ ҮЙІ ҚАЛПЫНДА

Елордада «EXPO-2017» халықаралық көрмесінде ашылатын британ павильоны ресми түрде таныстырылды. Шараға осы елдегі Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов қатысты. Британ павильоны – көрмедегі ең ірі нысандардың бірі. Оның жалпы аумағы 1,100 шаршы метрді алып жатыр. Танымал британдық сәулетші Асиф Ханның шешімі бойынша павильон қазақтың киіз үйі пішінінде болмақ. Павильонның тақырыбы – «Біз – энергиямыз». Демек, Ұлыбритания көрмеде озық технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы инновацияларды таныстырады. Мәселен, «болашақтың материалы» деп аталып кеткен графеннің мүмкіндігін көпшілік біле бермейді. Бұл материал қазірдің өзінде көптеген салада теңдесі жоқ өнім ретінде бағаланады. Әлемдегі ең ... Толығырақ оқу →

ҚАЙ КӘСІП ҚАДІРЛІ?

Қалай айтсақ та, кәсіптік білімге деген көз­қарас өзгерді. Жастардың кәсіптік маман­дықтарға қызығушылығы артты. Бұған не се­беп? Техникалық мамандықтарға деген па­расатты көзқарас қашан қалыптасып үл­герді? Бұл сауалдарымыздың жауабын кү­ні кеше «Мектептер мен колледждердегі кә­сіптік-бағдарлық жұмыс» тақырыбында өткізілген баспасөз турында тапқандай бол­дық. Көргеніміздей, Көлік және коммуникация колледжі мен «Қам­қор-локомотив» ЖШС арасындағы байланыс қарқынды түр­де жүзеге асып отыр. Колледж студенттері теміржол са­ла­сының төрт мамандығы бойынша дуальді оқыту жүйесі бо­йынша білім алады. Оқу жоспары ұлттық компаниямен бі­рігіп жасалады. Бүгінде студенттер «Қамқор-локомотив» де­посында дуальді жүйемен практикадан өтеді. Электровозды жасақтаудың жұмыстарын көзбен көріп, қолмен ұстап, бі­лікті ... Толығырақ оқу →

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ

Қалалық шешімдер бюросының ұйытқы болуымен Astana Expert Club сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Астанадағы білім беруді дамытуға арналған дөңгелек үстел мәжілісінде мамандар білім саласындағы негізгі мәселелерді талқылады. Кездесу онлайн-конференция түрінде ұйымдастырылып, оны Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин жүргізіп отырды. Алдағы үш жылда 130 балабақша салынады Қазір елордада білім беру саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Оның негізгісіне дәл қазіргі кезде маңызы басым болып отырған мектепке дейінгі мекемелердің жайы жатады. Мәселен, балабақша проблемасы жыл өткен сайын күрделеніп барады. Балаң мектепке барғанша келмейтін ұзын-сонар кезекті толығымен жою үшін 200-ден ... Толығырақ оқу →

БІРЫҢҒАЙ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Жақын арада қала аумағында бірыңғай такси жүретін болады. «Astana city taxi» деп аталатын көліктердің алғашқы легі елордаға жеткізілді. «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Бауыржан Канкиннің айтуынша, аз уақыттан кейін жаңа көліктерден бөлек, қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған такси тұрақтары «Astana city taxi» брендіне топтастырылады. Таксилердің екінші легі таяуда әкелінеді.Бірыңғай такси қызметі бағдарламасы бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Барлық такси тұрақтарындағы көліктердің сыртқы келбеті бірдей болады. Жүргізушілерге де біркелкі киім үлгісі ұсынылады. Оған қоса, қала аумағында бірыңғай тариф белгіленіп, барлық ресми тасымалдаушыларда таксометрлер орнатылады. – Елорданың тұрғындары мен қонақтары жоғары деңгейдегі такси қызметін ... Толығырақ оқу →