Daily Archives: 7 Сәуір 2017

Тележурналистика тарланы

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде отандық тележурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, әрі осы саланың терең теоретигі, ғибратты ғалым Марат Барманқұлов­тың 80 жылдығына арналған «Профессор М.Барманқұловтың  ғылыми  мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол халық жауының баласы атанып, тағдырдың түрлі теперішін көрсе де тектілігінен жазбай еліміздегі тележурналистикасына тыңнан түрен салып, кішкене жолды көшелі даңғылға айналдырған көрнекті қайраткердің бірегейі болды. Қазақ телевизиясында алғашқы телерепортажды тікелей эфирге шығарған журналист. Кейін ғылым жолын қуып, Мәскеу университетіндегі журналистика факультетінің аспирантурасын тәмамдайды. Аз мерзімде кандидаттық, докторлық диссертациясын қорғайды. Сол кеңестік дәуірде көрнекті ғалымның ғылыми еңбектері одақта оқытылды. Әл-Фараби …

Ары қарай оқу

Ғарыш ғасыры

Ғарышқа ғашық жандарға арналып түсірілген «Алғашқылар дәуірі» атты көркем туынды қазақ тілінде дыбысталды. Жоба продюсері – Тимур Бекмамбетов, ал киноның режиссері Дмитрий Киселев атанды. Елордадағы тұсаукесерге қос батыр, қазақтың ғарышкерлері Айдын Айымбетов және Талғат Мұсабаев қатысты. «Алғашқылар дәуірі» – қазақ тіліне дубляждалған ғарыш туралы алғашқы толықметражды ресейлік фильм. Туындының қазақ тіліне жарыққа шығуына «Болашақ» қауымдастығының қоры мұрындық болды. Дубляжды жинақтау және қайта жазу жұмыстары астаналық «Aray media group» студиясында жүргізілген. Кинотуындының тұсаукесеріне «Болашақ» қауымдас­тығы кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен мен шығармашылық топ атынан Павел Беляевті …

Ары қарай оқу

Ерлер ескерусіз қалмайды

Кеше еске алу Аллеясында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза болған боз­дақтардың рухына гүл шоғын қою рәсімі болды. Игі шараға Парламент мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен Ұлттық ұланның  жеке құрамы қатысты. Осыдан жиырма екі жыл бұрын еліміздің Ішкі әскерінің екі мыңнан астам жауынгері мен офицері тәжік-ауған шекарасында қызметтік міндеттерін орындады. Сарбаздар шекара шебіндегі ең қиын аумақтың тыныштығын күзетті. Олардың басты мақсаты – жалпы саяси жағдайдың тұрақтануына дейін тәжік-ауған шекарасындағы ахуалды ретке келтіру болды. 1995 жылы Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында содырлармен болған атыста 17 қазақ жігіті қаза тапқан еді… – Бұл оқиғаның …

Ары қарай оқу

Броньдық бренд көлік

Елордадағы «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аумағындағы индустралдық паркіне жолымыз түсті. Бағытымыз – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорны. Айтулы ұжым отандық әскерді қаруландыратын броньды дөңгелекті машиналар шығарады. Сіз осындай тегеуріні мығым техникаларды көзіңізбен көрдіңіз бе?! Өз басым оны теледидардан қызыға қарағанмын. Енді, міне, көзбен көріп, қолмен ұстап тұрмын. Кеудемді мақтаныш лебі кернеді. Бізде де осындай қуатты көліктерді өндіріп жатқанына… Жә, бәрін басынан бастайық. «АРЛАННЫҢ» АРЫНЫ МЫҚТЫ Броньды машиналарды шығаруға арналған зауыттың құрылысы 2014 жылы басталған. Жобаның серіктесі ретінде «Қазақстан Инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС және Оңтүстік Африкалық «Парамаунт групп» компаниясы шығып, оны …

Ары қарай оқу

Сот төрелігі жеделдетілді

Кеше Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында биылғы жылдың бірінші тоқсанына арналған сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы баяндалды Осы жылдың басынан бері Есіл ауданының №2 аудандық сотының өндірісіне 204 адамға қатысты 153 қылмыстық іс келіп түскен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 57,7 пайызға артқан. Сотта қылмыстық істерді қысқартылған тәртіпте қарау кеңінен қолданылып келе жатқаны айтылды. Сот аз ғана уақытта істі қарап бітіріп, кінәлінің жазасын тағайындау арқылы материалдық шығындарды және уақытты үнемдейді. Мәселен, қазіргі таңда 146 іс қаралып біткен. «Демек, сот төрелігін жүзеге асыру жылдамдығы артқаны сөзсіз» дейді Астана қаласы …

Ары қарай оқу

«Алау» айдыны әрқашан ашық

Астанада спорт апталығының аясында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев, «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Сауырбай Есжанов және Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаеваның қатысуымен баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды Қатысушылар «Алау» мұз айдыны сарайын мысалға келтіре отырып, бұқаралық спортты дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылып келе жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Соңғы алты жылда «Алау» сарайына 600 мыңға жуық адам келген. Орталықта қысқы Азия ойындары, Әлем кубогының төрт кезеңі аясында конькимен жарыс, спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты, дзюдо бойынша әлем чемпионаты, халықаралық турнирлер және мұз …

Ары қарай оқу

Ішімдік сату тыйылмай тұр

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Қайыржановтың төрағалығымен ІІБ Жергілікті полиция қызметі өткізген жергілікті рейдтік іс-шаралар қаралды. Жиынға қаланың Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының және ІІБ Жергілікті полиция қызметі, прокуратура қызметкерлері қатысты. Нақтырақ айтсақ, 18 жасқа толмаған тұлғаларға алкогольдік өнімдер, темекі және темекі бұйымдарын сату тыйылмай тұр. Оның үстіне, түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы сағат 08.00-дің аралығында спирттік ішімдіктер сатылмауы керек. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарды ойын-сауық орындарына 22.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің немесе олардың орнын алмастыратын адамдардың еріп жүрмеуіне жол беруге қатысты мәселелер …

Ары қарай оқу

Жалған ұйым жарға жықпасын

Астанадағы Есіл ауданының әкімдігі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған жиын өткізді. Оған аудандағы бизнес пен ойын-сауық орталықтары және банктер мен ПИК өкілдері шақырылды. иында «Нұр Астана» орталық мешітінің оқытушысы Дәурен Муслимов дәстүрлі исламның ерекшеліктері мен қасиеттеріне кеңірек тоқталды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты маманы Дианна Есенова «Діни экстремизмнің қауіп-қатерлерін алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ғаламтордағы әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни ағымдар өздеріне жастарды белсенді тарту жағдайлары жиі кездеседі екен. – Біз жеткіншектерімізге смартфон алып береміз. Бірақ оны балаға қалай пайдалануды …

Ары қарай оқу

Қаражат қайда жұмсалады?

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында Астана қаласының 2016 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Кеңес мүшелері алдында есеп берген Қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаев бюджеттің орындалу барысы мен жергілікті бюджетті жүзеге асырудағы кірістер мен шығыстардың есебін берді. Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті мен бекітілген тиісті көрсеткіштерден кіріс бойынша түскені 431 млрд 668 млн теңгені құрайды. Оның ішінде салық түсімдері, салықтан тыс түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін және трансферттердің түсімдері бар. Өткен жылдың тоғыз айлық есебі бойынша елордада жалпы ішкі өнім көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға көтеріліп, 3 469,1 …

Ары қарай оқу

Жұмысына жауапсыз қарағандар жазасыз қалмайды

Астана әкімдігінде техникалық және технологиялық күрделі нысандарды техникалық қадағалау бойынша аккредиттелген сарапшылардың қатысуымен инжинирингтік қызмет көрсету тақырыбында жиын өтті. Оған елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун төрағалық етті. Техникалық қадағалау сарапшыларының мердігермен заңнама талаптарын сақтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы орындауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шараға құрылыс объектілерін техникалық қадағалау және бақылау жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қатысып, пікірлерін ортаға салды. Бүгінде қаламыз бойынша жауапкершіліктің 1-2 деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі нысандарда техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетумен 442 маманнан құралған аккредиттелген 101 ұйым айналысады. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев 2016 …

Ары қарай оқу