Среда, 28 Июнь 2017
-->

Архив за день: 17 марта 2017

Ғаламат ұлағат

Адам мұраты мен адамшылық жол-білім мен білікке, өмір өнегесіне, тәлім-тәжірибе негізіне әкеліп саяды. Бұл, әсіресе, өмір тағылымы мол, еңбекпен есейген, білім-ғылым нәрімен сусындаған, қалың көптің алғысына бөленген өнегелі жандар табиғатына тән болып келеді. Осы реттен келгенде, академик Серік Қирабаевтың адами әле­мі­нен, біліми бағыттарынан, ғылыми Һәм шығармашылық мұрасынан айқын аңғары­латын айрықша құбылыс­тардың бірі Алаш ұранды жұртының біртұтас мұраты мен руханиятын, көркемдік әлемін зерттеу еңбектерінің асыл арнасы, басты арқауы етуі еді. Ол, әсіресе, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында, біліми-ғылыми бағыттардағы іргелі ізде­ністерінде, маңызды мақала мен зейінді зерттеулерінде кең көлемде көрі­ніс ... Читать далее »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ШЕГІ ЖОҚ

«Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Шексіз шығармашылық-2017» атты ІV ашық қалалық фестиваль өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен төртінші мәрте ұйымдастырылған шараның былтыр ауқымы кеңейді. Сондықтан шараға биыл астаналықтармен қатар Павлодар, Петропавловск, Семей, Алматы қалаларынан келген 100-ден аса адам қатысты. Олар «Эстрадалық вокал», «Хореография», «Ишара тілінде ән орындау», «Шексіз сұлулық» аталымдарында өнер көрсетті. «ЭКСПО 2017. Болашақ энер­гиясы» аясында ұйымдас­тырылған фестивальді ашқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын дән» халық­тық би ансамблінің жетекшісі, қазылар алқасының төрайымы Людмила Гоценко аталмыш байқау мүмкіндігі шектеулі жандардың іштен ты­нып жүруіне жол бермей, белсенді өмірге бейімдейтінін, та­ланттарының ... Читать далее »

Жалғыздың да үні шығады

«Жастар» театрының жаңа туындысы көрер­мендерге жол тартты. Көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» әңгімесінің желісімен сахналанған музы­калық моноспек­такльді театр әртісі Дәурен Серғазин қой­ды. Жалғыз актерге арналған қойы­лымда бас кейіпкер – Жеңіс­ханның бейнесін де ре­жиссердің өзі сомдап шықты. Әңгімені оқыған жұрт ондағы оқиғалар бір жақтан, яғни автордың сөзімен ғана баяндалатынын біледі. Бұл тұрғыдан алғанда, шығарма сахналанғанда жанры дұрыс айқындалған. Тақырып та театр бағытына сай таңдалды. «Махаббат жасқа қарамайды» десек те, ғашықтық жастыққа ғана жарасатын сезім екенін мойындауымыз керек. Актер, режиссер ретінде өзіміз танитын Дәурен Серғазиннің бұл қойылымда тағы бір қыры ашылды. ... Читать далее »

Әдеби әлемнен сыр тартты

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің филология факультетінің ұжымы Ұлыстың ұлы күні аясында көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдікпен кездесті. Алла жазса, биыл Төлен ағамыз жетпіс бес жасқа толады. Бала күнімнен белгілі сөз зергерінің кітаптарын құмартып оқыдым. Аз жазса да, саз жазған жазушының қай шығармасы да оқырманды ойландырмай қоймайды. «Әке» хикаятында кеңестік дәуірде халқымызды зар қақсатқан оқиғалар арқылы түрлі зобалаңды бастан кешкен әулеттен қалған жалғыз тұяқтың толғанысын жеткізді. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде байлық іздеген қандықол қарақшылардың кесірінен жер бетінен жойылып кеткен Араку тайпасынан қалған Киякудың бейнесі арқылы сол кездегі отарлық ... Читать далее »

Су тасқынынан келетін қауіп жоқ

Елордалық журналис­тер арнайы пресс-тур барысында қаланың су тас­қынына қарсы әзірленген кешенді шаралармен танысты.  Мамандардың айтуынша,  Есіл өзеніндегі көктемгі су жүру кезінде Астана су қоймасына шамамен 200-280 млн текше метрді құрайтын су жиналуы мүмкін. Қар суын қабылдауға дайын «Күн жылынса, қаланың кейбір аймақтары мен әуежай маңын су басуы мүмкін» деген ақпарат бұған дейін отандық ақпарат құралдарында жария­ланған еді. Астана қаласы әкімі­нің орынбасары Қосман Айт­мұ­хаметов бұл ақпараттың шын­дыққа жанаспайтынын айтты. –Бұл – арзан жаңалық іздеген кейбір журналистердің ойлап тапқаны. Қазіргі уақытта барлық жағдай бақылауда. Халықтың алаңдайтын жөні жоқ. Біздің қорытындымыз нақты есепке ... Читать далее »

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Елбасы халыққа Жолдауында «… біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұ­­з­ақы­лықпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» деген болатын.  Расында да, тәртіп пен ішкі мәдениет ақсаған жерде үл­кен олқылықтарға жол бері­летіні белгілі. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алып, болдырмау мақсатында Астана қаласының қоғамдық тәртіп сақшылары кешенді түрде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі – кеше Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқар­ма­сының ғимаратында «Ел­ордадағы қауіпсіздік пен жай­лылық» аясында өткізілген көшпелі сот отырысы. Судья Әйгерім Сәдуақасо­ваның төрағалығымен өткен сот отырысында Қазақстан Рес­публикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша ... Читать далее »

ҮШ ТІЛДІ ҮЙРЕНЕДІ

Биыл – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдық мерейтойы. Осыған орай, университет республикалық көп тілді «Үш тұғырлы тіл «KazATU-Polympis» атты олимпиада өткізді. Олимпиадаға еліміздегі 12 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл жас­тардың шет тілін үйренуге деген құлшынысы күн өткен са­йын жоғарылап келе жат­қанын айғақтайды. – Олимпиада өткізудегі бас­ты мақсат тіл мамандығына қатысы жоқ студенттер арасында көп тілділік идеясына қолдау көрсету болып отыр. Сонымен қатар, біз шет тілдерін оқып-үйренуге қызығушылық тудырып, оқушылардың әлеуметтік және мәдени біліктілігін кеңейтуді көздедік. Себебі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың көп тілді меңгеріп, білікті маман ... Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

«Алау» мұз айдыны сарайында шахмат пен дойбыдан Есіл ауданының зейнеткерлері арасында жарыс өтті. Игі іс-шара Қазақстан Республикасының ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Негізі, шахмат пен дойбы жасы егде тартқан қариялардың сүйікті ойындарының бірі болып саналады. Сондықтан да аудан әкімдігі Дене шынық­тыру және спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шара­ларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, игі іс жасады. Сондай-ақ, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аталған ауданның Ардагерлер кеңесі атсалысты. Жарыстың қорытындысы бойынша шахматшылар арасында Т.Қадырбеков, Р.Галимов және В.Голубев жеңімпаз атанды. Ал дойбыдан К.Жанұзақова, Қ.Рахымжанов және Қ.Саттыбекова үздік шықты. Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар, ... Читать далее »

ҚЫТАЙ МЕН АВСТРИЯҒА ПАВИЛЬОН БЕРІЛДІ

Кеше ЭКСПО аумағында орна­ласқан Қытай және Австрия елде­рінің павильондары қатысушы делегат­тарға тапсырылды. Былтыр 30 қазанда халық­аралық павильондардың құ­рылысы толық аяқталған болатын. Қазіргі таңда көрмеге қатысуға ниет білдірген 115 мемлекеттің 103-іне павильондары табысталды. Ал қалған 12 павильон осы айдың соңына дейін берілмек. Қытай павильонының конс­трукциялық топ басшысы Дже Джиенің айтуынша, күншығыс елі үшін Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне қатысу аса маңызды. – Біз 1000,27 шаршы метр ауданды құрайтын павильонды сұрап алдық. Павильонның басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы. Жасыл жібек жолы». Демек, дәстүрлі энергия көздерін жаңғырмалы энергия көздеріне ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау сияқты ... Читать далее »

Күн тәртібінде – қоғамдық тәртіп

  Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала өмірінің маңызды салаларына қатысты мәселелер қаралып, оның оң шешімдері депутаттар қолдауына ие болды. Сессияның күн тәртібіндегі елордадағы құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары барысын депутаттар үнемі назарда ұстап келеді. Астаналық Ішкі істер де­партаменті жеке құрамының 42 пайызы ғана қызметке қолайлы орын-жаймен қам­тамасыз етілгенінен халық қалаулылары бейхабар емес. Сессия алдында олар құқық қорғау органдарының жұмы­сымен танысып, барлық жайтты өз көздерімен көріп келген болатын. Депутаттар тәртіп сақшыларының кеңселері талапқа сай келмейді деген тоқ­тамға келген-ді. Мысалы, Сарыарқа аудандық ІІД 1968-1969 жылдары салынған ғи­маратта ... Читать далее »