-->

Архив за день: 16 марта 2017

Қосман Айтмұхаметов су тасқынына қарсы жұмыстың картасымен таныстырды

erm_0322

Астанада су тасқынына қарсы жұмыс тобы құрылды.  Белгіленген жоспарға сәйкес, су басу қаупі бар 37 учаскеде кешенді шаралар қолға алынды.  Бүгін елордалық журналистер жауапты құрылымдардың жұмысымен танысты. Мамандар, алдымен Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы қардың көлемі шамадан 20-30 %-ға көп екенін анықтаған. Ал қалыпты норма 50 мм болуы тиіс екен. Сәйкесінше, Астана су қоймасына 200-280 млн текше метр көлемінде су келуі мүмкін. Дәл қазіргі уақытта Астана гидроторабы маусымдық қар суын өткізуге толықтай дайын. «Су басу қаупі бар алаптың бірі – «Көктал» тұрғын алабы.  Сарыарқа ауданында су тасқынына қарсы шаралар легі күшейтіліп, ... Читать далее »

«Ару-Көктем» әлдиледі

kbb_1986-2-asli

Жастар сарайында өткен мерекелік концерт ардагер аналардың құрметіне арналды. Елордалық өнерпаздар аяулы жандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ән мен жырдан шашу шашты. Бұл күні сахна төрінде «Наз» би театрының биші­лері мың бұрала билесе, театр және цирк әртістері поэ­тикалық миниатюраларын ұсынды. Ардагерлерден құ­ралған хор мен «Voice-Art», «Радуга», «Ангиорс», «Номад» және «Сарыарқа» балалар ұжымдары да түрлі музыкалық сәлемдерін жолдады. Елімізге еңбегі сіңген қай­раткер Александр Абылаев жетекшілік ететін эстра­да­лық-симфониялық оркестр­дің орындауындағы әуендер көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Рухани кешке жиналған қауым «А в городском саду играет…» әуеніне вальс билеп, мерекенің кө­рігін қыздырды. «Астана қаласында ... Читать далее »

САЛАУАТ ӘРІ АМАНАТ

kazakiya-2-asli

Белгілі журналист Бекен Қайратұлының осыдан бірер жыл бұрын жеті қазынамыздың бірі – жылқы жайында егжей-тегжейлі жазылған анықтамалық еңбегі жарық көрген еді. Ал жақында ғана «Қазақия қалай отарланды?» атты деректі-публицистикалық толғауын жариялады. Бұл кітапты ұлттық тарихымызда үш жүз жылға жалғасқан отаршылдық дәуірдің қысқаша жылнамасы деп те бағалауға болады екен. Автордың өзі: «Кеңес ке­зінде қалтарыста қалып қойса да, өткен ғасырдың 30-ыншы жыл­дардың зұлматына дейін қазақ зиялы­ларының ішінде осы тақырыпқа тоқталмағаны кемде-кем болатын. «Өткенге – салауат, ер­теңге – аманат» ретінде осы бағыт­тағы дерек көздерін ой елегінен өткізіп жазылған дүние. Егемен еліміздің ұла­ны­ның рухани ... Читать далее »

«ЭКСПО» ЕРІКТІЛЕРДІ ІРІКТЕЙДІ

e-kspo-2017-1-e1462835779274-asli

Қазірден бастап «EXPO-2017» халық­аралық көрмесіне компанияның қызмет­кер­лерімен қатар қарапайым қала жастары да қызу дайындалып жатыр. Қалай дейсіз ғой? Көрмеге ерікті болу үшін елордалықтар әкімдікке қарасты «Астана жастары» ресурстық орталығына келіп, арнайы оқу бағдарламасынан өтіп жүр. Себебі, шетелден келген қонақтарды жылы қарсы алып, жол сілтеу – еріктілердің басты міндеті. Әрине, әлемдік деңгейдегі шараның басы-қасында жү­ретін жастардың мойнында үлкен жауапкершілік бар. Ерікті атану үшін қойылатын талаптар да жоғары. 16 жасқа толған азамат қазақ, орыс, ағылшын және өзге шет тіл­дерін білуі керек. Бірақ, ең бастысы – көрмеге үлес қосуға ыстық ықылас таныту. Ерікті атқарған ... Читать далее »

Қиянат

krazha-asli

Сұғанақтығы үшін бұрын да сотты бол­ған отыз екі жасар келіншек бұл жолы адам­гер­шіліктен біржола аттап кетті. Оқиға былай болған еді. Еңбек десе төбе шашы тік тұратын Еленаның таң атса болды бар ойы құлқынының қамы. Қайткен күнде де бойын жылытып, «басын жазатын» бір ұрттам ащы су іздейді. Табанынан тозып, «өзі құралыптас таныстарын кездестіремін бе» деп көше кезеді. Кейде жолы да болып қалатыны бар. Міне, осындай бір жортуылы кезінде 2016 жылдың 1 жел­тоқсаны күні «Орбита» сау­да үйінің жанынан Марат есімді танысын кездестіреді. Көптен хабарласпаған «екі мұңлық» осы бір сәтті күнді атап өткісі ... Читать далее »

Айбергенов айдыны

img_1369-2-asli

Қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Сен мені ізде, аяу­лым» атты ән-жыр кеші өтті. Сондай-ақ, елордадағы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте де ақынды ұлықтаған шара ұйымдастырылды. Біз бүгін «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлының Айбергенов туралы толғанысын жариялауды жөн көрдік. Алпысыншы жыл­дардың аяғы мен жетпісінші жыл­дардың басында қазақ поэзиясына қырандай самғап, екпіндей енген, ерекше болмысы бар бір ақын болса, ол Төлеген Айбергенов еді. Айбергеновтің сол кездегі қалам сілтесіне қызықпаған ақын кем де кем шығар. Тіпті сол бір тұстарда Төлегенше тебіреніп, Төлегенше толғаған ... Читать далее »

Аурудың алдын алу айлығы

tuberkulez

«Іскер» бизнес орталығында «Жария» Халықаралық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні және оған орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. 24 ақпаннан бастап 23 наурызға дейін еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан айлық барысында елорда кәсіпорындарында, құрылыс ұйымдары мен базарларында халықты көшпелі тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, туберкулезді алдын алу мен ерте диагностика жасау бойынша елордалық медициналық мекемелердің қызметкерлеріне арнайы семинарлар мен тре­нингтер, фтизиатрлар мен басқа да мамандардың қатысуымен ашық есіктер, денсаулық сабақтары, дәрі­герлермен кездесулер ұйым­дастырылып жатыр. Халықты туберкулездің ал­ғаш­қы белгілері туралы хабардар ету, Астана қаласында құрт ... Читать далее »

ҚОШ БОЛ, ҚАРУ!

06-1-asli

Астана қалалық Ішкі істер департаменті 13-15 наурызда өткен «Қару – 2017» жедел алдын алу шарасы аясында  заңсыз сақталған 30 қаруды тәр­кіледі. Айтулы шараның мақсаты – елорда тұрғындары арасында заңсыз сақталған қарулар мен жарылғыш заттарды анықтап, осы қару-жарақпен жасалатын қылмыстың алдын алуды көздеген. Үш күнге созылған рейд барысында полиция қызметкерлері елордада тіркеуде тұрған алты жүзден астам қару иелерін жергілікті тұрғын үй бойынша тексеріп шыққан. Нәтижесінде қару­ды сақтаудың ережесін бұз­ған 14 азаматқа әкімшілік айыппұл тартылып, 10 адам өз еркімен травматикалық және тегіс ұңғылы қаруларын тапсырған. – Біз мұндай шараны жылда өткіземіз. Қаруды ... Читать далее »

Жедел шара өтеді

tim_1439-asli-2

Астанада 15 наурыз бен 1 маусым аралығында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады. Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» ха­лықаралық көрмесі қар­саңында «Елордадағы қауіп­сіздік пен жайлылық» бағ­дарламасы іске асырылады. Аталған шараға қалалық Ішкі істер департаментіндегі барлық бөлімшелердің жеке құрамы мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қатысады. – Учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларды аралайды. Сондай-ақ, өзінің және Ішкі істер басқармасының кезекші бөлімдерінің байланыс мәліметтері бар карточкалар таратады. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету­ге және елор­да­дағы қоғам­дық тәртіпті ... Читать далее »

ӘЛЕУМЕТКЕ КЕҢЕС БЕРДІ

10-1-asli

Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, ашық есік күнін өткізді. Оған 50-ге жуық елорда тұрғындары қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партия­сы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүке­нов­тің айтуынша, шара барысында қойылған халықтың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2016 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 220 мыңнан астам адам хабарласқан. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында 24 мыңнан астам халық қабылдау бөлмесіне жазылған. – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешуде қыруар жұмыс жасалып жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша ... Читать далее »