Среда, 28 Июнь 2017
-->

Архив за день: 7 марта 2017

Елорда әкімі әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Аяулы аналар! Құрметті  қыз-келіншектер! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақта «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсіл бар. Өйткені Әйел-Аналар – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел табиғаты – тұтас құдіретке толы тылсым дүние. Отбасының оты да, Отанның бүтіндігі де ең алдымен ананың ақ пейілінен бастау алады. Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем. Ендеше осы бір кең ниетті көктеммен бірге келген әсем мерекеде Сіздерге тек ізгілік тілеймін! ... Читать далее »

«БАРЫС» ҚАЙНАУДА ШЫНЫҒАДЫ

  «Батыр майданда, болат қайнауда шынығады» дегендей, «Барыс» командасының нағыз шыңдалар тұсы – ширек финал. Астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде челябілік «Трактормен» тіресіп, басымдық танытты. Енді келесі қарсыласы – Магнитогорск қаласының «Металлург» клубы. «Барыс» командасы «Трактормен» ҚХЛ-дың 1/8 финалының аясында алты рет кездесіп, ақыры асығы алшысынан түсті. Астанада өткен соңғы матч 2:1 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқ­талды. Ойында есепті алдымен қонақтар ашқанымен, екінші айналымда «Барыс» басып озды. Осылайша, қарсыластарын жалпы серияда 4:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал ширек финалдағы тісқаққан қарсыласы «Металлург» қытайлық «КуньЛунь Ред Стар» командасын жарыс ... Читать далее »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ

Астанада демалыс күндері Даун синдромына шалдыққан балаларды қолдау мақсатында «Күнкросс» шаңғы жарысы өтті. Жарысқа 70 шаңғышы қатысып, өзара жүйрік­терін анықтады. Аталмыш шара «Солнечный мир» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы және №2 Балалар мен жасөспі­рімдер спорт мектебі мұрындық болды. Жарыста ең кішкентай шаңғышылар 50 метр қашықтықты бағындырды. Ұлдар арасында 1 шақырымды еңсерген Набен Бақытжан бәрінен бұрын келді. Ал қыздардың ішінен Анастасия Федорова жеңімпаз болды. Одан кейінгі орынды оның сіңлісі Эвелина Федорова алды. Үлкендер арасында жігіттерден Дәурен Аужани мен әйелдерден Шынар ... Читать далее »

АРЫНДЫ «ARLANS»

«Астана арланс» клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Атырауда өткен жекпе-жекте арландар қытайлық  «Чайна Драгонс» боксшыларын бет қаратпай жеңді. Шаршы алаңға шыққан шымыр жігіттердің бәрінің мерейі үстем болып, қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті. Ал­ды­мен 49 келі салмақта жұды­рық­тасқан Теміртас Жүсіпов Хе Цзюньцзюмен кездесіп, тө­решілер бірауыздан отандасы­мыздың жеңгенін мойындады. Одан кейін 56 келіде Ильяс Сүлейменов есепті еселей түсті. Ол қытайлық Ван Лунды қапы қалдырды. Үшінші болып рингке көте­­рілген 64 келілік Діл­мұрат Мәжитов Лю Ян атты боксшыны екі рет нокаутқа жіберіп есеңгіретті. Осылайша ол командасын уа­қы­тынан бұрын ... Читать далее »

Қазақтан шыққан Тұңғыш ханымдар

Қазақтың басына қауіп төнген сын сағатта атқа мініп, жауға қарсы шапқан апа-аналарымыз көп болған. Тұмар патшайымнан бастап, Бопай ханшайымға дейінгі батыр аналарымыз елдің ертеңі үшін күресті. Ал екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанған сәтте Мәншүк пен Әлия сынды жүздеген жауынгер қыздар майданға аттанды. Осындай батыр аналарымыздың ізін қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал Сәуле Айтпаева жалғастырды. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш күйші Дина Нұрпейісова болатын. Құрман­ғазыдан сабақ алған ол Түркештің, Соқыр Есжанның, Мүсірәлі мен Әлкейдің, Дәу­­леткерейдің күйлерін нақы­шына келтіре орындайтын болған. Күйші туралы композитор Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей сау­сақтарымен домбыра пер­не­сінде, ... Читать далее »

«ҚЫЗЫЛ ТАЛША – ҚЫЗ РАУШАН»

Қасиетті қара қобыздың сарынында тылсым сыр бар. Адамды тұңғиыққа тартады. Жүрегіңіздің түбінде жатқан  пернеңізді қозғайды… Осыдан үш жыл бұрын  елордада  ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі қобызшы Раушан Оразбаеваның «Аққу» аталған шығармашылық кеші өтті. Сонда кеш иесі Ықыластың сұлулықтың сұңқары атанған киелі құс туралы күйін тебірентіп орындады. Ғайыптан тайып, көз алдыма сайын даланың ғажайып  бейнесі келіп, айдында жүзген қос аққудың сұлу сұңқылын естігендей болдым. Сол кезде киелі аспапты шынайы сөйлете білген қобызшы жайында жазсам деп ойладым. Бірақ көпшіліктен бұйығы, саяқтау жүретін өнерпаз туралы қалам тербеуден тартыншақтадым. Соның сәті енді келді. ТЕКТІ ӨҢІРДІҢ ... Читать далее »

АРҚАДА ӨТКЕН АҚҚЫЗ

Қазақтың күй өнері дегенде, әдетте әрісі Дина Нұрпейісовадан, берісі Айгүл Үлкен­баева­дан басқа әйел адамдардың есімдері ауызға іліге бермейді. Алайда, бұл өнер түрі қыз-келіншектер үшін асу бермес белге айналды деп айта алмас­пыз.  ӘБІКЕННІҢ БАТАСЫ Мәселен, көрнекті ақын Есенғали Раушанов осыдан біршама уақыт бұрын «Әйелден ақын шықпайды, күйші не биші болмаса» деп, баршамызды таңғалдырды. Жанат Әскербекқызы сынды өлеңді жанына серік еткен жандар Есенғали ағаларына жырмен жауап та жазды. Өз басымыз құстарға құштар шайырдың мұнысын ақындықтың ауыр жүгін арқалау әйелдің нәзік табиғатына келмейтіндігін меңзегені деп ұқтық. Қалай дегенде де, ақын күй өнерінде әйел ... Читать далее »

Сәкен серінің «Рузтайы»

Қазақтың даңғайыр жазушысы Сәкен сері Жүнісовтің туған қарындасы Роза Нұрмаққызы да екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы қазақ жеріндегі неше дүркін саяси-әлеуметтік дүмпуді өз басынан өткеріп, соның бәрін жүрегінде сақтап қалыпты. Ерен зеректік қой бұл. Кез келгенге ол бұйырмаған. Өмір жолын саралай отырып, әулетімен ұлт саулығы жолында қызмет еткен Роза Жүністің мына бір әңгімесі ойлантқандай. Бұл күйді мен де, ол да, барша солтүстіктіктер де бастан кештік емес пе. Соның «жемісін» әлі де көрудеміз. Иә, «Арқа жайлы болса арқар ауып» несі бар… «Сөнбейді жаққан шырағың» атты кітабында Роза Жүніс мына біз айқайлап айта ... Читать далее »

Қауіпті мамандықтың қызғалдағы

«Әйел ішкі істер саласында мамандығын жақсы көрсе ғана жұмыс істей алады» дейді елорда іргесіндегі ЕЦ-166/1 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Қарашаш Сыздықова. Абақтыдағы бұл қызмет қауіпті мамандықтың қатарына жатады.  Қарашаш Қариполқызы еңбек жолын 2002 жылы Степной кентіндегі ЕЦ-166/26 мекемесінде бақылаушы болып бастаған. «Алғашқы айлығым 5900 теңге болатын» деп есіне алды әділет майоры. «Құдайға шүкір, қазір мемлекет баспанамен қамтамасыз етіп отыр, айлығымыз да көңілге қонымды» дейді ол. Көкше академиясын заң­гер мамандығы бойынша тәмам­даған Қарашаш 2005 жылы Көкшетаудағы тергеу изоляторы­ның арнайы есеп бөліміне ауысып, 2008 жылы сол қаладағы «Қоныс» колониясында ... Читать далее »

Кәсіпкер келіншек

Қоғамда белсенді әйелдер көп. Солардың бірі әрі бірегейі – Назгүл Мақжан. Бірегей дейтін себебіміз, энергетика саласында бизнесін бастаған келіншек аз уақыттың ішінде өз ісін дөңгелетіп үлгерді. Биыл Назгүл Сейітқожақызы басқаратын «Astels» ЖШС кәсіпорыны  энергетика саласы бойынша еліміздегі ең үздік 10 компанияның құрамына енді. Назгүл Мақжан – Ақмола өңірі­нің тумасы. Мамандығы – заңгер әрі экономист. Қара­пайым отбасынан шыққан ол еңбек жолын жарнама менеджері қызметінен бастап, «Көкшетау» газетінде журналист, одан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде арнайы жасақталған бөлімнің жедел уәкілі болып еңбек етті. «Бұл жерде ... Читать далее »