Daily Archives: 4 Наурыз 2017

ЕЛОРДАДА «КӨКТЕМГІ АСТАНА» СЕНБІЛІГІ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін елордада «Көктемгі Астана» атты жалпы қалалық сенбілік өтіп жатыр. Биыл қар әдеттегіден тым көп түскендіктен, бұл іс-шара су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда. Сенбілікке шыққан астаналықтар негізінен аулалардың, шағын аудандардың және тұрғын алаптардың қарының күрелуіне күш салып жатыр. Солардың ішінде белсенді жастар ардагерлердің, жалғыз ілікті тұрғындардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлеріне барып, аулаларын қардан тазартуға қолғабыс етуде. – Бұл сенбілік Астана әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен қолға алынған «Мейірімді қала» жобасының мақсатты жалғасы деуге де болады. Өйткені қаланың белсенді жастары аулаларының қарын тазалауға мүмкіндігі жоқ осындай тұрғындардың үйлеріне келіп, көмек қолын …

Ары қарай оқу

«АЯЛАҒАН АСТАНА-2017»: АҚТЫҚ КЕЗЕҢГЕ КІМДЕР ӨТТІ?

«Аялаған Астана-2017» V республикалық теле­визиялық балалар байқауының финалистері анықталды. Байқаудың бас продюсері Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар тобы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп тапқан балғын әншілер сайысқа қатысатын болды. Бір жарым ай ішінде елі­міздің әр аймағынан ұйым­дастыру комитетіне 300-ден астам өтініш келіп түскенін айта кетейік. Қазылар алқасы жіберілген бейнежазбаларды саралап, қорытындысында 12 үміткерді таңдады. Олардың арасындағы Каринэ Болат пен Томирис Маратқызы Астана қаласының намысын қорғайды. Талабы таудай өзге жеткін­шектердің қатарында Әлібек Азамат (Алматы), Бейбарыс Айтмұхамбетов (Ақмола облысы), Мәди Аманбаев (Жезқазған), Арайлым Берік (Қызылорда), Айдана Жалелова (Семей), Әмина Жапар (Солтүстік Қазақстан …

Ары қарай оқу

ЖАС ҰЛАНДАР ЖАРЫСТЫ

Назарбаев зияткерлік мектебінде «Айбын» әскери-спорттық шарасы өтті. Бұл спорттық ойын мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Болашақ Отан қорғаушылар төзімділікке, бір-біріне көмек көрсетуге дәл осы шарада үйренеді. Жарыс алдында мектеп директоры Мейрам Жакенов қатысушыларға «Алғашқы әскери дайындық» курсынан алған білімдерін тәжірибеде қолдануға кеңес берді. Оқушылар 6 команда бойынша «Үздік мерген», «Автоматты бөл­шектеп жинақтаушы», «Гир көтергіш» және «Үздік капитан» атағы үшін күш сынасты. Дәстүрге айналған әскери-патриоттық шараға биыл оқушылар аса қызығушылықпен, ерекше ынтамен қатысты. Жас ұландар дәлдеп ату, алғашқы дәрі­герлік көмек көрсету, арқан тарту бо­йынша өз …

Ары қарай оқу

Дәуірлердің дүбірі

«Біздің тарих – ол да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы» деп Қадыр ақын айтпақшы, кешегі кеңестік кезеңде сан ғасырлық тарихымыздың беті тұмшалаулы болды. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ғана ұлттың қалыптасу жолдарын, қазақты қазақ еткен тұлғалардың өмірі мен еңбегін зерттеп, зерделеуге мүмкіндігіміз туды. «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бас­қармасының қолдауымен өткен «Бабаларым, рақмет сендерге!» атты концерт-спектакль кеше мен бүгіннің арасына көпір орнатып, дәуірлердің дүбірін көрер­мендердің құлағына жет­кізді. Ал өнерсүйер қауым­ның көз алдынан ғасырлардың панорамасы жүріп өтті десек те болады. Айгүл Иманбаеваның музыкалық театры ұйымдастырған кештің …

Ары қарай оқу

КЕЛЕШЕК КЕРЕМЕТТЕРІН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТСІЗ КӨЗГЕ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫН

Әдебиет – мәңгіліктің әңгімесі. Адамзат баласы барда ол ешқашан таусылмайды. Кейде біз дабыра мен дақпырттан бойын аулақ ұстайтын жазушылардың ішкі жан дүниесінде қандай алапат сезімдер қайнап жатқанын біле бермейміз. Сыпайы, сырбаз болмысты Қуаныш ағамен әдебиет туралы сөз қозғағанда оның жанының мөлдірлігі мен тазалығына таңғалдық. Оқырманға ойлы көркем дүниелерді сыйлаған азаматтың айтары да мол. Ендеше, сіз де қаламгердің қатпар сырларымен таныс болыңыз! Қуаныш ЖИЕНБАЙ, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. ТЕҢІЗ АДАМ ЖАНЫН ӘЛДИЛЕЙДІ – Аға, кезінде толқыны құрық тимеген асау жыл­қы­дай тулаған Аралдың жа­ға­сында дүниеге келдіңіз. Сон­дықтан ба, сіздің барлық шы­ғармаларыңыздан …

Ары қарай оқу

Жалған ақпаратты жоққа шығарды

Астана қаласының әкімдігі азаматтарға бүгінгі күні қалада жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу жүзеге асырылып жатқанын және биылғы жылға жоспарланбағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде (WatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) Астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу басталғаны туралы вирустық ақпарат таратылуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Алаяқтық фактілеріне және ақпаратты қате түсінуге жол бермеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі халықты орталық мем­лекеттік органдардың ресми ақ­параттарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады. 2006 жылдың тамызынан бү­гінгі күнге дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға кезекке 117 мың азамат тір­келген. Тиісінше, бұған …

Ары қарай оқу

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНГЕ ЖЕҢІЛДІК

Осы айдан бастап елордалықтар Халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғында Жұмыспен қамту орталығының қызметтерін пайдалана алады. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Үкі­метке ең­бек нарығын жаңғыртып, Жұмыспен қамту орталық­тарын реформалап, барлық бос жұмыс орындарын қамтитын бірегей онлайн-платформа құруды тапсырған болатын. Енді кез келген қала тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарында жұмысқа тұру­ға жәрдем алып, бос орындар туралы мә­лімет ала­ды. Ал жұмыссыз болған жағдайда орталықта тіркеліп, мемлекеттік қолдауға ие болады. Жұмыспен қамту орталы­ғының мамандары Достық көшесі, 1 мекенжайындағы №1 бөлімшеде, Сәтбаев кө­шесі, 25 мекенжайындағы №4 бөлімшеде, Респуб­ли­ка даңғылы, 43 мекенжайы бойынша …

Ары қарай оқу

Көпір неге құлады?

Өткен жылдың қараша айында ЭКСПО ғимараты аумағында опырылып түскен шатырдың неден орын алғаны анықталды.  Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қа­сымов мәлімдеді. Құзырлы орган басшысының айтуын­ша, сараптама нәтижесі шық­қан. Алғашында тәуел­сіз са­­рап­шылар декора­тив­ті көпір мердігер таң­даған сапасыз металдан салын­ғандықтан, арқаның аязына шыдас бер­мегенін айтқан еді. Алай­да тексеру нәтиже­сіне сенсек, төтенше оқиға дәнекер­леуші­лердің олқылығынан болған. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Ары қарай оқу

Жеті қызы бар анаға көмек

Астана маңында тұратын Сағадат Атымтаева есімді жалғызбасты ананың жағдайы жайлы  әлеуметтік желіде жарияланды. Үйі жоқ, күйі жоқ екенін білген астаналықтар екі күннен бері қолдан келген көмекті бастап кетті. Бұл туралы естіген қала әкімі Әсет Исекешев те үнсіз қалмады. Тиісті орындарға тапсырма беретінін жеткізген. Артынша көп балалы үйге аудан əкімінің орынбасары мен білім беру бас­­қармасының қызметкерлері бар­ған. Мемлекет тарапынан берілетін барлық көмек пен бас­пана мәселесі де назардан қал­майтынын  айтқан. Енді бала­ларына киім-кешек жеткі­зіліп, кішкентай балалары бақ­шаға орналастырылмақ. Қала тұр­ғындары болса, ақшалай көмекті бастап кетті. Кеше Сағадат Атымтаеваның өзі барша  аста­налықтарға ризашалығын …

Ары қарай оқу

Астанаға газ тарту жобасы дайын

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев  Астанаға газ тарту жоба­сының техникалық-экономикалық негізде­месі дайын екенін айтты.  Жобаны «ҚазТрансГаз» компаниясы әзірлеген. Ми­нистрдің айтуынша, жаңа бағдарда газ құбырын Қы­зылорда облысынан тарту мәселесі қарастырылған. Жоба қазіргі уақытта мем­лекеттік сараптамадан өтуде. Егер тиімді болса, бекітіледі. Нақты мәлімет бір айдан кейін белгілі болады.  Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Ары қарай оқу