Вторник, 26 Сентябрь 2017
-->

Архив за месяц: Март 2017

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Жақында қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толды. Осыған орай, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітапханада жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби сағат ұйымдас­тырылды. Ауыл молдасынан арабша хат танып, әуелде екі жылдық, бұдан кейін төрт жылдық орыс мектебін бітірген қаламгердің әдебиетке бет бұруына ұстазы, ақын, аудармашы, педагог Бекет Өтетілеуовтің ерекше ықпалы болды. Бұдан кейін Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқығанында, Сәкен Сейфуллиннің әсері тиді. Бейімбет Майлин де Ғабит Мүсіреповтің қаламының қатаюына үлес қосты. «Едіге» атты тырнақалды әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрді. Алғашқы шығармаларының қатарына «Тулаған толқында» повесі ... Читать далее »

АСТАНАНЫ АҒЫЛШЫНША ТАНЫСТЫРАДЫ

Жуырда Нью-Йоркте әлемдегі 150 ақынның жырлары топтас­тырылған «Capitals» («Астаналар») атты поэзия антологиясының тұсауы кесілді. 185 елдің астанасы қамтылған бұл кітап арқылы елордамызды көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек пен Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Танакөз Толқынқызының өлеңдері таныс­тырады. Антологияны дипломатия­лық қызметте жүрген үнді ақыны Абхай Кумар құрастырды. Ал оған енген Қазақстан астанасы туралы жырларды ақын, аудармашы Дәурен Берікқажыұлы ағылшын тіліне аударды. Біздіңше, бұл – еліміз үшін үлкен олжа. Ал биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетінін ескерсек, осы оқиғаның мән-маңызы тіптен артып кетеді. Шыны керек, Астана туралы жазылған жырлар ... Читать далее »

Батуханды құтқарған капитан

Маусым айының тамылжыған бір күні болатын. Жұмысқа жай­мен аяндап келе жатқан полиция капитаны Өміржан Темірбеков өзен жақтан шыққан оқыс дауысқа жалт қарады. Сөйтсе бір топ бала өзенге қарай қолдарын шошайтып, айналадан көмек сұрап, шуылдасып тұр екен. Ойлануға уақыт тығыз, әлдебір жайсыз оқиға болғанын жедел сезінген арнайы жасақтың аға инспекторы жүгіріп келе жатып, үстіндегі киімін де шешіп үлгерді… Дұрыс шамалаған екен, Сарыбұлақ өзенінің жағасына жеткенде, әлдекімнің қараңдаған бейнесі суға бір-екі батып шықты да, көзден біржола жоғалды. Өміржан сол тұсты шамамен белгілеп, құлаштап жүзе берді. Белгіленген межеге келдім-ау дегенде терең тыныс алды ... Читать далее »

Су тасқынынан келер қауіп жоқ

Көктеммен бірге келетін су тас­қыны мәселесі бұл жылы да бой көтеріп отыр. Биылғы қардың жылдағыдан еселеп жауғанын ескерген қала басшылығы қарқынды жұмысын өткен жылдың қазанынан бастады. Жүйе­лі жұмыстың нәтижесінде осы күнге дейін коммуналдық қыз­мет жүйесі 5 409 066,76 текше метр қар шығарды.  Ал күні кешегі нөсерден кейін аумақтағы еріген қардың суын сорғытуға 138 арнайы техника жұмылдырылды. Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айт­мұхаметов қауіпті деген шеткі аймақтарды арнайы аралап, жұмыс барысын бақылады. Әсіресе, «Көктал-2» тұрғын алабы мен «Оңтүстік Шығыс» шағын аудандарында көбірек орын алып отырған мәселенің мән-жайымен танысқан Қосман Қайыртайұлының айтуынша, ... Читать далее »

«ЭКСПО» билеті көрші елде де сатылады

Өткен жылдан бері  «ЭКСПО-2017»  көрмесіне кіру  билеттері тек  электронды түрде сатылуда. Енді наурыз айынан бастап еліміздің аймақтарында және Ресейдің бірқатар қалаларында   қолма-қол сататын билет кассалары өз жұмысын бастады. Көрме билеттерін сату өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің бірқатар сауда орындарында ресми түрде ашылды. «Керуен», «Хан Шатыр», «MEGA PARK», «MEGA центр Алматы» ойын-сауық орталықтарында және «Қазпоштаның» 981 бөлімшесінде сатылуда. Жұмыс күндеріне қойылған билеттердің бағасы 4000 теңге болса, демалыс күндеріне арналған баға 6000 теңгені құрап отыр. Билет сатып алған адам бағдарлама бойынша көрмені тамашалай алады. Айта кету керек, күні белгіленген және белгіленбеген ... Читать далее »

Қатысушы елдердің қатары КӨП

Кеше «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға тілек білдірген елдерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталды. Сонымен, елорда төрінде өтетін айтулы шараға 115 мемлекет пен 20 халық­аралық ұйым қатысатын болды. Ал 82 елдің ұлттық күні белгіленді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына тура 72 күн қалды. Бүгінде ұйымдастыру жұмыстары аяқталған. Шетелдік қатысушылардың алды өз павильондарын жасақтауға кірісіп кетті. – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне нақты 115 ел қатысатын болды. Олардың көбі көрме аумағында орналасқан павильондарда дайындық жұмыстарын жүргізуде. Еліміз көрмеге қатысатын мемлекет пен ұйымдар саны жөнінен рекордтық көрсеткішке жетті. Мұны Халықаралық көрме бюросы да растады, – дейді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық ... Читать далее »

ЖЕР ИЕСІ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсыруымен Бас Прокурор және Астана қаласының әкімі «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасын іске асыруға бағытталған кешенді жоспарды бекітті. Мақсат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында қала тұрғындары және қонақтарының қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Кешенді жоспардың 89-тармағына сәйкес, құрылыс нысаны ретінде берілген жерлерді мақсатымен пайдаланбаған жағдайда заңды түрде қайтаруды қамтамасыз ететін жол картасы жасалды. Осы тұрғыда атқарылған жұмыстар жайлы Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқарма­сының мемлекеттік инспекторы Дархан Сейтханов «Астана ақшамы» газетіне сұхбат берді. – Дархан Бахытұлы, жоба неге бағытталған? – ... Читать далее »

ЖАҢА БЕКЕТ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖИНАУДА

Биыл Астанада жаңа теміржол вокзалы кешені жұмысын бастайды. Осыған орай «Астана» концерт залында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шара барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қос тараптың ресми түрде келі­сімге қол қою рәсіміне «Астана» жаңа теміржол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов, қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов және Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омаров қатысты. – Жаңа теміржол вокзалы 1 маусымда толыққанды пайдалануға беріледі. Сол уақыттан бастап Қазақстанның барлық аймақтарына бағыттар ашылады. ... Читать далее »

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Елордалық ардагерлер қозғалысының белсенді өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Бұл басқосуға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар барысына тоқталды. «Біздер аға ұрпақтың маңдай тері мен еселі еңбегін жоққа шығаратындардың қатарынан емеспіз. Сол себепті де, ардагерлеріміз қариясын қазынаға теңеген қоғамның құрметіне бөленіп отыр» деп сөзін бастады баяндамашы. Жалпы алғанда, тұрғындардың орташа өмір сүру жасы бүгінде жетпіс екі жасқа жетіп отыр. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының ілгері озғандығының да белгісі. Ардагерлердің ... Читать далее »

АСТАНА АУАСЫ ҚАЛАЙ ТАЗАРАДЫ?

Қазгидрометтің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, Астана еліміздегі ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалар тізіміне енді. Қаладағы атмосфералық ауаның ластану индексі 4,78 бірлікті құрады. Сол себепті қала әкімдігі алдағы үш жылда ауадағы зиянды заттарды 10 пайызға дейін төмендетуді қолға алып отыр. Бұл шаһар басшысы Әсет Исекешевтің «20 нақты бастама» бағдарламасының 11-қадамында атап көрсетілген. Бағдарлама аясында қоғамдық және жеке көліктерді газға көшіру есебінен сұйытылған табиғи газ базасында энергия­мен жабдықтау жүйелерін дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Жылу электр орталығының сүзгі жүйе­сін жаңғырту қажеттілігі туындады. Қала әкімдігінің жобасына сәйкес, қаланың экологиялық инфрақұрылымы, яғни, тұрғындарға жай­лы жағдай қалыптас­тыру ... Читать далее »