Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

Архив за день: 14 февраля 2017

МИНСКТЕ МЕРЕЙІ ТАСЫДЫ

Минск қаласында мәресіне жеткен шорт-тректен Әлем кубогында қазақстандықтар ерлер арасындағы 5 мың метрлік эстафетада үздік үштікке енді. Әлем кубогының қоры­тынды кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасында Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Айдар Бекжанов және Денис Никиша өнер көрсетті. Командалық жарыста бәрінен голлан­диялықтар жүйрік шықты. Одан кейінгі орында – ресейліктер. Ал отандастарымыз қола медальға қол жеткізді. Жалпы, Минскте өткен бұл дода біздің шорт-трек­шілер үшін сәтті өтті. 1 000 метр қашықтықта Нұр­берген Жұмағазиев екі рет қола жүлдегер атанды. Қорытынды кезеңде қор­­жынымыз қомпая түсті. Денис Никиша 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тақты. Ол бұл межені 41.219 ... Читать далее »

ЕЛОРДА ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен жексенбіде джиу-джитсудан ерлер және әйелдер арасында елорда чемпионаты өтті. Татамиге шыққан 90-нан аса қатысушы өзара мықтыларын анықтады. Үздіктері алдағы Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi халықаралық турнирінде және ҚР Кубогында Астананың намысын қорғайтын болады. Бұл қалалық біріншілік республикалық және халық­аралық көлемдегі турнирлерге іріктеу сайысы болып саналады. Соның бірі 26 ақпанда елімізде алғаш рет Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship халықаралық турнирі жалауын желбіретеді. – Спорттың бұл түрі соңғы кезде жақсы қарқынмен дамуда. Бұған біздің сайыскерлердің Азия құрлығындағы және әлем­дік деңгейдегі нәтижелері дәлел. Сондай байрақты бәсе­келер­дің бірі Қазақстанда ұйымдас­тырылатыны мүмкін­дігімізді ... Читать далее »

СЫРБАЗ СУРЕТКЕР

Қарт Қаратаудың қойнауын­дағы қояндай бұйығы жатқан Қыраш деген ауылда дүниеге келіп, жасынан елдегі ескі жырды термелеп айтатын көнекөз қариялардың әңгімелерін тың­дап, қара сөздің қайнарынан қанып ішіп, әдебиетке асау жылқыдай бұлқынбай-жұл­қын­бай, иірімі терең өзендей жылы ағыспен келген Жолтай Әлмашұлы ағамыз да асқаралы алпыстың төріне шығыпты. Әрбір шығармашылық тұлға – шыңырау құдық секілді жұмбақ әлемнің иесі. Әрине, әдебиетке ентелеп келу бар да, онда тұрақтап қалу қиын. Бір ойлы дүниесімен жарқ етіп, кейін мүлде көрінбей кеткен қаламгерлер де кездеседі. Бұ жағынан, біз сөз етіп отырған Әлмашұлының жолы болғандығын байқаймыз. Ал сіз оны қалай ... Читать далее »

ЖАҢАРҒАН ПОРТАЛ ЖАСАМПАЗ БОЛА МА?

Ғаламтор кеңістігінде осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жаңа нұсқасы оқырмандарға жол тартты. Назарбаев универ­ситетінде өткен жаңар­ған порталдың таныстырылымына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бастаған қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. «Есіл жағасына елорда орнаған сәттен Елбасының үндеуін қолдап, Астанаға самаладай жарық шашқан қаншама жазушы көшіп келді. Қазір бас қалада әдеби орта қалыптасты. Енді өзіміздің порталымыз бар. Осы портал әдебиеттің мүддесін көздесе, қорғаса деймін. Бүгінгі күндері әдебиетке де қорғаушы керек боп тұр, жас таланттар өсіп келе жатыр. Біздің заманымызда кітапты іздеп ... Читать далее »

Кәрім Мыңбаевты кім біледі?

Өткенге әділ баға беру – халықтың арына сын. Мойындау керек, қазақтан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы, ВАСХНИЛ академигі Кәрім Мыңбаевтың есімі мен еңбегі туралы көпшілік біле бермейді. Тіпті, өлімінің өзі жұмбақ күйінде қалған деседі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Мемлекет тарихы институтының ғалымдары Сейітқали Дүйсен мен Жабай Қалиев «Кәрім Мыңбаев» атты ғылыми-зерттеу еңбегін жазып шықты. Сонымен, Кәрім Мыңбаев кім? Қазақ ғылымында алар орны қандай? Бауыржан Момышұлының «Кәрімді қорқаулар өлтірді» деп ызаға булығуының астарында не бар? Осы мәселелер жөнінде кітап авторларымен тілдескен едік. Вавиловтың шәкірті – Кәрім Мыңбаев туралы айтқанда, аграрлық ... Читать далее »

Салғырттық саусақты сындырды

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты жол-серікке қатысты шешім шығарды. Ол қызмет барысында салғырттық танытып, салдарынан жас бала саусағынан айырылған. Оқиға «Сарыағаш-Аста­на» пойызында тір­келген. Шымкент станциясына тоқтағанда жолсерік есік­ті ашу және жабу бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамай, вагонның баспал­дақ маршын түсіру кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың саусағын қысып қал­ған. Осы жағдайдан кейін дәрігерлер баланың оң қолы­ның төртінші саусағын кесіп алып тастауға тура келген. Аталмыш оқиғадан кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолсерігіне адам денсаулығына орташа ауыр­лықтағы зиян келтірді деген айып тағылып, сот оған үкім кесті. Ал қайғыдан қан жұтқан баланың анасы кейіннен Астана қаласының ... Читать далее »

Қайыршыға айыппұл салды

Астана қаласының Әкім­шілік соты «Шабыт» ғимаратында өткен көшпелі сот отырысында 10 істі қарады. Ұсақ құқықбұзушылыққа нөл-дік төзімділік қағида­сын қалыптастыру мақса­тындағы шараға студенттер қатысты. Жалпы, көшпелі сот отырысында ҚР Әкімшілік  құқық­бұзу­шылық туралы кодекстің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойын­ша 8 азаматқа әкім­шілік айыппұл салынды. «Алкоголь­дік ішімдіктерді iшу немесе қо­ғам­дық орындарға масаң күйде келу» бабы бо­йынша бір жыл ішінде құқық­бұзушылықты  қай­та жасаған екі азамат екі тәу­­лікке  қамауға алынды. Сон­дай-ақ, «Қоғамдық орындарда тиісу», яғни 449-бап бойынша қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып жүрген азаматтарға да қатысты әкімшілік іс қаралды. Мәселен, 2017 жылдың 7 ақпанында бел­гісіз азамат Сабыр ... Читать далее »

Үйі жоқ жандар орталыққа жеткізілді

Арқаның аязында үй-күйі жоқ жандарды үсік шалуы мүмкін. Оның алдын алу мақсатында елордалық полицейлер демалыс күндері қаланың әрбір  қуысы мен бұрышын аралап, 114 адамды анықтады. Іс-шара кезінде қиын жағ­­дайға тап болғандарды жылу трассаларынан, жер­төлелерден, қараусыз қалған саяжайлар мен темір жол то­рабы маңайынан іздеді. Нәтижесінде, екі күн ішінде Астана қаласы Жергілікті полиция қызметінің мамандары осындай белгілі тұрағы жоқ 114 адамды тапты. Бүгінде олардың барлығының жеке басы анықталып, қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы нақтылануда. Арнайы әңгімелесу арқылы олардың түзу жолға түсуі үшін алдын алу жұмыстары қолға алынды. «Жедел алдын алу шарасы ... Читать далее »

МЕКТЕП АСХАНАСЫНА ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

Мектептегі оқушыларды тамақтандыру мем­лекеттік сатып алу жүйесіне тікелей байланысты. Осыған орай, кеше №32 мектеп-лицейде байқаудың кон­верттері ашылды.  Комиссия мүшелері құжаттардың ережеде көрсетілген барлық тиісті талаптарға сай болуын тексереді. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпорындар 20 ақпан күні белгілі болады. Мектеп пен мекеме арасындағы келісімшарт 1 наурызға дейін жасалынуы шарт. Ал төртінші тоқсанға қарай жаңадан қызмет көрсетуші тағайындалады. Осы жылғы мемлекеттік сатып алу конкурсының бір ерекшелігі – таң­далған қызмет беруші мектеппен бір жылға емес, үш жылға келісімшарт жасасады. Бұл ретте мектеп басшы­ларының да айтар ойы бар. «Мектеп директоры ретінде тағамның сапасы ... Читать далее »

Қысқы туризмді дамыту көзделуде

Елорданың Урбанистика орталығы «Аста­наны және агломерацияны орнықты дамыту жөніндегі кеңес» оты­рысының қарауына екі жобаны ұсынды. Оның бірі – Плейсмейкинг (placemaking) деп аталады. Яғни, динамикалық, орнықты және жайлы кеңістіктер құру дегенді білдіреді. Орталық басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, мұндай қоғамдық кеңіс­тіктердің өзіндік артықшылықтары бар әрі әлемнің түрлі қалаларында дәлел­денген. Урбанистика орталығы Астанада плейсмейкинг орындары ретінде 10 көшені таңдап отыр. Аталған жобалар сол көшелерде іске асырылады. Атап айтқанда, Бей­бітшілік көшесі, Тілендиев көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Абылай хан даңғылы, Мұңайтпасов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Момышұлы даңғылы, Жұмабаев көшесі квадраты; Мұңайтпасов көшесіндегі саябақ, Ақбұлақ жағалауы; Ғашықтар ... Читать далее »