Суббота, 27 Май 2017
-->

Архив за день: 7 февраля 2017

Астана» сұрмергені – Кабананга

1451965-asli

«Астана» футбол командасының шабуылшысы конголық Жуниор Кабананга Африка кубогының сұрмергені атанды. Камерун құрамасы топ жарған турнир барысында «астаналық» футболшы қарсыластар қақпасын үш рет дәл көздеді. Ал жаңа маусымға дайындық жүргізіп жатақан «Астана» жексенбі күні кезекті оқу-жаттығу жиындарына атта­нып кетті. Түркияда 22 ақпан­ға дейін жалғасатын жаттығу барысында Қазақстан чем­пиондары бес жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Ертең «Астана» украиналық «Александрия» командасымен кездеседі. 11 ақпанда – «Железничар» (Босния және Герцеговина), 14 ақпанда – «Заря» (Украина), 17 ақпанда – «Олимпия» (Словения), 21 ақпанда – «Арсенал» (Тула) командаларымен ойнайды. Станимир Стойлов командасында едәуір өзгерістер де ... Читать далее »

Мәскеуде жеңіске жетті

photo_89839-asli

Бокстан WSB сериясының кезекті чемпионаты басталды. «Астана арландары» бірінші жекпе-жегін Мәскеуде өткізіп, жаңа маусымды жеңіспен бастады.  «Patriot Russian Boxing Team» командасымен болған айқаста жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ең жеңіл салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов ұпай санымен Ботор Сагалуевқа жол беріп қойды. Есесіне 56 келі салмақта шаршы алаң иесі Артем Хотеновқа қарсы тұрған Ілияс Сүлейменов қарсыласын айқын басымдылықпен тізе бүктірді. Төрешілер астаналық боксшының мықтылығын бірауыздан мойындады. 64 келі салмақта ресейлік Радмир Абдурахманов біздің Ділмұрат Мажитовтан айласын асырып кетті. 75 келі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл да ерледі. Ол қарсыласы Раджаб ... Читать далее »

Қанжығада – 10 алтын

8366-41408359f22e7a4b0f4d385849102c5c-2-asli

Алматыда өтіп жатқан Бүкілдүниежүзілік Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша әзірге екінші орында келеді. Жексенбі күні Қазақстан құрамасы қоржынына екі медаль түсті. Шорт-трек жарысында бірнеше жүлде аламыз-ау деген үмітіміз ақталмай қалды. Сынға түскен спорт­шы­ларымыздың арасынан тек Нұрберген Жұмағазиев жүл­деге ілікті. Ол 1500 метрге жүгі­руден қола медаль иеленді. Ал аралас биатлон бәсекесінде Га­лина Вишневская, Дарья Усанова, Антон Пантов және Василий Подкорытов төрттігі күміс жүлдеге қол созды. Шайбалы хоккейден Қазақ­стан ерлер құрамасы жақсы өнер көрсетуде. Біздің студенттер Швеция құрамасын 4:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті. Енді олар ақтық кездесуге шығу ... Читать далее »

«ҚОШАҚАН» мәселесі шешілді

kbb_9164-2-asli

31 қаңтардың кешінде Жанна Шапенова есімді желі қолданушысы астаналық білім беру қызметкерлеріне бағыт­талған жазба қал­дырды. Онда №77 «Қошақан» мемлекеттік бала­бақ­шасындағы сын­ған орындықтың, жалғыз ғана кілем­нің және жарамсыз уни­таздың суреттері салынған. Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша 1 ақпан күні бала­бақшалардың жұмыс тәртібін тек­серетін арнайы комиссия құрылды. Facebook желісінде жария­ланған суреттер 23 желтоқсан күні «Құлыншақ» тобында түсірілгені анықталды. Қала­лық Білім басқармасы барлық топтарды тексеруге алды. Са­ни­тарлық бақылау жүргізілді, ойыншықтар мен кілем­дердің бар-жоғы анық­­талды. Мекеме мең­ге­ру­ші­сінің айтуынша, жел­тоқсан айында вирустық жұқ­па­лардың тарала бастауы­на бай­ланысты, кілемдер алынып тасталып, толық тазалау жұмыстары жа­салған. ... Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ «ТҰРМЫСҚА» ҚОЙҒАН ТАЛАБЫ

erm_3368-2-asli

Жақында Facebook әлеуметтік желісінде Н.Тілендиев көшесі, 36 мекенжайы бойын­ша тұрып жатқан тұрғындардың хаты жарияланды. Онда аталмыш үйдің тұрғындары қызмет көрсететін «Тұрмыс» ЖШС компаниясының жөнсіз қымбат тарифтерін сынға алып, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке істің мән-жайын анықтауға өтініш білдірді. «Астана ақшамы» газетінің редакциясы шырмауы көп, шеші­­мін күткен даудың себебін айқындауға тырысып көрді. Жазбадағы мәліметтерге сәйкес, «Тұрмыс» тұрғын­дардан коммуналдық қызмет­терді жоғары тарифтермен төлеуді талап еткен. Мә­селе ше­шімін таппаса, бұл жағ­дайдың соңы әлеуметтік қақ­тығысқа да әкеп соқтыруы мүмкін делінген. – «Тұрмыс» компаниясы біздің үйге екі жыл қатарынан қызмет көрсетіп келеді. Жылу беру маусымы ... Читать далее »

«Жағалау» жұрты белсенді

erm_3420-asli

Кеше аудан әкімі «Жағалау» мөлтек ауданындағы №71 орта мектептің базасында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун бастаған жауапты сала басшылары қатысты. Кеше аудан әкімі «Жағалау» мөлтек ауданындағы №71 орта мектептің базасында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун бастаған жауапты сала басшылары қатысты.  Аудан әкімінің айтуынша, есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету аясында 204 адам (46 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек алған. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 364 бала (121 отбасы) мемлекеттік жәрдемақы алса, 155 отбасына тұрғын үй көмегі берілді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі баланы үйде оқыту ... Читать далее »

ҮРКЕРЛІКТЕРДІҢ ҮМІТІ ЗОР

zah_3296-asli

Сенбі күні Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Үркер тұрғын алабындағы №69 мектептің базасында болып, халық алдында есеп берді. Үркер тұрғындары жиында қар күреу мен қоғамдық көліктердің кестеге сәйкес жүрмейтінін айтып шағымданды. Кездесуге Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бастаған қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты. Үркер тұрғын алабының құрылысы 2003 жылы басталған болатын. Небәрі 15 жылдың ішінде тұрғын алабы ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде өсті. Мысалы, Үркердегі 2 488 үйде бүгінде 12 368 адам тұрады. Сондай-ақ, Үркердегі 1 200 орындық мектепте 1700 бала білім алып, үш балабақша 760 баланы тәрбиелеп жатыр. ... Читать далее »

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАР КӨБЕЙЕДІ

kbb_9239-2-asli

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек кезекті есеп беру кездесуі аясында Поли­техни­ка­лық колледжде Жеңіс даңғылы, Мәскеу, М.Әуезов және Ә.Жангелдин көше­сінің тұрғын­дарымен жүздесті. Оған елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мен  қалалық мәслихаттың депутаты Мәжит Шайдаров қатысты. Жиынды Малика Бектұрова ашып, кездесудің мазмұнына қысқаша тоқталып, сөзді Сарыарқа ауданының әкіміне берді. Арман Тұрлыбек әдет­тегідей өткен жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, биыл жүзеге асатын жобаларды баяндай келіп, «бұл – жоспарлы жиын емес, аудан өмірінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақ­сартуға ықпалы тиетін кеңес деп санаймын» деп сөзін қорытын­дылады. Аудан басшысының баяндамасынан кейін тұрғындар өздерін мазалаған ... Читать далее »

ШЕТ АЙМАҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ

erm_9141-2-asli

Алматы ауданы әкімі Әділбек Сәрсембаев халыққа есеп беру кездесуі барысында шет аймақ тұрғындарының да сын-ескертпелерін тыңдады. №57 орта мектепте Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен өткен жиынға Промышленный, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарының жұртшылығы қатысты. Аудан әкімі Әділбек Сәр­сембаев көпшілікке өткен жылы атқарылған шаруа­ларды баяндап, биылғы жұ­мыстарды жоспарларда тұр­ғындардың талап-тілегі ма­ңызды екенін мәлімдеді. Был­тыр көгалдандыруда көп көңіл бөлінетін қаланың бұл бөлі­гінде 10 мыңнан аса көшет отырғызылыпты. Ал биыл «Алматыда» егілетін көшет­тердің санын 15 мыңнан асыру көзделуде. Кездесуге көкейкесті мәсе­лелерін көтеремін деп арнайы келген аудан халқының сөзінен бұл маңайда саяжай­ларға қатысты ... Читать далее »

ТАҒЫ ДА СИРИЯ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Кеше Астанада Сириядағы ахуалды реттеу­ге байланысты халықаралық кездесу өтті. Дүниежүзілік қауымдастық құлақ түрген Сирия мəселелері жөніндегі Астанада өткен келіссөздер нəтижесіне оң баға берген БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура 6 ақпан күні Астанада БҰҰ-ның қа­тысуымен техникалық кездесу өтеді деп жариялаған болатын. Осы кездесудің барысы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов «Астанада сириялық жағ­дайды реттеу бойынша Ресейден, Ираннан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Мұнымен қоса, Иордания өкілдерінің де қатысуы күтілуде. Күн тәртібіне жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату туралы режімді сақтау, оқ атуды ... Читать далее »