Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

Архив за день: 2 февраля 2017

Техникалық тұрғыда дамуға назар аударды

Талдыбек НҰРПЕЙІС, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы ерекше болып отыр. Бұл Жолдау мен осының алдында ғана жасалған Елбасының саяси үндеуі арасында тікелей байланыс бар. Өздеріңізге белгілі, тәуелсіз­ді­гі­міздің елең-алаңында, өткен ға­сырдың тоқсаныншы жылдарының басында елдегі жағдай қиын болды. Сол кезеңде экономика мен өндіріс тұралап қалды. Бұл кезде Президент елдің тағдырын шешуді ойлап, билік тетіктерін өз қолына алды. Ал арада 25 жыл өткенде ел еңсесін тіктеді, халықтың жағдайы едәуір жақсарды. Білім, мәдениет сынды əлеуметтік салалар алға басты. Қазір дамудың келесі кезеңінің ... Читать далее »

СҰРАНЫСҚА САЙ МАМАНДАР ДАЙЫНДАЙМЫЗ

Өмірзақ СҰЛТАНОВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулары еліміздегі өзекті мәсе­лелерді қамтып, өзіндік саяси мәні, әлеуметтік-эконо­мика­лық ерекше маңызы бар құжаттарға айнал­ғаны көпшілікке аян. Еліміздің өткеніне терең талдаулар жасалынып, алыс және жақын болашақты ойластырған дәстүрлі Жолдауларда стратегиялық және ке­­зек күттірмейтін ағым­дық мәселелер өз реті­мен шешімін табуда. Соның айқын айғағы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауы деп білеміз. Президентіміз онда еліміздің өткен даму жолын екі үлкен жаңару ... Читать далее »

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев №75 және №24 орта мектептерінде болып, халық алдында есеп берді. Халықты негізінен жылу беру, пәтер иелері кооперативі және апатты үйлерді сүру сынды әртүрлі әлеуметтік мәселелер мазалайды екен.  Бұл жиынға елорда әкімі­нің орынбасары Малика Бек­тұрова қатысты. Оның айтуынша, әкімдердің халық алдында есеп беруі билік пен халықтың арасын жақындастырады. – Мәселен, Есіл ауданында есептік кездесу биыл осымен 9-шы рет өткізіліп отыр. Бұл халыққа жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары, елімізде іске асырылатын реформалар мен бағдарламалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесуде айтылатын барлық мәселелер назардан тыс қалмайды. Өйткені, ... Читать далее »

Көкейдегі мәселе – қоғамдық көлік

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбековтің кезекті есеп беру кездесуі «Жастар» театрында Гёте, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, А.Затаевич, М.Тынышбаев және Біржан сал көшелерінің тұрғындарымен өткізілді. Жиынға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты. Жиналғандардың дені зей­нет жасындағы адамдар болды. Әкімнің баяндамасынан кейін алғашқы сұрақты елорда тұрғыны Қазбек Шәм­ше­динов қойды: – Алдыңғы жылдың 21 мамырында Құтпанов көшесі бойындағы үйім апатты болып танылып, сүрілген еді. Сол себепті, 29 мамыр күні Шыңғыс Айтматов көшесі 29 А үй мекенжайдан берілді. Бірақ осы уақытқа дейін үйдің құ­жаттарын өзіме аудара ал­май келемін дейді ол. Қала тұр­ғыны 27 қыркүйек күні Тұр­ғын ... Читать далее »

ӨНДІРІС ҚАШАН ӨРЛЕЙДІ?

Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек кезекті халыққа есеп беру аясында Өндіріс тұрғын алабында тұратын азаматтармен кездесті. Жиынды қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ашып, оның мазмұны мен мағынасы туралы қысқаша баяндап, сөзді Сарыарқа ауда­нының басшысына берді. Аудан әкімі өз баяндамасында өткен жылдағы аудан экономикасының дамуы мен жетістіктерін тізбелеп, нақты жүзеге асқан жұмыстар мен шараларды кеңірек таныстырды. Оның айтуынша, мешін жылында аталған тұрғын алабындағы 25 көшенің жолына қатты материалдар тө­селіп, Жолымбет көшесіне 15 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылған. Оған қоса, кейбір көшелер бойындағы арықтар орамдарын тереңдету мен шұңқырларды көму, абаттандыру және тұрғын ... Читать далее »

ЕСКІ ҮЙДІ КІМ ЕСКЕРЕР?

Кеше Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев «ТЭЦ-2» ұжымымен кездесіп, халық алдында есеп берді. Жиын барысында әкім тұрғындардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, кейбір мәселелерді сол жерде шешіп отырды. Аудан әкімнің айтуынша, аудан­ның әлеуметтік-экономи­калық жағдайы күн өткен сайын артып келе жатыр. Мәселен, бүгінде Алматы ауданының аумағында 382 мың тұрғын тіркеліп, өмір сүруде. Алайда ол халық санының кө­беюі экономика мен әлеу­мет­тік инфрақұрылымға белгілі дең­гейде ауыртпалық түсіретінін жасырмады. Бірақ соған қара­мастан ауданда ауқымды істер жасалып жатқанын өз баяндамасында Әділбек Сәрсембаев жан-жақты баяндады. – Күні кеше Мемлекет бас­­шысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы» тақырыбында ... Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Бұрнағы күні Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев халыққа есеп беру кездесуін бастады. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғимаратында өткен жиынға Қажымұқан, Кенесары, Сәтбаев және Петров көшелері мен Абай, Абылай хан, Тәуелсіздік даңғылдарының тұрғындары жиналып, көкейкесті мәселелерін көтерді. Кездесуге Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және қалалық мәслихат депутаттары, басқармалар басшылары қатысты. АУДАН ХАЛҚЫ КӨБЕЮДЕ Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев былтыр ауданда атқарылған жұмыстар жө­нінде қысқаша тоқталды. Елорданың қарышты дамуына Алматы ауданындағы ілкімді жұмыстар ықпалын тигізетінін айтқан әкім бүгінде бұл аумақта 382 мың тұрғын өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Жылдан жылға халқы кө­бейген ... Читать далее »

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ АЛҒА ЖЫЛЖЫМАЙДЫ

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хал­қымызға ар­на­ған «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты Жолдауы талқыланды. Жиынға жоғары оқу орнының ғалымдары мен студенттері қатысты.  – Елбасының халыққа Жолдауы қашан да ерекше маңызы бар оқиға саналып, алдағы таңда мемлекеттің дамуы мен экономикалық-әлеу­меттік саласының бағытын айқындап береді, – деп бас­тады сөзін университет ректоры. – Биылғы жолдаудың ерекшелігі – Мемлекет бас­шысы экономиканың техно­логиялық дамудың жаңа моделін ұсынып отыр. Бұл дегеніміз – ғылым мен инновация және адам капиталының сапасы көтеріледі деген сөз. Біздің ғалымдардың армандап жүрген ойлары Жолдауда жазылғандықтан, оған ... Читать далее »

ҚАЛА ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Мәслихаттың тұрақты отырысында елордалық туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру барысы талқыланды. Астана қаласы Инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Исабеков баяндама жасап, алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шараларына қатысты ақпарат берді. Бүгінгі күнде елордада іс­керлік, мәдени-спорттық туризм даму үстінде. Сонымен қатар, заманауи медициналық кластер алға озуына байланыс­ты осы саланың дамуына үлкен серпіліс бар. Баяндамашының айтуынша, туризм саласын жүйелі дамыту үшін 2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған. Онда алдағы халықаралық көрмені өткізу шаралары қамтылып, 2018 жылы Астана қаласын қаржы орталығына айналдыру көзделген. Көрме қарсаңындағы дайындық жұмыстарын талдағанда, «ЭКСПО-2017» ... Читать далее »

АСТАНАДА «ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ

Сәнді көйлек кигіміз келсе, он саусағынан өнер тамған тігіншіге тапсырыс береміз. Ең озық үлгі бойынша пішетін шеберден заманның ағымына сай киім күтеміз. Дегенмен, бүгінде тіккен костюмдері шамамен 500 жылға сәннен артта қалған маман да өзін мойындата алады. Мақаламыздың арқауы суретші-сценографтар Софья Тасмағамбетова және Павел Драгуновтың «Қыз Жібек» операсына дайындаған декорациялары мен костюмдері болмақ. Жүз есті­ген­нен бір рет көр­ген артық де­мек­ші, 10-11 ақ­пан күндері болатын премьераға да­йын­дық барысына көз жет­кізу үшін «Астана Опера» теа­тры­ның тігін цехына бас сұқтық. Есіктің тақ­тай­шасында «Фото және ви­део­тү­сірілімге рұқсат беріл­мейді» де­лінген. Алайда, фототілші екеу­мізге темірдей тәртіпті ... Читать далее »