Вторник, 25 Июль 2017
-->

Архив за день: 9 января 2017

Астанада қар жинамаған 12 ПИК-ке айыппұл салынды

Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағындағы қарды тазалауды бақылау бойынша рейд жүргізуде. Қалада қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл іс тек коммуналдық сала қызметкерлерінің емес, кәсіпкерлер мен тұрғындардың да мойнында. Олар қарды шаhар сыртына шығаруға міндетті емес. Өзіне тиесілі аумақты тазартса жеткілікті. Қардың дер кезінде тазартылмағаны үшін кәсіпкерлер мен тұрғындарға қомақты айыппұл салынбақ. Оның сомасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2017 жыл ... Читать далее »

«Алау» мұзайдын сарайында жаңажылдық марафон өтті

8 қаңтарда «Алау» мұзайдын сарайында жыл басында бастау алған жаңажылдық марафон аяқталды. Шара аясында келушілер Аяз ата, Ақшақар және Супермен сынды кейіпкерлердің қатысуымен әзірленген «Мұздағы ертегі» бағдарламасын тамашалады. Бұған қоса,  тұрғындар ертегілік бағдарламаларға қатысып, аквагрим жасап, сыйлықтар алды, уақытты көңілді өткізді. Қаңтардың 2-сі мен 8-сі аралығында марафонға 17 725 адам (билет бойынша) және 7 жасқа дейінгі 1905 бүлдіршін, І және ІІ топтағы мүгедектер мен көпбалалы отбасының балалары және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Мұздағы ертегі күн сайын 5 рет ұйымдастырылған болатын. Мультфильмдердің танымал кейіпкерлері балаларға ертегі сыйлап қана қоймай, құнды тартулар ... Читать далее »

Өткен демалыс күндері Астанада 2400-ге жуық азамат тіркеуге тұрды

Елордада өткен демалыс күндері көші-қон полициясының қызметкерлері 2400-ге жуық азаматты тіркеуден өткізді. «Көші-қон заңнамасындағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұру туралы жаңа ережелерге байланысты, 7-8 қаңтар күндері Астана қаласының ІІД көші-қон полициясы қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халықты қабылдау өткізді. Аталған орталықтарда халыққа қолайлы жағдай жасау үшін және азаматтардың тіркелу үдерісінен жедел өтуін қамтамасыз ету мақсатында, қала аудандарындағы халықтың тығыздығына байланысты көші-қон полициясының жұмыс уақыты төрттен алтыға дейін ұзартылды. Демалыс күндері Астана бойынша жалпы 6500-ден астам адам тіркелді, оның ішінде 2400 азамат уақытша тіркеуге тұрды», – деп атап өтті Астана қаласының ... Читать далее »

Елорда аумағында қар жинау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Үстіміздегі жылы жауын-шашынның мол түсуіне орай қалалық коммуналдық қызметтермен механикаландырылған жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде. Елорда аумағын санитарлық тазарту жұмыстары белглі бір механизм бойынша кезең-кезеңмен жүргізіледі: Бірінші кезең қар молынан жауғанда қолға алынады. Тырмалы-щеткалы қондырғымен жабдықталған арнайы машиналар қарды жолдың жиегіне жинайды; Механикаландырылған жинаудың келесі кезеңінде автогрейдерлер жұмысқа кіріседі. Олар жиналған қарды үйіп тастайды. Содан кейін табанды тиегіштердің көмегімен қар КАМАЗ-дарға салынады. Ең соңында қар Железнодорожный кентінде, «Қосшы» ауылының маңында «Рубеж» бекетінің сыртында және Астраханка тас жолындағы полигонға шығарылады. Күшейтілген режимде жұмыс істегенде қар қала аумағында орналасқан уақытша қоймалау үшін арнайы станцияларға ... Читать далее »