Четверг, 17 Август 2017
-->

Архив за день: 6 января 2017

Жаңа бағдарлама шеңберінде 1,5 мыңнан аса адамды қажет мамандықтарға оқыту жоспарланған

2017 жылы жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру көзделген, ол қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен, және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз етуді қарастырады. Аталған бағдарлама қолданыстағы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын алмастырады. Жаңа бағыттың шеңберінде 1550 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, және 2780 адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен, жастар тәжірибесімен және қоғамдық жұмыстармен қамту жоспарланған. Жалпы, 2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 14 010 адам жүгінген, соның ішінде 10 496 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған, бұл жұмысқа орналасуда көмек сұрап ... Читать далее »

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ: «АЛМАС ҚЫЛЫШ» – ҚАЗАҚ КӨПТЕН КҮТКЕН ФИЛЬМ

5 қаңтардан бастап «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына тарту болған кинотуындының тұсаукесері мереке күндері Астана және Алматы қалаларында өтті. Алғашқы көрермендердің бұл фильмнен алған әсері әртүрлі болды. Көрген адамдардың арасында мақтағандар да, сынағандар да табылды. Анық-қанығына жету үшін біз осы кинодастанның түсіру тобында болып, диалогтарын жазған өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙМЕН сұхбаттастық. Өнертанушы кейінгі жылдары үлкен экранға жол тартқан «Аманат», «Анаға апарар жол» сынды фильмдердің жарық көруіне де сүбелі үлесін қосты. Бірақ бұл жолы «Алмас қылыштың» төңірегінде ғана әңгімелесуді жөн көрдік. – ... Читать далее »

Астанада лифтерді модернизациялау сәтті жүргізілуде

Бүгінгі күні елорда аумағында жалпы ауданы 21 млн шаршы метр болатын 2 431 көп пәтерлі (көп қабатты) тұрғын үй орналасқан. Сонымен бірге, Астанада 5 516 лифт тіркелген, оларға 47 мамандандырылған ұйым қызмет көрсетеді. ТКШ модернизациялау шеңберінде 2011-2015 жылдар аралығында 60-тан аса лифт алмастырылды. Бүгінгі күні пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт алмастыруды қажет етеді. Лифт жабдықтарының аз уақытта тозуына тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде лифттерді шамадан тыс жүктемемен пайдалану жиі себеп болады, осыған байланысты қаладағы лифтердің 20%-дан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. 9 қабатты тұрғын үйдегі бір лифтті алмастыруға 6-8 ... Читать далее »

Өткен жылы автопатруль полицейлері 230 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтаған

Қаланы көлікпен патрульдейтін елордалық полиция қызметкерлеріне артылған жауапкершілік зор. 1 қаңтардан бастап таяқшалар қолданыстан шығарылғандықтан, пультке бейнебақылау камераларынан түсетін дабылдар және 102 номері бойынша шағымдар көбейген. Сол себепті қазір жол полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзудан бастап қолғамдық орындарда темекі тартуға дейін барлық бұзушылықтарға әрекет етеді. Тәртіпті көліктерінен бақылайтын полиция қызметкерлерінің жұмыс күні Жол-патрульдік полицияның полкіндегі нұсқаулық шарасынан басталады. Ол жерде экипаждарға ақпарат беріліп, бағдарлаулар табыс етіледі, осыдан кейін сақшылар өз бағыттары бойынша жұмысқа кіріседі. Олар елорданың үш ауданы бойынша патрульдеу жүргізеді, бір учаскелік полиция бекетіне бір автопатрульден келеді. Патрульдеу тиімділігін ... Читать далее »

Астанада биылғы жылы бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды

Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайлары күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды.  Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған. Ал жалпы, жиналған қардың көлемі үш млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойынша бұл көрсеткіштер жиналған қардың көлемінен бірнеше есе артық. Өткен жылдарға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылы 3,2 млн тонна, 2015 жылы ... Читать далее »