Monthly Archives: Қаңтар 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Құрметті қазақстандықтар! Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 …

Ары қарай оқу

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІЛІСТЕР

Бұрынғы адамдар «Ғылым – теңіз, білім – қайық» деп тегін айтпаған. Расында, адамзат баласы озық білімнің арқасында бүгінгі технологиялық жетістікке жетіп, оның ырыздығын көруде. Әсіресе, биыл білім саласында жаңалық көп. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы жүзеге асып, ғылым қуып, ғалым боламын деген жас­тарға кең жол ашылып, жеткіншектердің тәрбиесіне назар аударылмақ. ОН МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Еліміздегі демографиялық жағдайға қарап, алдағы таңда білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің …

Ары қарай оқу

КӨКТАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Астанада аудан бас­шы­ларының кезекті есеп беру жиындары басталды. Кеше елордадағы Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек  алғашқы кез­десуін Көктал тұрғын ала­бынан бастады. Оған қала әкімінің орын­басары Андрей Лукин қатысты. АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК Алдымен аудан басшысы өз баяндамасында өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталды. Оның айтуынша, мешін жылындағы халыққа есеп беру кездесулерінде тұрғындардан 97 сұрақ түсіп, оның 88-і түсіндіріліп, 9-ы бақылауға алынған. Соның нәтижесінде жұртшылықтан түскен ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік берген. – Өткен жылы ауданға қарас­ты Ақмола және Наурыз көше­лері қоғамдық көлікке ыңғайлы болу үшін абаттандырылып, …

Ары қарай оқу

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ЕРТЕҢІ

Кеше аудан әкімдерінің халыққа есеп беруі кездесуінің аясында Есіл ауданының басшысы Ермағанбет Бөлекбаев «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ ұжымымен жүздесті. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, сөз сөйлеп ашқан шарада аудан дамуының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары баяндалып, алда атқарылар жұмыстар таныстырылды. Астана әкімдігінде елорданы 2020 жылға дейін дамыту бағыттары белгіленіп, соған сәйкес «20 нақты бастама» атты бағдарлама әзірленді. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарламада көрсетілген міндеттерге сай қимылдайтындықтарын айт­қан Е.Бөлекбаев, әсіресе, «ЭКСПО-2017» халық­ара­­­­лық мамандан­дырылған көр­­месі қарсаңында аудан басшылығының алдына ауқым­ды межелер қойылғанын атап өтті. Есіл – Сарыарқа мен Алматы аудандарына …

Ары қарай оқу

Әлеуметтік төлемдер: халық қанша ақша алады?

Қаңтар айынан бастап бюджет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер 9 пайызға өсті. Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу  орталығы жаңа жылдың басынан бастап азаматтарға жаңа мөлшерлеме тағайындады. Біздің мақсатымыз – біреудің қалтасын санау емес, керісінше, зейнетақы мен жәрдемақының жаңаша төлеммен жүргізу тәртібін түсіндіру. Бір бала туса, бір түп жусан артық шығады Әлеуметтік жәрдемақы, әсі­ресе, әйелдерге көп төленеді. Бір бала туса да, бірнеше бала туса да белгіленген тәртіппен тағайындалады. Биыл бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 71 270 теңге жөргекпұл беріледі. Төртінші және одан көп туғанға 118 783 теңге тағайындалған. Сала мамандарының айтуынша, егіз …

Ары қарай оқу

Қаланың көрікті болмағы ағашынан

Қала әкімі Әсет Исекешев Астананың қала құрылысы кеңесінің отырысына қатысып, елорданы көгалдандыру және абаттандыру, қала аумақтарын үйлесімді дамытуға қатысты мәселелерді қарады. «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты дирек­торының орынбасары Бақтыбай Тайталиев, қаланы көркейту, демалыс орындарын тиімді орналастыру жобаларымен таныстырды. Онда жаяу жүргіншілер мүдделерін қамти отырып көлік стратегиясын жүзеге асыру, қоғамдық кеңістіктерді көркейту көзделген. Осы ретте ғимараттардың қасбеттерін безендіруде оның эсте­тикалық тартымдылығына мән беру, сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыру, навигациялық көрсеткіштерді орналас­тыру қарастырылған. Жобалаушылардың айтуынша, шет аймақсыз шаһар қағидасымен рекреа­циялық аймақтары бар гүлбақтармен және тиісті инфрақұ­рылымы бар по­лицентристік қала жасау көзделуде. Мамандардың …

Ары қарай оқу

АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ УНИВЕРСИАДА

Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде Дүниежүзілік XXVIII қысқы Универ­сиа­даның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ха­лықаралық студенттер фе­дерациясының прези­денті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысып, ел қуанышына ортақтасты. Универсиада үшін арнайы са­лын­ған «Алматы Арена» 12 мың адамның осынау айтулы шараны тамашалауына мүмкіндік туғызды. Сәйкесінше, спорт кешенінде ине шаншар жер қалмады. Салтанатты кеш бағдарла­масы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идея­ны ашуға негіз­делген екен. Ол «Кіріспе», «Жас­тар – Өмір – Еркіндік», «Энергия: Жер – Су – Жел – От» және «Болашақ» деп аталатын 4 негізгі …

Ары қарай оқу

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесі

Құрметті қазақстандықтар! Қасиетті Отанымыз Тәуел­сіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді тү­бегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белес­тің алдында тұрмыз. Ертең, қаңтардың отыз бірінде менің халыққа Жолдауым бұқа­ралық ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Ол еліміздің экономикалық да­муының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік …

Ары қарай оқу

Ұлттық музей «ҰЛЫ ТҰЛҒА ҰРПАҚТАРЫ» жобасын бастады

ҚР Ұлттық музейінде осыдан екі жылдай бұрын бастау алған «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының аясында музей қорына 2500-ден астам жәдігер тапсырылды. Бұл жәдігерлер Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай қалаларында өткен шаралар барысында жинақталып, жақында Ұлттық музейде «Алғыс тақтасы» ашылды.  Осы акцияның шеңберінде музей ұжымы «Ұлы тұлға ұрпақтары» аталатын жобаны бастап отыр. Қазақ елінің тарихынан ойып тұрып орын алған, әр салада жаңашылдығымен көрінген танымал тұлғалардың ұрпақтарымен тығыз байланыс орнатуды, тектінің тұяқтары туралы ақпарат жинау және жиналған мәліметтер негізінде деректер қорын жасауды көздеген аталмыш жобаның ағымдағы апта ортасында таныстырылымы өтті. Алаш …

Ары қарай оқу

Астанада атына көше берілген Жәнібек Тархан туралы не білеміз?

Астана төрінде қазақтың бағына туған батырлардың құрметіне берілген көше аттары көп. Солардың бірі –Жәнібек Тархан көшесі. Ұзындығы екі шақырымға созылған көше ертеректе Смакотин атымен аталған. Тек 1997 жылы батырдың есімі берілді. Жәнібек Тархан көшесі Рес-публика даңғылынан басталып, Пушкин көшесінде аяқталады. Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мә­ме­това, Шолпан Иманбаева, Рақымжан Қошқарбаев, Шо­қан Уәлиханов, Тараз, Асан қай­ғы, Бақтыораз Бейсекбаев, Ахмет Жұбанов көшелерімен қиы­лы­сады. Ұзындығы – 2320,4 м. Бұрын көзге көріне бермейтін кішігірім көшеде бүгінде зәулім үй­лер тұрғызылып, шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Тархан Жәнібек Қошқарұлы (1693-1752) – қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы …

Ары қарай оқу