«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

100 жылдыққа – 100 түп ағаш

0 16

Биыл «Egemen Qazaqstan» газетіне  тұп-тура 100 жыл толады. «Ұшқын» деген атаумен алғаш шыққан басылымның ғасырлық тойы қарсаңында  біраз іс-шара жоспарланып отыр.


Оның алғашқысы болып бас қаламыздағы Есіл ауданындағы аллеяда 100 түп ағаш егілді. «Жүз жылдыққа – жүз ағаш» атты жиынға Мәжіліс депутаттары, ардагер журналистер, БАҚ басшылары, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.
– «Egemen Qazaqstan» газетінің мерейтойы аясында өтіп жатқан әр іс-шараның маңызы өте зор. Міне, Нұр-Сұлтан қаласының төрінде жүз көшет отырғызу үшін бас қостық. «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» дейді ғой, сондықтан да бүгін отырғызылатын ағаштарымыз үлкен саябаққа айналсын! Өсіп келе жатқан ұрпақ бұл саябақты біздер «Egemen Qazaqstan» газетінің құрметіне еккенімізді біліп жүрсін»,  деді Дәурен Абаев ағаш егу шарасында.
Таңертеңнен басталған игілігі мол шара ауызашар уақытында Ұлттық музей ғимаратында жалғасын тапты. Халықаралық музей күні мерекесіне орай ұйымдастырылған көрмеге жиналған жұрт қарасы мол болды. «Жүз жылдық жылнама» атты көрмеде жұртшылық назарына газеттің өткен тарихынан сыр шертетін түрлі жәдігерлер ұсынылды. Олардың арасында «Ұшқын» деген атаумен жарияланған газеттің алғашқы нұсқалары, ақ-қара түсте ғана түсіретін фотоаппараттар, 1904 жылғы «Continental Wanderer» атты жазба машинасы секілді түрлі тарихи жәдігерлер бар. Көрме 18 маусымға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды