«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«100 жаңа есімге» кім лайық?

0 17

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Елордалықтар 1 қарашаға дейін жобаға қатысу өтінімдерін бере алады.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен Жастар жылы болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің та­рихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған.Үміт­­керлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қа­занынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдас­тырушылар елорданың мәдениет, денсау­лық сақ­тау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қыз­мет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жат­қан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды