«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

100 тұрғын үй сертификаты беріледі

0 13

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер пен полицейлерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 млн теңгеге жыл соңына дейін 100 тұрғын үй сертификатын беруді тапсырды.


Елорда әкімдігінің сайты хабарлағандай, қала басшысы Астана бюджет саласы қызметкерлеріне баспана алуға қажетті жағдайлар туғызуға бағытталған жаңа тұрғын үй бағдарламасын дайындаған бірінші қала болып табылатынын мәлімдеді.
«Бұл бағдарлама барын­ша қолжетімді болуы үшін халықтың жеңілдікті пайда­ланатын топтарына ал­­ғашқы жарна төлеуге жар­тылай жәрдемақша бөлудің қосымша тетіктері қарастырылуда» деді Бақыт Тұрлыханұлы. Ол халыққа баспана алуда қайтадан да­йын­далған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның маңызды серіктес екенін атап өтті. «Елорданың білім беру ұйым­дарында үйдің кезегінде тұрған 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 4997 медицина қызметкерлері, 2682 ІІД-нің қызметкерлері де баспанаға мұқтаждар тізімінде тұр. Бұл салалар азаматтардың өмір сүру сапасына ықпал етеді. Сондықтан, ең алдымен, осы топтағы адамдарға көмектесуіміз керек» деді Астана активінің басқосуында «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды